Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
WorldSkills-2021 талаптары жеңіл автокөлік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жеңіл автокөліктерді жөндеу және оларға қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша конкурстық тапсырмалар
WorldSkills Kazakhstan -2020
Түркістан 2020ж.
1. Кәсіби құзіреттіліктің түрі және атауы
Кәсіптік құзыреттілік атауы
Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету.
Кәсіби құзыреттілік сипаттамасы.
Құзыреттілік келесі негізгі узелдер мен агрегаттар бойынша білімділікті қамтиды.
- Қозғалтқышты басқару жүйесі
- Тежеу және тұрақтандыру жүйесі
- Электр және электроника
- Қозғалтқышты диагностикалау
- Жөндеу
Автокөлік техникасының мамандары осы жүйелердің жұмысын, ақауларын жоюды, жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және жөндеу жұмыстарын жүргізе білуі тиіс. Тапсырманы орындау үшін жұмысқа берілген нұсқаулықтар мен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету қажет.
Құжаттамалар
Барлық сарапшылар мен байқаушылар техникалық сипаттаманы білуі керек.
Техникалық сипаттар арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда техникалық сипаттаманың, тұп нұсқасы басымдыққа ие болады.
Қосымша ақпарат
Техникалық сипаттама тек кәсіби мәселелерге қатысты.
Техникалық сипаттаманың төмендегі құжаттарымен танысуға болады:
- WSI - конкурс ережелері;
- WSI-online ресурстардың осы құжаттағы үлгісіне сәйкестігі;
- Мемлекттік еңбекті қорғау және денсаулық сақтау саласындағы заңнамалары
Кәсіби шеберлік және жұмыс көлемі
Конкурстың мақсаты - бұл кәсіби дағдыларды көрсету. Сынақтар тек практикалық тапсырмалардан тұрады.
Кәсіби біліктілігінің деңгейі:
Конкурсқа қатысушы жеңіл автокөлікті жөндеу кезінде келесі дағдылар мен білімдерге ие болуы керек.
Қатысушы міндетті:
- еңбек қауіпсіздігін білу және басқаларға көрсете білу;
- техникалық деректерді және нұсқауларды жазбаша немесе электрондық нысанда оқи білу;
- өлшеу құралдарын пайдалану және жөндеу ережелерін білу
(механикалық және электрлі);
- жұмыстың қауіпсіз және ұтымды ұйымдастырылуын білу;
- қызметкерлерге арналған ауызша, жазбаша және электрондық коммуникациялық технологияларды орындау;
- компьютерлік дағдыларды меңгеру (автокөліктің агрегаттарі мен механизмдерін компьютерлік диагностикалау).
Қатысушы автокөлікті диагностикалау кезінде міндетті:
- автомобиль жүйелерін диагностикалау, тестілеу және қажетті жерін анықтай отырып жөндеу;
- заманауи диагностикалық жүйелер мен жабдықтарды пайдалануды.
Конкурс талаптары
Тапсырмаларды орындаудың жалпы уақыты 5-тен 7 сағатқа дейін.
Конкурсқа қатысушы өз бетінше жұмыс істеуі керек. Тапсырманы бірнеше кезеңге бөлуге болады. Әрбір тапсырма мыналарды қамтиды:
- техникалық сипаттамасы;
- нұсқаулық; (тапсырманы орындау үшін)
- есеп беру бланкілері;
- конкурстық алаңның басшысы үшін нұсқаулық.
Тапсырмалар Opel Vectra 1.6 куб. автомобильдерінде жүзеге асырылады.
Әрбір тапсырма бірнеше кезеңнен тұруы мүмкін. Барлық тапсырмалар төмендегі жүйелердің біреуін қамтуы керек. Тапсырмаға диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кіреді.
-
Мақсаттары:
-
Алынған теориялық білімдерін бекіту формалары мен әдістерін жетілдіру.
-
Болашақ мамандардың оқығандығы мен шеберлік деңгейін анықтау.
-
WSK чемпионаттарына қатысу үшін кандидаттарды іріктеу.
-
Чемпионат жалпы және кәсіби құзыреттерді анықтаудан құрылады және W-S халықаралық қозғалысының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен талаптарына сәйкес мазмұны бар практикалық модульдерді енгізеді.
-
«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және оларға қызмет көрсету» құзыреті бойынша чемпионат үш модульден тұрады:
Модул атауы және орындау уақыты кесте-1 көрсетілген
Кесте- 1. Модул атауы және орындау уақыты
№ п/п |
Модульдің атауы |
Уақыт |
Тапсырмаға берілетін уақыт |
1 |
Ішкі жану қозғалтқыштын ақауын анықтау, бөлшектеу, бөлшектерін ауыстыру және жинау |
С1,С2 |
3 сағ |
2 |
Механикалық беріліс қорабын бөлшектеу және құрастыру |
С1,С2 |
2 сағ |
3 |
Автомобильдің электр жабдықтарын диагностикалау және жөндеу |
С1,С2 |
1 сағ |
-
Бірінші «А» модулі – практикалық.
«А»-Ішкі жану қозғалтқышы (OPEL VECTRA бөлшектерін ауыстыру) конкурсант белгіленген тәртіп бойынша қозғалтқышты ақауын анықтау, бөлшектеу, негізгі бөлшектерін өлшеу, қажет болған жағдайда ауыстыру және жинау қажет.
Ішкі жану қозғалтқышы : OPEL VECTRA
Қозғалтқышты шашу:
-
ГТМ жетегінің тісті белдігін шешу
-
Тартқыш роликтің болтын босатыңыз
-
Үйлестіру білігінің тісті тегерінен ГТМ-нің белдігін ажыратыңыз
-
Цилиндрлер блогының бастиегін алыңыз
-
Цилиндрлер блогының бастиегі қақпақшасын алыңыз
-
Цилиндрлер блогының бастиегінің бекітпелерін шешіңіз
-
Майлы түпқоймасын шешіңіз
-
Майлы түпқоймасын бекіту бұрандамаларын бұрап алыңыз
-
Майлы түпқоймасы мен оның төсеуін алыңыз
-
Майлы сорғысын шешіңіз
-
Майлы түпқоймасының қалқасын майқабылдағыштан ажыратыңыз
-
Майқабылдағышты бекіту бұрандамаларын бұрап алыңыз және май сорғысынан майқабылдағышты алыңы
-
Майлы түпқоймасы мен оның төсеуін алыңыз
-
Шатун мен поршеньді шешіңіз
-
Иінді білікті бұрап,(ТӨН) төменгі өлі нүктеге №1 цилиндр піспегін орнату.
-
Бұлғақты мойынтірек қақпақшасына және олардың бұдан әрі дұрыс орнатылуы үшін шатунына белгілер қойыңыз
-
Цилиндр қабырғасының жоғарғы бөлшегіндегі өндірімінің болуын саусағыңызбен тексеріңіз және
-
Балғаның ағаш сабымен бұлғағы бар піспекпен қоса итеріп шығарыңыз
-
Тиісті өлшеу құралдарымен цилиндр қабырғасын тексеріп, белгілеу парағына жазыңыз, қажетті сақинаны таңдаңыз.
-
Иінді білік мойнымен бұлғақ мойнын тиісті өлшеу құралымен тексеріп, белгілеу парағына жазыңыз, қажетті төсенішті айырбастаңыз
-
Бұлғаққа бұлғақ қақпашасын орнатыңыз және бұлғақ қақпашасын бекіту бұрандамаларын ораңыз
-
Қалған цилиндрлер жинағындағы бұлғақтары бар піспектерін шешіп алыңыз
-
Бұлғақтар мен піспектердің өзара орналасу белгілерін қойыңыз. Жинақтау барысында бұлғағы мен қақпашасының құйылулары қозғалтқыштың алдынғы жағына бағытталуы тиіс
Қозғалтқышты жинау:
-
Қозғалтқышты жинақтау үшін цилиндрлер блогын орнатыңыз
-
Цилиндрлер блогын картерымен төмен қаратып орнатыңыз
-
Піспек сақиналарын орнату
-
Піспекті сақиналарының жиынтығы. Піспекті сақиналарын шешуге және орнатуға арналған алынғыш. Сақинасындағы «ТОР» жазбасы піспектің түбіне қарай бағытталу тиіс
-
Піспек сақиналарының құлыптарын ажырату
-
Сақиналарды олардың құлыптары 120° бұрышта бір-біріне қарайтындай етіп бағдарлаңыз. Күрделі май салғыш сақинаның жоғарғы және төменгі сақиналарының құлыптары кеңейту құлпынан оңға және солға 25~30 мм-ге сәйкес ара қашықтығында болуы тиіс. Орнату барысында сақиналарының формасын өзгертпеу немесе сындырмау үшін қажетінен артық кермеңіз
-
Шатунды ішпектерін орнату
-
Бұлғақты ішпектерінің жиынтығы, м/қ сулықтары
-
Шатундары бар поршеньдерді қозғалтқыш цилиндрлеріне салу
-
Піспек сақиналарын қысуға арналған жақтау , ағаш сабы бар балға
-
Шатундарды иінді біліктің мойынымен біріктіру
-
Иінді білікті қолмен бұраңыз — ол жеңіл және жұлқусыз айналуға тиіс
-
Май сорғысын орнату
-
Май сорғысын май қабылдағышпен біріктіріңіз
-
Май сорғысын орнатыңыз және болтарын белгіленген күшпен қысыңыз
13. Май сорғысын орнатыңыз және болтарын белгіленген күшпен қысыңыз
-
Қозғалтқышты аударып қойыңыз және оны қалыпты күйде орнатыңыз
-
Цилиндрлер блогының бастиегін төсеуін орнатыңыз
-
Болттарын бекіту – алдын-ала қысу
-
– соңғы қысу
-
Цилиндрлер блогының бастиегінің қақпақшасының жаңа төсеуді орнатыңыз
-
Цилиндрлер блогының бастиегінің қақпақшасы орнатыңыз және болттарын бекітілген күшпен тартыңыз
-
Тісті белдігін орнату
-
ГТМ жетегі тісті белдігінің керіп кигізілетін ролигін орнатыңыз, роликтің осі күштеп айналатындай етіп керіп кигізілетін ролигін бекіту бұрандасын тартыңыз
-
ЖӨН-дегі № 1 цилиндрі піспегінің сәйкес қалпына үйлестіру білігін бұраңыз, яғни, цилиндрлер блогы бастиегінің жазығымен тегершіктегі белгісі қиысуына дейін
-
Шкив белгілерін қиыстырыңыз
-
Аралық білікті бұрып, аралық және иінді біліктердің тегершіктеріндегі белгілерін қиыстырыңыз; – ГТМ жетегінің тісті белдігін орнатыңыз және оның керіп тартылуын тексеріңіз
-
Екінші «В» модулі – практикалық.
Автокөліктер: OPEL VECTRA.
«В»-Механикалық беріліс қорабын бөлшектеу және құрастыру.
Қатысушы қажетті талаптарға сәйкес Механикалық беріліс қорабының ақауын анықтау, жою, бөлшектеуді және құрастыруды орындауы қажет.
Беріліс қорабын шашу:
-
Артқы қақпақты ашу Бесінші беріліс механизміндегі детальді шешу
-
5-ші беріліс тегершіктерінің бекіту қақпақшасының бұрандасын бұрап алу, беріліс қорабының картерінен қақпақша төсеуін алу
-
5-ші берілімді қосу айырын бекітудің екі бұрандасын бұрап алу
-
Бағыттағыш штифті алыңыз
-
5-ші берілімді қосу айырын ажыратыңыз
-
5-ші берілім синхронизаторының сырғанақ муфтасын жылжытып, бір уақытта артқы және бесінші берілімді қоса, айналып-бұрау біліктерін бекітіңіз
-
5-ші берілім тегершіктерін бекіту бұрандаларын бұрап алыңыз
-
5-ші берілім синхронизаторының сырғанақ муфтасын төмен қарай жылжытып, артқы және бесінші берілімді ажыратыңыз
-
М10х20 бастапқы білік бұрандасын шет жағының бұрандалы тесігіне тегершік алынғышын бұрап бекіту алдында енгізу- бұл бұранданы зақымдаудан сақтандырады.
-
Бастапқы біліктің бесінші берілім тегершігін алынғышпен шешіп алыңыз
-
Бұрандасын бұрап алып, екі бағыттағыш штифін алыңыз
-
I–II, III–IV және V берілім айыр сояуыштарын шешу
-
Берілімдерді қосу айырларын бекіту бұрандаларын бұрап алу және сояуыштарын шығарып алу
-
Берілімдерді ауыстыру механизмін шешу
-
Берілімдерді ауыстыру механизмінің білігін шешу алдында оны бос жүріс жағдайына ауыстырыңыз, екі бекіту бұрандасын бұрап алыңыз және берілім қорапшасы картерінен білігін алыңыз
-
Екінші білік тіреуіштерін алу
-
Екінші біліктің тіреулерін бекіту, бұрандаларын босатыңыз және кері бұраңыз
-
Берілім қорапшасының картерін шешу
-
Бекіту бұрандаларын кері бұрап, берілім қорапшаларының картерін тіркестіру картерінен ажыратыңыз
-
Май деңгейін көрсететін тығынды алу
-
Берілім қорапшасының май деңгейін тексеру және құю тесігінің тығынын бұрап алыңыз
-
Магнитін алу
-
Картер ұяшығынан магнитті алыңыз
-
Спидометр жетегін алу
-
Тіркестіру картерінің ішкі жағы тарапынан спидометр жетегін шешіп алыңыз
-
Артқы жүріс механизмінің бөлшектерін шешу
-
Артқы жүрісті қостыру білігін ұстайтын бұрандаларды босатыңыз және кері бұраңыз
-
Бекіту бұрандасын кері бұраңыз және артқы жүріс берілімін қосу айыры мен қайтару серіппесін шешіңіз
-
Артқы жүрістің тегершік білігі мен аралық тегершігін алыңыз және артқы жүріс тегершігін шешіңіз
-
Бастапқы және қосымша біліктері мен дифференциалын шешу
-
Картерден бастапқы және қосымша біліктері мен дифференциалды алыңыз
Беріліс қорабын жинау:
-
Трансмиссиялы маймен барлық жұмыс істейтін бөлшектерін жинақтау алдында жеткілікті түрде майлау
-
Берілім қорабы картерлері мен тіркесуінің ішкі және сыртқы беттерінің таза болуын тексеріңіз
-
Тіркесуі орнатылатын жағы төменге қарайтындай етіп, тіркесу картерін орналастырыңыз
-
дифференциал мойынтіректерін майлаңыз және картерге спидометр жетегі тегершіктерімен дифференциалды орнатыңыз