Тақырып бойынша 11 материал табылды

XIV-XVI ғасырлардағы Ноғай ордасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың негізгі ұғымдары: Ноғай мемлекетінің құрылысы мен саяси тарихы. Ноғай Ордасының гүлденген кезеңі және ыдырау себептері. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірді мекендеген түрік тайпалары, олардың басқа елдермен қатынастары. Жана сабаққа кіріспе бұрын үйге берілген тапсырманы талдаймын. Талдау барысында мына төменгі сұрақтарды негізге алуына болады: 1. Әмір Темірдің шыққан тегі туралы не білесіндер? 2. Ұрұс ханның Түй-Қожаны жазалау себебі неде? 3. Әмір Темір өз одақтасы Тоқтамысқа неге қарсы шықты? 4. Моғолстан билеушілерінің Темірге тәуелділігі неден көрінді? 5. Картадан Темір жорықтарының бағыттарын көрсетіңдер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

XIV-XVI ғасырлардағы Ноғай ордасы.

Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды XIV-XVI ғасырлардағы Қазақстан жер аумағында өмір сүрген Ноғай Ордасының және Сібірді мекендеген түрік тайпаларының тарихымен мәдениетімен таныстыру.

Сабақтың негізгі ұғымдары: Ноғай мемлекетінің құрылысы мен саяси тарихы. Ноғай Ордасының гүлденген кезеңі және ыдырау себептері. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірді мекендеген түрік тайпалары, олардың басқа елдермен қатынастары.

Жана сабаққа кіріспе бұрын үйге берілген тапсырманы талдаймын. Талдау барысында мына төменгі сұрақтарды негізге алуына болады:

  1. Әмір Темірдің шыққан тегі туралы не білесіндер?

  2. Ұрұс ханның Түй-Қожаны жазалау себебі неде?

  3. Әмір Темір өз одақтасы Тоқтамысқа неге қарсы шықты?

  4. Моғолстан билеушілерінің Темірге тәуелділігі неден көрінді?

  5. Картадан Темір жорықтарының бағыттарын көрсетіңдер.

Жаңа сабақты оқыту жоспары:

  1. Ноғай Ордасы. Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.

  2. Сарайшық қаласы.

  3. Қоғамдық құрылысы.

  4. Ноғай Ордасының саяси тарихы.

  5. Ноғай Ордасының ыдырауы.

  6. XIV-XVI ғасырлардағы Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.

  7. Сібір хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстырамыз. Ноғай Ордасының құрылуын,оның мемлекет ретінде даму ерекшеліктерін айта отырып, сабақ барысында картаны пайдаланамыз. Мұғалім «Орта ғасырлардағы Қазақстанның картасынан» Ноғай Ордасының, Батыс Сібірдің аумағың оқушылардың өздері көрсетуін сұрайды.

Ноғай Ордасының саяси тарихына тоқталғанда Алтын Орданың көрнекті билеушілерінің бірі, Ноғай Ордасының негізін қалаушы Едіге туралы баяндалады. Оқушыларға халық эпосы «Едіге» жырынан үзінділер оқып беруге болады. Едігенің кезіндегі Орданың аумағы туралы жазба деректерден үзінділер келтіру қажет. Ноғай Ордасының ыдырау кезеңіне тоқталып, оның бірнеше иеліктерге бөлініп кету себептері ашып көрсетіледі.

Оқушылардың назарын Батыс Сібірді мекендеген түрік тайпаларының бірлестіктеріне, Сібірді билеген хандардың саясатына аударып, тақырыпты ашуға тырысамыз.

Топпен жұмыс жаңа тақырыпты оңай меңгеру үшін сыныпты екі топқа бөліп тапсырма береміз:

1-ші топқа тапсырма – Ноғай Ордасының қоғамдық құрылысын, саяси тарихын Ақ Ордамен салыстыру.

2- ші топқа тапсырма – Батыс Сібірді басқарған Шайбани әулеті билеушілерінің ішкі және сыртқы саясатымен таныстыру.

1-топтың тапсырмасы бойынша төмендегі схеманы толтыру қажет:

жер аумағы

этникалық құрамы

Ноғай Ордасы → қоғамдық құрылысы

саяси жағдайы





жер аумағы

Ақ Орда → этникалық құрамы

қоғамдық құрылысы

саяси жағдайы

Бұл жұмыс оқушылардың өткен тақырыптарды қайталап, еске түсіруіне мүмкіндік беріп, білімін жетілдіре түседі.

2- топтың тапсырмасы бойынша төмендегі кестені толтыру қажет:

Сібір хандығының жер аумағы, орталығы

Хандары

Хандық тарихындағы ірі оқиғалар




Топ болып жұмыс жасау тиімді, себебі оқушылар өздеріне берілген тапсырманы талдай отырып, сабақты толық игеруіне мүмкіндік жасайды. Екі топ бірін-бірі толықтырып отырады.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: Деректермен танысу. Картамен жұмыс жасау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2018
684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12