XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар. 7сынып

Тақырып бойынша 19 материал табылды

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар. 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар. тақырыбында жазылған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


16 жалпы орта білім беретін мектебі

(білім беру ұйымының атауы)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар.










сабақтың тақырыбы

Бөлім:

7.3 Қазақстан Ресей империясының құрамында

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 7 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар.

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау


Сабақтың мақсаты

Патша үкіметінің1867-68 жж әкімшілік реформаларының жүргізілу себептері мен барысы туралы түсінеді;

Тәуелсіздік пен отаншылдық,

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақы

ты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3минут



Өткен білімді еске түсіру

5минут


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында оқушыларды ою арқылы

І.топ «Түркістан генерал-губернаторлығы»

ІІ.топ «Орынбор генерал-губернаторлығы »

ІІІ.топ «Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы»

топқа бөлу.

Үй тапсырмасын «сұрақ-жауап» әдісі арқылы қорытындылау.

«Кім жылдам» сұрақ қою тәсілі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

1.Қай жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав лауазымды қызметін белгіледі? (1848ж)

2.Ресейге қосып алған жерлерде қандай бекіністер бой көтерді? (Аягөз, Ақтау, Ұлытау, Қапал)

3.Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Ресей қол астына өтуінің себептері? (ХІХғ 20жылдарының бас кезінде Ұлы жүз аумағында біртұтас хан билігі қалмады)

4.1864 жылы Ресей әскерлері қай бекіністі қарсылықсыз басып алды. (Меркі бекінісі)

5.Қай жылы Орынбор өлкесіне әскери губернатор болып В.А.Перовский тағайындалды? (1833ж)

6.1834 жылы Маңғыстауда қандай қамалының негізі қаланды? (Новоалександровский қамалы)

7.Сырдария бекінісі қалай пайда болды? (Ресей 1853жылы Қоқанның ірі бекінісі Ақмешітті басып алғаннан кейін)

8.Қай жылы орыс әскерлері Бұхар хандығының едәуір бөлігін басып алды? (1866жылдың көктемінде)

9.Қазы қандай қызмет атқарды? (Билік етуші, төреші. Мұсылмандық сот, мұсылман құқығын жақсы білетін адам)

10.1867 жылы орталығы Ташкент қаласында орналасқан қандай генерал-губернаторлық құру туралы жарлық шықты? (Түркістан генерал-губернаторлығы)

Ой шақыру

Тақтаға Франция королі ХІ Людовиктің айтқан сөзін: «Бөліп ал да, билей бер» және сурет тақтадан слайд арқылы көрсетіледі.

ЕБҚ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.



Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.



Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады














Әр дұрыс жауап

2 балл


Оқулық

Карта

Тақырыптық суреттер

АКТ тақта






Интерактивті тақта

























Сабақтың ортасы

5минут















10минут






































7минут
















10минут






Зерттеу сұрағы:Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты?

Тірек сөздер: «Дала комиссиясы», Генерал-губернаторлық, Уезд, Қарашығын

Тақырыпқа мазмұнына қатысты қысқаша шолу.1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді:

  1. әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;

  2. кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);

  3. сот функциясы (уездік соттарды бекітті).

Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды.

Зерттеу мен талдау

1-тапсырма. «Зерттейік,талдайық,бөлісейік!» әдісі-топтық жұмыс

Бейнематериалмен жұмыс

1867-1868 жж. әкімшілік басқару жүйесіне байланысты интерактивті тыңдалым ұсынылады. Оқушылар бейнематериалды тыңдай отырып, берілген тапсырмаға сәйкес қажетті мәліметтерді дәптерлеріне жазып отырады. Тыңдалым аяқталғаннан кейін, топ ішінде талқылап, жауаптарын сыныпқа жариялайды.

І.топ «Түркістан генерал-губернаторлығы» :

Патша өкіметінің 1867-68 жж реформа жүргізуінің себебін анықтаңыз;

Реформа мақсатын сипаттаңыз;

Патша өкіметінің реформаны жүргізудегі дайындық жұмыстары туралы әңгімелеңіз.

ІІ.топ «Орынбор генерал-губернаторлығы»:

«Уақытша Ереженің» нәтижесінде Қазақстанда болған әкімшілік-территориялық өзгерістерді картада белгілеңіз;

1867-68жж реформаның нәтижесінде Қазақ жерінде құрылғанәр әкімшілік-территориялық бөліктерді және оларды басқаратын лауазымды тұлғаларды тірек-сызба негізінде түсіндіріңіз.

ІІІ.топ «Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы»:

1867-68жж реформалардың нәтижесінде шаруашылық пен тұрмысқа енген өзгерістерді түсіндіреді;

1867-68жж реформалардың негізінде сот істеріндегі өзгерістерді,басқару жүйесіндегі өзгерістерді талдайды


ЕБҚ оқушылар әр тапсырма барсында қолдау көрсетіп отырамын. Негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды : Отарлау, ереже,генерал-губернатор.



2-тапсырма. Картамен жұмыс

Оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын қорытындылап, Word woll платформасында әкімшілік-аумақтық картада сәйкестендіреді


3 тапсырма «Асық» әдісі арқылы (жеке жұмыс) деңгейлік тапсырма АВС

1.Қазақ жері қанша генерал-губернаторлыққа бөлінді? (3ке)

2.Қазақстанда реоформа жүргізудің себептері және оны әзірлеу барысы қандай болды? (1822-1824жж реформалары жарамсыз болып қалған )

3.1867 жылы ІІ Александр қандай ережеге қол қойды? (Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы)

4.Қай жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің» жобасын бекітті? (1968жылы)

5.Орынбор ген-губернаторлығына қандай облыстар кірді? (Орал мен Торғай облыстары)


6. Батыс-Сібір ген-губернаторлығына қандай облыстар кірді? (Ақмола мен Семей облыстары)

7. Түркістан ген-губернаторлығына қандай облыстар кірді? (Жетісу мен Сырдария облыстары)

8. Әкімшілік бөлініс сатысын атаңыз (Генерал-губернаторлық-Облыс-Уезд-Болыс-Ауыл)

9.Облыстарды кім басқарды (Әскери губернатор)

10.Сұлтандарды ауыртпалықтар мен салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақы не себепті тағайындалды (Олар үкіметке қарсы халық толқуын ұйымдастыру мүмкін деп сескенді)

11.Жаңа реформа бойынша енгізілген әкімшілік басқару жүйесі қандай сипат алды? (Жоғары дәрежеде әскери)

12.Жетісу облыстарына қандай уездер кірді? (Сергиополь,Қапал,Верный,Жаркент, Ыстықкөл,Тоқмақ)

13.Орал облыстарына қандай уездер кірді? (Орал, Гурьев, Калмыкова, Жем)

14.Болыстар мен ауыл старшындары қанша жылға сайланды? 3жыл

15.Ауыл старшыны мен болыстарға үміткерлердің қанша жастан кем болмауы керек еді 25 жастан

ЕБҚ Оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіліп отырады


Мәтінмен , оқулықпен жұмыс














Оқушылар мәтіннен негізгі идеяны анықтайды






































Оқушылар платформада берілген картаны сәйкестендіреді












Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды асықта берілген сұрақтарға жауап береді




.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады











Дескриптор:

-Патша өкіметінің 1867-68жж реформа жүргізілуінің кемінде 2-3 себебін анықтайды; 2балл

-1867-68жж әкімшілік реформалардың мақсатын сипаттайды; 2балл

-Патша өкіметінің реформаны дайындау жұмыстарының кемінде 1-2 іс-шарасын нақты дәйектер келтіре әңгімелейді; 2балл

Дескриптор:

- 1867-68 жж реформа негізінде Қазақстан жерінде құрылған 3 генерал-губернаторлықты және 6 облысты белгілейді; 2балл

-1867-68жж әкімшілік реформалардың нәтижесінде құрылған 5 әкімшілік-территориялық бөлікті және олардың лауазымды тұлғаларын тірек-сызба негізінде түсіндіреді. 2балл

Дескриптор:

1867-68 жж реформа негізінде шаруашылық пен тұрмысқа енген кемінде 2 өзгерісті дәйек келтіре әңгімелейді;2балл

-1867-68жж реформалардың негізінде сот істеріне енген кем дегенде 2өзгерісті талдайды. 3балл

Дескрипторы:

-Жауап құрылымын сауатты құра алады;

-Дәйекпен дәлелденген тұжырым береді

Әр дұрыс жауап 3 балл



Дескриптор:

- әкімшілік-аумақтық бөліністі картада сәйкестендіреді

Әр дұрыс жауап 2 балл












Дескриптор:

Оқушылар тақырыпқа байланысты берілген сұрақтарға жауап береді

Әр дұрыс жауап 1-2балл













видео


https://youtu.be/6dN2xE1K8wg








Карточкалар



Карта:

Қазақстанның 1867-1868 жж. реформалар бойынша әкімшілік аумақтық бөлінісі

http://e-history.kz/kz/scorm/course/235







Тапсырма парақшасы































h ttps://wordwall.net/ru/resource/85575201

Сабақтың соңы

5минут


Сабақты қорытындылау Word woll платформасында

Құндылық: Тәуелсіздік пен отаншылдық

Оқушылар Қазақстан картасын мозайкалап жинап құрастырады. Тәуелсіздігіміз әрдайым бағалау керектігі айтылады


Үйге тапсырма

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар


Сабақтың тақырыбын қорытындылау


Оқушылар картаны құрастырып көрсетеді

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық мәліметтер

https://wordwall.net/ru/resource/52185075


Кері байланыс

Classroom платформасы арқылы оқушылар кері байланыс жасайды

Мен барлығын түсіндім, тапсырмаларды орындадым деген жағдайда (көк смайлик);

Мен орташа түсіндім,тапсырмаларды орындауда қиналдым деген жағдайда (жасыл смайлик);

Ешнәрсе түсінбедім,тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым деген жағдайда (сары смайлик)

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2025
320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі