Тақырып бойынша 11 материал табылды

XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы ҚМЖ 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы. ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы.


Бөлім:

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы


Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы.

Зерттеу сұрағы: Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың «кілті мен қақпасы» деп санады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Сабақтың мақсаты

  • қазақ-орыс қарым-қатынастарының алғышарттарын анықтау;

  • патша өкіметінің Қазақстанға қатысты мүдделерін зерттеу.

Бағалау критерийі

  • Қазақ хандығының ішкі жағдайын сипаттайтын 3 мысалды келтіру

  • Қазақ хандығының сыртқы саясатын анықтайтын маңызды 3 тарихи фактіні келтіру

Тілдік мақсаттар


Оқушылар 17-18 ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарын сипаттайды (айтылым дағдысы)

Қазақ-орыс қатынастарына қатысты ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы)

«Семантикалық карта» әдісімен кесте толтырады (жазылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Әскери бекініс, қамал, форпост, елшілік

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестер:

Қазақ-орыс қарым-қатынастары ... басталды

Патша өкіметі...

Әскери бекіністердің салынуы...

Экспедицияның мақсаты...

Құндылықтарды дарыту

Азаматтылықты, патриотизм сезімін, ұлттық сана-сезімді тәрбиелеу, қоғам мүдделеріне қызмет етуге дайын болуға жетелеу. Айналадағы адамдарды құрметтеу, топтық және жұптық жұмыс барысындағы оқушылар арасындағы ынтымақтастық дағдыларын, академиялық адалдықты қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, география (оқушылар картада әскери бекіністер мен экспедиция маршруттарын белгілейді).

Бастапқы білім


Оқушылар қазақ-жоңғар соғыстары туралы біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы










  • Ұйымдастыру сәті (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тиянақтылығын қадағалау).

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

  • Үй тапсырмасына қысқаша тоқталу;

  • Жаңа сабақ: ой қозғау. Суретпен жұмыс

Оқушыларды суретке мұқият қарап, «Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың «кілті мен қақпасы» деп санады? сұрағына жауап беру



Презентация


Сабақтың ортасы






Тапсырма №1. Ақпараттық мәтіндермен жұмыс

Қазақ хандығының ішкі жағдайын талдау.

  • хандардың ішкі саясаты

  • Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

  • сыртқы қауіп-қатерлер мен тәуекелдер.


Бағалау. Мұғалімнің бағалауы



Тапсырма №2 (топтық жұмыс) тарихи фактілермен жұмыс.

  • Оқушыларды үш топқа бөлу.

  • Мәтін тарату

  • Мәтіннің негізінде тарихи фактілерді анықтап, оны келесідей жіктеу қажет:


Әлеуметтік аспектіге қатысты факт

Экономикалық факт

Саяси факт

1-мәтін




2-мәтін






3-мәтін







Дескрипторлар:

  • әр мәтінге ат береді;

  • әр мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

  • әр мәтінге 3 сұрақ құрастырады;

  • Әлеуметтік аспектіге қатысты фактілерді анықтайды;

  • Экономикалық фактілерді анықтайды;

  • Саяси фактілерді анықтайды.


Бағалау. Мұғалімнің бағалауы


Тапсырма №3 (жеке жұмыс) «Семантикалық карта» әдісі. Кестені толтыру.

Бухгольц

Кириллов

Тевкелев












ҚБ. «Өзін-өзі» бағалау.


(Қосымша 1)








(Қосымша 2).
























Сабақтың соңы


Рефлексия:

  • Қандай дағдыларыңды дамыттың?

  • Қандай білім алдың?

  • Қандай қиыншылықтар туындады?

  • Ұсыныстарың қандай?


Стикерлер

Үй тапсырмасы

Қосымша материалдар жинақтау



Қосымша 1

Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болды. Оның мұрагері Қайып хан Қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмады. Жаңадан келген билеп-төстеушіге сұлтандардың топтары тарапынан наразылык күшейіп, бақ таласы мен тақ таласы өрши түсті. Қазақ даласында жоғары билік жолындағы күрес шиеленісе берді. Мұның өзі дәстүрлі қазақ хандығын дағдарысты күйзеліске ұшыратты. Рулар, тайпалар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді. Баяғы алтыбақан алауыздық қайтадан қозды. Сұлтандардың аймақтық сеператизмі күшейді. Қазақтың барлық жүзінің өз ішінде келте хандары пайда бола бастады. Орталык хандық биліктің әлсіреуі Кіші жүзде - Әбілқайырдың, Орта жүзде - Болаттың, Сәмекенің, Кушііктің, Ұлы жүзде — Жолбарыстың, Иманның жағдайын әлдеқайда нығайта түсумен жалғасты.

Бұл хандармен қатар қазақ даласында Барақ, Әбілмәмбет, Батыр, Сұлтанбет сияқты басқа да сұлтандардың беделі арта берді. Атап айтқанда, Сұлтанбет өзінің толып жатқан ұлдары арқылы Ертіс бойы қазақтарына билік жүргізді. Оның жергілікті қазақтардың арасына ғана емес, сонымен қатар шекаралас орыс өкіметі орындарына да елеулі ықпалы болды. XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің тарапынан ерекше қызығушылық тудырған нысанға айналды. Қытай мен Ресей империясы Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне бірдей мүдделі болды. Ресей империясының Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы негізгі қызметі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуды және әскери барлау шараларын жүргізуді еселеп күшейтуге бағытталды. Бұл шаралар қазақтар көшіп-қонып жүретін шекарада әскери бекіністер желісін салуды жиілендіріп жіберді. Мәселен, 1716-1720 жылдардың кезеңінде Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында Омбы, Черкасск, Железинск, Жәмішев, Семей, Өскемен сияқты және басқа да әскери бекіністер тізбегі салынды. Кейінірек олардың ара-арасына шағын бекіністер — редуттер мен форпосттар салына бастады.

Бұл кезде қазақтар Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Орал және Сібір Қазақтарының тарапынан мезгіл-мезгіл жасалып тұрған шабуылдардың ауыр зардаптарын бастарынан кешірумен болды. Ал олардың бәрі де патша үкіметінің қол астына қарайтын орыс бодандары еді. Қазақтарды оңтүстіктен Орта Азия хандықтарының билеушілері, ал Оңтүстік-шығыстан жауынгер жоңғар қалмақтары ығыстыра түсті. Жалпы алғанда, бұл кезде Қазақ мемлекетінің шекараларында өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты.


Қосымша 2

1-ақпараттық мәтін

Қазақ-орыс қатынастарының тарихи та­мыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады. Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалық байланыстар орнатуға мүдделілік танытты. Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия хандыктары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бірақ олар Сібір татарлары қолынан қаза тапқандықтан, бұл елшілік Қазақ хандығына жете алмады. IV Иван Грозный ағайынды саудагер Строгановтарға 1574 жылдың 30 мамырында Тобылға бекініс салуға және Қазақстан мен Орта Азия халықтарымен «салықсыз» сауда жасауға рұқсат грамотасын береді. Бұл сауда байланыстарының жандануына септігін тигізді. 1594 және 1595 жылдары Мәскеуге Тәуекел хан Құл-Мұхаммед басқарған қазақ елшілігін жібергені белгілі. XVI ғасырда бір орталыққа біріккен Ресей мемлекеті нығая бастады. Сол себепті, Ресей өзінің шығыс аудандарымен шектес орналасқан халықтарды жаулап алу саясатын тегеуірінді турде жургізе бастады. Сібір мен Қазақ жерлерін қосып алудағы Ресей империясының мақсаты шикізат көздері мен бағалы аң терілеріне бай аймақтарды иелену және мемлекеттің шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін нығайту саясаты болатын. Ресейдің Батыс Сібірге басып кіруі мен оны өзінің құрамына енпгіудің бас-тамасы 1581 жылы Сібір хандығының астанасы Искерді алған Ермак жорықтарымен байланысты болды. Сібірдегі Көшім хандығының талқандалуы орыс мемлекетінің Сібірге және онымен шектес аудандарға жылжуына ыңғайлы аймақ құру бағытындағы алғашқы қадам жасауына жағдай жасады. Жаңа жерлерді жаулап алуда шығыс өлкелерге, соның ішінде Қазақ жерімен шекаралас аудандарға әскери бекіністер орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Бекініс қамалдар маңына поселкалар мен деревнялар тұрғызыла бастады. Батыс Сібір аумағындағы алғашқы орыс қаласы Қазақ хандығының шекара-сына жақын Ертістің құяр саласындағы Обьтың оң жағалауына 1585 жылы салынған Обь қалашығы еді. Кейін Тұмен (1586 ж.), Тобольск (1587 ж.), Тара бекіністері (1594 ж.) пайда болды. 1604 жылы орыстар Том жағасына Томск бекінісін салды.


2- ақпараттық мәтін

XVII ғасырдың басында Қазақ хандығының батыстағы шекаралық аймақтарында орыс қоныстары орын тепті. 1620 жылы Жайық бекінісі, 1640 жылы Гурьев бекінісі бой көтерді. XVIII ғасырдыңбасы Ресей үшш I Петрдің реформаларымен, Швециямен Балтық теңізі үшін, Түркиямен Қара теңіз үшін жүргізілген соғыстармен және Сібірді жаулап алу, Шығыс елдерімен байланыс орнату сияқты тарихи оқиғалармен ерекшеленді. I Петрдің сыртқы сая-сатында Ресейді шығыс елдерімен жалғастырушы Қазақ жерлеріне ерекше көңіл бөлінді. Үндістан мен Қытайға шығар жол іздеген I Петр тұсында Қазақ жеріне орнығуға бағытында белсенді әрекеттер жасалды. Бұл бағытта Сібір губернаторы князь М.Гагарин Ресей үкіметіне Ертістен Жаркентке дейін күшейтілген бекіністер жүйесін құру жобасын ұсынды. Оның жобасында бұл жерлер алтынның қорына ете бай екені атап керсетіледі. 1715 жылы Тобылдан Ертіс бойымен үш мың адамнан тұратын подполковник И. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жіберіліп, олар Жәміш және Омск (1716) бекіністерін салады. 1717 жылы қамал құрылыстарын жалғастыру үшін Жәміш көлінен Ертістің бойымен жоғары қарай П. Северский мен В. Чередов отрядтары жіберілген. П. Северский Железинск бекінісін, ал В. Чередов Колба-синск бекінісін салдырды. Сондай-ақ 1718 жылы В.Чередов Ертістің оңжаға-лауынан кейін Семипалатинск атауын алған қамалға арнап орын дайын-дайды. Ямышевск пен Семипалатинск бекіністері 1717-1718 жылдары под-полковник П. Ступин экспедициясы кезінде айтарлықтай күшейтіледі. Одан кейін жіберілген майор И.Лихаревтің экспедициясы Усть-Каменогорск және Коряков бекіністерін (1720 ж.) тұрғызады. Бұл әскери-қорғаныс бекеттері жоғары Ертіс желісін құрады. I Петрдің Қазақ жерін Ресейдің құрамына қосу жөнінде айтқан саяси ұстанымы туралы тілмәш А. Тевкелевтің жазбаларынан белгілі. Ол 1722 жылы парсы жорығынан келген бойда: «Үлкен, тіпті миллионға дейінгі шығындар-ға қарамай Ресей протекциясына кіргізу керек» өйткені «қырғыз-қазақ ордасы - бүкіл азиялық елдерге шығатын ұлт пен қақпа» деген. I Петрдің тұсында Сібір, Ертіс, Колыванск әскери желілерінің іргесі қаланды. Бұл әскери желілерде тұрғызылған бекіністердің стратегиялық тұрғыда маңызы өте зор болды. Бекініс қамалдарда кез келген әскери шабуылдарға қарсы тұра алатын, жақсы дайындықтан еткен әрі қару-жарағы күшті казак гарнизондары орналастырылды. Кейін бүл бекіністер Қазақ жерін отарлаудың басты ошағына айналды. Қазақтардың 1728, 1730 жылдардағы жеңістері Жоңғар хандығы тарапынан қауіпті азайтқанмен, Қазақ хандығындағы жағдай тұтастай алғанда шиеленісті қалпында қала берді. Оның үстіне хандықтағы саяси дағдарыс тереңдеп кетті. Өйткені Кіші жүзде Әбілқайыр хан, Орта жүзде Сәмеке хан (Шахмұхаммед), ¥лы жүзде Жолбарыс хан жеке-дара билік жүргізіп, қазақ жүздері бірте-бірте оқшаулана бастады. Жоңғарлармен соғыс әбден қажытқан, әлі де алда талай жойқын соғыстар қаупі күтіп тұрған осындай жағдайда, қазақ халқының ауыр жағдайын пайдаланған башқұрттар, еділ қалмақтары, ортаазиялық хандықтар, сібір казактары да қазақтарға қысымын күшейте түсті.


3- ақпараттық мәтін

XVIII гасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына елшілер жіберуді жиілете бастады. 1716 жылы қазақ даласында Тобыл бояры Никита Белоусов, 1717 жылы — Борис Брянцев пен Федор Жилин болып қайтты.

1719 жылы Колмаков, Урусов және Сомов бастаған елшілік Зайсан көлі мен Қара Ертісті зерттеу үшін жіберілді. 1713 және 1720 жылдары Жоңғарияға Иван Чередов деген орыс елшісі барды. Ал 1722 жылы — Унковский бастаған елшілік келді. Іс жүзінде алғанда, бұл елшіліктердің бәрі де қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлерін басып өтті.
Ресей сауда-саттық, одақтастық қатынастардың мәселелерін ретке келтірумен қатар Қазақ хандығын өз қол астына қаратудың жолдарын да іздестірумен болды. Патша үкіметінің ондай арам ниетті іс-әрекеттері қазақ елінің билеушілері тарапынан қатты қарсылық тудырды. Шекара аудандарында жерге талас негізінде шиеленісті оқиғалар болып жатты.

Ресей мен Кіші жүз қазақтары арасында шекаралық жер дауының шиеленісуі
Қазақ хандығы мен Ресейдің дипломатиялық қатынастар орнатуға тырысқан әрекеттеріне қарамай, шекара аймақтарында едәуір шиеленісті оқиғалар орын алды. Патша үкіметінің Еділ-Жайық аймағында өзінің жағдайын жақсартып, нығайта түсуі Қазақ елі билеушілерінің белгілі дәрежедеп қарама-қарсы іс-әрекеттерін туғызды. Ондай шиеленісті оқиғалардың орын алуына негізінен мынадай жағдайлар себеп болды: біріншіден, мал жайылымы үшін күрес күшейді, екіншіден, өзара мал барымтасы орын алды, үішіншіден, қазақтар өз жерінде орыстардың әскери бекіністер шебін салуға қарсы болды, төртіншіден, қазақтар башқұрттардың патша үкіметіне қарсы күресіне жиі-жиі қатысып жүрді.

Сондықтан бейбіт жолмен байланыс жасау кезеңдерін кей-кейде өзара қарама-карсы шапқыншылықтар бүзып кетіп отырды. Мәселен, 1708 жылы башқұрттардың кезекті көтерілісі кезінде Тәуке хан өзінің қазақтар мен қаракалпақтардан тұратын 20 мың әскерімен Уфаның түбіне дейін барып, сол аймақтағы орыс әскерлерінің үрейін ұшырды. 1709 жылы қазақтар Жайықтың ішкі бекіністер шебінде Ресейдің Сызрань қаласына бара жатқан Қазақтардың жүк тиелген керуеніне шабуыл жасап, ту-талақай тонап кетті. 1711 жылы қазақтардың құрамында 16 мың жауынгері бар жасағы Жайық қаласына бара жатқан астық керуенін тас-талқанын шығарып, тонап алды. 300 казакты тұтқынға алып, Хиуа хандығына құлдыққа сатып жіберді. Ресейдің ішкі жағына терең еніп жорықтар жасауға көбінесе Кіші жүздің атақты ханы Әбілқайырдың өзі бастама көтеріп отырды. Мысалы, 1717 жылы оның қол астындағылар Қазан губерниясының аумағына басып кіріп, Навошемшинск қаласына дейін жетті. Алайда оларды «патша әскерлері едәуір шығынга ұшырата отырып, кері қуып шықты».

1718 жылы қазақтар мен қарақалпақтардың құрамында 20 мың жауынгері бар жасағы Жайық қалашыгын бір ай бойы қоршауда ұстады. Қаланы біржолата күшпен басып алуға жасалған әрекет сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр хаң қоршаудағы қаланы тастап, Еділ бойындағы құба қалмақтарға шабуыл жасауға көшті. 1723—1724 жылдары Әбілқайырдың әскерлері Жайық пен Еділдің екі ортасындағы бүкіл аумақты басып алды. Қазақтардың Жайық өзенінің бойындағы алқапта мәңгілік көшіп-қонып жүру құқығын белсенді түрде қорғаған Әбілқайыр ханның мына сөздері қазақ халқының есінде ұмытылмастай қалды: «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанына қазақтар оның бойынан кетпейді». Патша үкіметі қазақтардың тарапынан шекара шебіне шабуыл жасалуын тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдаумен болды. Ол үшін бекініс қорғандар салуға кірісті, шекарадағы күзет әскерлерінің саны арттырылды, қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасалып тұрды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.00.2024
774
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі