жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
XX ғасырдағы саяси қуғын- сүргін кезендері 10 сынып
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысының білім басқармасы
Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі

Ашық сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: XX ғасырдағы саяси қуғын- сүргін кезендері
Тобы:41
Мамандығы: 1401000- Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
Біліктілігі: 1401092- « Қаптаушы – мәрмәрші »
Пәні: Қазақстан тарихы
Тарих пәнінің оқытушысы: Рахманбаева Асылзат Абдимажитовна
Қызылорда 2020 жыл
«Бекітемін»
Смағұл Ысқақов атындағы
Қызылорда құрылыс және бизнес
колледжінің директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасары
_____________ Изтилеуова Г
«___»________2019ж
Пән: Қазақстан тарихы
Предмет: История Казакстана
Subject: Historiae Kazakistanit
Оқытушы:Рахманбаева Асылзат Әбдімәжитқызы
Преподователь: Рахманбаева Асылзат Абдимажитовна
Teacher:Rakhmanbaeva Asylzat Abdimajitovna
Күні: Дата:Date: 20.12.2020
Сабақтың тақырыбы: XX ғасырдағы саяси қуғын- сүргін кезендері
Сабақтың мақсаты:
Білім алушыларға Қазақстандағы ауқымындағы қуғын-сүргін кезеңдерін атап көрсету және түсінік беру. Білімалушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту.Қазақ халқының тарихын оқып білуге, білім алушылардың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие бере отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру
Тип урока: Объяснение нового материала
Type of the lesson: Explanation ofthen new material
Сабақтың әдісі Топтық, аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, әдебиет, география
Көрнекілік: Карта, Интерактивті тақта,Слайд, Буклет, Оқулықтар.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастырушылық кезең: 3 мин
-
Студенттермен сәлемдесу
-
Келмеген студентерге белгі соғу
-
Студент назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру: 15 мин
Екі топқа бөлу, Алаш тобы және Автономия тобы, жылдам сұрақтарға жауап беру.Әр студент жауап беру арқылы ұпаймен белгі соғу арқылы бағаланады.
1. Түркістанда коммунистік партия қай жылы құрылды? (1918ж)
2. Голощекиннің Қазақстанға жүргізген саясатының атауы? ( « Кіші Қазан»)
3. Қазақстанда ұлттық мемлекет құруға атсалысқан қазақ зиялыларын ата?
( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, С.Асфандияров)
4. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті аса ірі мал иелерін «Тәркілеу туралы» Қаулыны қай жылы қабылдады? (1928 жылы, 27 тамызда)
5. 1933 жылы И.В.Сталинге хат жолдаған кім? (Тұрар Рысқұлов)
6. Қазақ КСР Конституциясы қашан қабылданды? (1937 жылы)
7. Жастар Одағы коммунистік партиясының жетекшісі? (Ғани Мұратбаев)
8.1933 жылы Қазақстанның бірінші хатшысы болып кім сайланды? Л.Мирзоян
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин
Саяси қуғын сүргін тақырыбына бейне ролик
1.1.Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жүргізілген әлеуметтік және экономикалық –саяси сынақтардың жантүршігерлік зардаптары болды. Мәселен, репрессия шаралары алдымен және бірнеше дүркін алаш зиялыларын қамтыды. Кеңес қоғамындағы әлеуметтік саяси өзгерістер Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан тотаритарлық жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы жүзеге асырылды. Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтыңда оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Бірінші кезең (1918-1920 жж) шамамен революция және азамат соғыс жылдарын қамтыды. Репрессиялық шаралар большевиктер партиясы орнатқан саяси жүйеге қарсы ұлттық негіздегі мемлекеттік құрылымды талап етуші азаттық ұстанымдағы күштерге бағытталды.
Екінші кезең 1923 жылдан, И.Сталиннің жоғары билікке келегн мезгілінен басталып, 1932 жылмен аяқталады. Бай-кулактарды тап ретінде жою билік тарапынан мақсатты түрде жүргізілген шаралар арқылы осы мезгілде біржола аяқталды.
Үшінші кезең шамамен 1933жылдан басталып, 1937-1938 жылдары өзініңшарықтау шегіне жетті.Құжаттық мәліметтер БМСБ (ОГПУ) органдарының 1933 жылы Қазақстанда оннан астам «контрреволюциялық ұлттық ұйымдарды» әшкерелеп, жойғандығы жөнінде мәлімет береді. Сонымен қатар Германия мен Жапония сияқты мемлекеттердің кеңестік
қоғамдағы «агенттерін» көбірек табуға күш салды.
Төртінші кезең соғыстан кейінгі мезгілге, яғни 1940 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың басына тән. Бұл жылдары саяси репрессия құрбаны болған саяси элита немесе халық шаруашылығына зиянкестік пиғылдағы «элементтер» емес, соғыс жылдары белсенді шығармашылық қызметі арқылы патриоттық ұстанымын ашық білдірген ғалымдар мен ақын-жазушылар (Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Е.Исмайылов) еді.
Саяси репрессияның кезеңдері жөнінде айтқанда 1985-1991 жылдары жүргізілген соңғы кезеңі туралы да айтуымыз керек. Өйткені бұл кезеңде орталық билік өзінің бастапқы жолына қайта оралды, яғни 1980 жылдары бой көтерген қазақ «ұлтшылдығы» үшін кінәні тағы да Д.А.Қонаев басында тұрған саяси басқарушы топқа артуға даяр екендігін көрсетті.Нағыз репрессиялық шаралар 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарына байланысты да жүргізілді. Желтоқсан көтерілісі кеңестік биліктің терең жүйелік дағдарыста екендігін анық көрсетумен бірге репрессиялық шараларсыз бұл биліктің өмір сүре алмайтындығын да байқатты. .« Ф.Голощекин». « Кіші Қазан». « Ұлт зиялылары»! Қазақстанға басшылық қызметке Ф.Голощекиннің келуі елде ол « Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды.Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты.
« Космополит». « В.В.Бартольд». «Әкімшіл- әміршіл» Қазақтың зиялы қауымына « космополит» деген айып тағылды. (Яғни, космополит дегеніміз-шетел мемлекеттерінің мәзениетіне көңіл бөлушілер) «Космополиттер» қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В. Бартольд та енгізілді. Оған « араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген» деген кінә тағылды.Соғыстан кейінгі жылдарда қоғамда өзеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтрып тастады.
Тоталитаризм - Тоталитарлық – (латын сезінен – totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған totalitarianism
Репрессия - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары repression
Геноцид– бір халықты және ұлтты жойып жіберу саясаты. Genocide
Коспополит дегеніміз-шетел мемлекеттерінің мәзениетіне көңіл бөлушілер.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
1тапсырма. «Ұлы есімдер сөйлейді» Суретерді құрастыру және табу сұрақтарға жауап беру 3-5 мин.
Алаш тобы:
1) «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды...!» Ахмет Байтұрсынов сөзі.
2) «Қазақ ұлтының өмір
сүруінің өзі проблемаға айналды».Әлейхан
Бөкейханов
Автономия
тобы:1) «Бұл соғыстан жалпы жұртқа
пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы
халық болар
2) Түркістан автономиясының
президенті кім?.
(А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Т.
Рысқұлов,М.Шоқай)
2 тапсырма.Математикалық ойын. 5мин.
І топ. Алаш
1. 400х4+347=1947 (карточкалық жүйе жойылды)
2. 800х2+339=1939(екінші дүниежүзілік соғыс)
3. 3800/2+91= 1991 (Тәуелсіздік жылдары)
ІІ топ. Автономия
500х3+454=1954 (тың игеру жыл)
1016х2-100=1932 ( ашаршылық басталды
400х4+337=1937 (репрессия жылдары)
3.«Топтастыру» стратегиясы. Жаңа термин сөздерді айту және жазу: 5мин.
Тақырыптық сөздік қор Жалпы сөздік қор
Ұлтшыл Халық жауы
Ұлы Отан соғысы Жеке басқа табыну
« Кіші Қазан» Ұжымдастыру
Қуғын – сүргін Тәркілеу
Ақпан төңкерісі Кеңес үкіметі
Тоталитаризм - Тоталитарлық – (латын сезінен – totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған totalitarianism
Репрессия - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары repression
Геноцид– бір халықты және ұлтты жойып жіберу саясаты. Genocide
Коспополит дегеніміз-шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілер.
4. Сұрақтарға жауап беру 5мин
1. Кеңес билігі тұсында қуғын-сүргіннің қайталанып отыруының себебі неде?
2. Қуғын-сүргіннің кезеңдерін ата?
3. Қуғын-сүргінге ұшырағандарға қандай айыптар тағылды?
4. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда экономика саласында қандай өзгерістер енгізіле
бастады?
V. Үй тапсырмасы: 2мин Жаңа тақырыпты қайталау. Реферат жазу.
VI. Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау: 3мин Студентерді бағалау. Сонымен біз бүгін XX ғасырдағы саяси қуғын- сүргін кезендері жайлы толықтай қамтып өттік.Студенттер белсене қатысып өз ойларын айтты. Алаш азаматтары жайлы толықтай бейне ролик арқылы және өмір дерегімен таныстық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген