400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

XX ҒАСЫРДЫҢ 50-60 ЖЫЛДАРЫНЫҢ БАСЫНДА ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУ МӘСЕЛЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
XX ҒАСЫРДЫҢ 50-60 ЖЫЛДАРЫНЫҢ БАСЫНДА ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУ МӘСЕЛЕСІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

XX ҒАСЫРДЫҢ 50-60 ЖЫЛДАРЫНЫҢ БАСЫНДА ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУ МӘСЕЛЕСІ


Қазақ тарихында Кеңес Одағының солақай саясатының салдарынан шекара асып, тағдырлары тәлкекке түскен қандастарымыздың тарихи отанына оралу мәселесі қай кезде болмасын өзекті. Себебі, қазақ жерінен жырақтағы, шет елдердегі қазақ халқының мәдениеті мен тарихын зерттеу бұл Қазақстан тарихының бөлінбес бір бөлшегін, ажырамас тұтастығын көрсетуге бағытталады. Бұның өзі шын мәнінде, қазақ халқының бірлігі мен ұлттық идеяны қалыптастыруда маңызды. Ол Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына ықпал етеді. Мақаланың негізгі мақсаты қазақтардың тарихи отанына оралу мәселесін обьективті шындық Қазақтардың көші – қон тарихына қалам тартып жүрген зерттеушілер қатарына Б.Ж. Атантаева [1], Г. М. Мендикулова [2], А.И. Құдайбергенова [3], М.Х. Асылбеков[4] сынды ғалымдарымызды жатқыза аламыз. Мәселен, ғалым Б.Ж. Атантаеваның «Казахстанско-китайские межгосударственные миграции в середине XIX-начале XXI вв» ғылыми зерттеу еңбегінде ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы қазақтардың тарихи Отанына оралу мәселесіне тарихнамалық сараптама жасалғанымен, аталған мәселеге нақты тоқталмаған. Ал осы көші – қон тарихына өзіндік зерттеу жүргізген Ж.А. Құдайбергенова қандастарымыздың елге оралу жағдайын тарихи – демографиялық тұрғыдан қарастырған. «История миграций между Казахстаном и Китаем в 1860-1960-е гг» деп аталатын монографияда КСРО мен Қытай арасындағы қарым-қатынас туралы жасалынған 10 жылдық келісім-шарт «кеңес азаматтарының» КСРО-ға қайтуына жол ашылуы жайында ғылыми сараптама жасалған. Мен үшін осы ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде негізгі басшылыққа осы еңбекті алдым. Дей тұрғанмен, Қытай елінен қазақ жеріне келіп қоныстанған қазақ диаспорасы туралы нақты ғылыми зерттеудің болмауы менің жұмысымның маңыздылығын арттыра түседі деген ойдамын.

Қытай жерінде пайда болған «кеңес азаматтары» деген контингент 1955 ж. Қазақстанға қайта бастады [4]. зерттеушілердің пікіріне көз салсақ, 1955 ж. Қытайдан келген «кеңес азаматтарын» қабылдау арнайы тәртіппен жүргізілген. Олар Хоргос станциясы арқылы өтіп, Сарыөзекке жіберіліп, одан ары қарай Іле, Аягөз және Отор станциялары жанынан құрылған 3 қабылдау-бөлу пункттері арқылы қабылданды. Әрбір қабылдау-бөлу пунктін ауыл шаруашылығы, кеңшар және құрылыс пен көлік министрліктерінің одақтық және республикалық көлемдегі өкілдері басқарды. Оларға көмекші ретінде әрбір облыс орталықтары мен аудандардан есепшілер мен техникалық қызметкерлер бөлінді. Қабылдау арнайы жоспар мен график бойынша жүргізілді. Барлық пункттерде сауда орындары ашылып, дәрігерлік және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылды. Көшіп келген «кеңес азаматтарына» көмек ретінде: отбасы басшысына 3000 сом, мүшелеріне 600 сомнан қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банкіден жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін, мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.

Белгілі бір ұлт өкілдерінің жинақы орналасқан жерлеріне көшіп кетіп, орналастырған жерінде тұрақтамаған репатрианттар да кездесті. Несиені алып, қашып кетіп, орналастырған жерінде бекімей, кейіннен оларды милиция органдары арқылы таба алмаған немесе кейбір көшіп-қонушылардың кері Қытайға жіберуді сұраған оқиғалары да болған. 1960-жж. кеңес-қытай қарым-қатынасы шиеленіскенге дейін екі жақтың туыстары арнайы виза мен ресми куәліксіз бір-бірімен араласып тұрды. 1962 ж. жағдай өзгерді. Сол жылы Қытайдың Іле-Қазақ автономиялы облысынан өткендердің саны 100 мың болған (негізінен, қазақтар мен ұйғырлар). Шекара жабылады. Яғни, Қытайдағы қазақтарды қайтару халықтың сұранысы мен соған орай қабылданған Кеңес үкіметінің шешімдері негізінде жүрді.

1950-1960-жж. Қытайдан қайта оралған қазақтардың саны туралы мәліметтер әр түрлі. Зерттеулер бойынша, 1954-1963 жж. Қытайдан 268371 репатриант қайта оралды: 1954 ж. 2461 адам Қытайдан ұйымдасқан түрде келді. Келесі 1955 ж. мен 1963 ж. аралығында барлығы 199269 адам ұйымдасқан түрде, ал, 1962 ж. сәуір айында 66841 адам өз бетінше Қазақстанға оралды. Барлығын қоссақ, репатрианттар саны 268371 адам болып шығады. Реэмигранттардың бірқатары республикадан тыс кетіп, басқа республикаларға да барып орналасты. 1954-1965 жж. ҚХР-нан келген көші-қоншылардың 47569 отбасысының (259398 адам) республиканың 14 облысқа орналастырылғаны және 1849 отбасының (8984 адам) басқа республикаға жiберiлгені туралы мәлімет беретін мұрағат құжаты бар. Сонда 1954-1965 жж. ҚХР-нан Қазақстанға барлығы 259, 4 мың репатриант келіп, орналасты [5, 275].

Сондықтан, бұл мәселеге орай қазақстандық пікір айтылды:  

Аталған жылдары келген қазақтар Қазақстан халқының 2,8 %-ын құрады. Осы кезеңде жүрген ірі одақтық маңызы бар науқан – тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында басқа республикалардан келгендер жалпы халықтың 4 % болды. Қазақ жеріне келген өзге ұлт өкілдері қазақ жеріндегі халықтың этникалық арасалмағында қазақтардың үлесінің 29,8 пайызға төмендеуіне әсер етті. Осы екі шаманың халықтың құрамындағы үлесін алып салыстырар болсақ, шетелден келген қазақтардың сандық мөлшері қазақтар үшін мәнді болғаны көрінеді. Сол жылдары келген қазақтардың саны өсіп өнуі арқасында қазір 1 миллионнан асты деген ғылыми болжам бар. Тәуелсіздік алған жылдары елімізге келген оралмандар 1 миллионнан асады. Демек, 2 миллионнан аса қазақ шеттен көшіп келді.

«Кеңес азаматтары» деген айдармен қытайдан келген негiзiнен, жұмыс қолы жеткiлiксiз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жiберiлдi. Сол сияқты, құрылыс пен көлік салалары бойынша да орналасты

Әр шаруашылық келісілген шарт бойынша, тиесілі малын, ақшалай көмегін беріп, өзінің экономикалық күш-қуатына қарай отын-су, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысты. «Бір қой егіз туса, бір түп жусан артық өседі» дегендей аштан өліп, көштен қалмаудың жағдайлары жасалды. Тіпті, тұрғылықты адамдарға жетпейтін болғандықтан, тек қоныс аударушыларға ғана қолда бар азық-түлік т.б. қажетті заттарды берген шаруашылықтар да болды. Бұл тұрмыстық қиындықтар көріп жатқан жергілікті тұрғындардың арасында наразылықтардың туып, Қытайдан көшіп келуші «кеңес азаматтарына» суық қабақпен қараған жағдайларға әкелді.

Қазақстанға көшіп келушілердің негізгі қатынас тілі – орыс тілін білмегендіктен тұрмыста, жұмысқа орналасуда, дәрігерлік көмек қабылдауда, білім алуда және т.б. байланысты бірқатар қиыншылықтарды басынан өткізгенін байқаймыз. Бұл жағдай бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы қоныс аударушылар тарапынан кездесіп қалатын мәселе.

Белгілі бір ұлт өкілдерінің жинақы орналасқан жерлеріне көшіп кетіп, орналастырған жерінде тұрақтамаған репатрианттар да кездесті. Несиені алып, қашып кетіп, орналастырған жерінде бекімей, кейіннен оларды милиция органдары арқылы таба алмаған немесе кейбір көшіп-қонушылардың кері Қытайға жіберуді сұраған оқиғалары да болған. 1960-жж. кеңес-қытай қарым-қатынасы шиеленіскенге дейін екі жақтың туыстары арнайы виза мен ресми куәліксіз бір-бірімен араласып тұрды. 1962 ж. жағдай өзгерді. Сол жылы Қытайдың Іле-Қазақ автономиялы облысынан өткендердің саны 100 мың болған (негізінен, қазақтар мен ұйғырлар). Шекара жабылады. Яғни, Қытайдағы қазақтарды қайтару халықтың сұранысы мен соған орай қабылданған Кеңес үкіметінің шешімдері негізінде жүрді.

Елбасы Н.Ə. Назарбаев: «Ұлттың рухани өмірі, оның мəдениетіне байланысты əлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи, əдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мəн бермей келген халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою, ұлттық мəдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу – бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді» Демек, шеттегі қандастарымыздың тарихы – бұл біздің ұлтымыздың ақтаңдақ беті [6].

Шетелдегі қандастарымыздың қазақ жеріне оралу процесі әлі де өз жалғасын тауып келе жатқан мәселе. Елдігімізді артырамыз, ұлттық ерекшелігімізді сақтаймыз десек, онда қазақ халқы көбейіңдер.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



1. Б.Ж. Атантаева «Казахстанско-китайские межгосударственные миграции в середине XIX-начале XXI вв» . : автореферат дис. ... доктора исторических наук : 07.00.03 / Атантаева Бакыт Жумагазиевна; [Место защиты: Ин-т востоковедения РАН]. - Алматы, 2008. - 50 с.

2. Г. М. Мендикулова «История миграций между Казахстаном и Китаем в 1860-1960-е гг»

3. А.И. Құдайбергенова Влияние миграционных процессов на изменение историко-демографической ситуации в Казахстане (вторая половина ХІХ - начало ХХ вв.) : Автореферат дис. ... д-ра ист. наук : 07.00.02 / Кудайбергенова, Жанар Аделхановна, - Алматы: 2010 . - 48, 

4. Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б.

5. Құдайбергенова А.И. Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің тарихи-демографиялық қыры. – Алматы: Елтаным, 2011. – 416 б.

6. Назарбаев Н.Ə. «Құшағымыз бауырларымызға айқара ашық» // Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы (құжаттар жинағы) — Алматы: Атамұра, 1993. – 280 б.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі