«XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Таутүрген негізгі орта мектебі» КММ













«XXI – ғасыр көшбасшысы» атты

8-9 сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайысы







2025-2026 оқу жылы





«XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы





Shape1

Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.






















Shape2

Түрі: Сайыс











Shape3

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе




















Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Бұл білім сайысының мақсаты оқушылардың білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі сайысқа алты оқушы қасысады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз бір оқушы шығып отырады.

Сайыс бес кезеңнен тұрады:

1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

3- кезең: -«Қанатты сөз —  қазына»

4 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
5 - кезең: «Жорға»

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.
1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, барлықтарыңа сәттілік тілеймін! Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Егер 5 дәптер 250 теңге тұрса, 1 дәптер қанша теңге?
11. Абай Құнанбайұлының “Ғылым таппай мақтанба” өлеңіндегі 5 асыл істі ата?”

12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (периметр – барлық жақтардың қосындысы. ені мен ұзындын қосып, 2-ге көбейтеміз).
19. Сөз таптарын ата?

20. Әлемдегі ең үлкен мұхит? (Тынық мұхиты).

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Бұл кезеңнің шартымен таныс болыңыздар. Қазір мақал – мәтел оқылады және олардың бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аударасыздар.

3 тілде де дұрыс жауап айтсаңыздар 30 ұпай, 2 тілде дұрыс жауап айтылса 20 ұпай, тек 1 тілде дұрыс жауап айтылса 10 ұпай қосылады.

Барлықтарыңа табыс тілеймін.


1. Білімі көпті дау алмайды, …. көпті жау алмайды (жауабы: дос- друг, friend).

2. ........ қимылдағанның аузы қимылдар (қолы- рука, hand)

3. Отанды сүю ........ басталады (отбасы – семья, family)

4. ……. ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. (балапан -цыпленок, chick)

5. Доссыз өмір – тұзсыз .....(тағам- еда, food)

6. Білім – таусылмас......... (қазына-сокровище, treasure)

7. Білекті бірді жығар, ......... мыңды жығар (білім-знание, education)

8. Ата көрген ...... жонар, ана көрген тон пішер. (оқ-пуля, bullet)

9. Жақсының жақсылығын айт,..... тасысын. (нұр-свет, луч, light)

10 ……айналып қазығын табар, ер айналып елін табар( ат-лошадь, horse)

3- кезең “Қанатты сөз -қазына»

Бұл бөлімде оқушылар төменде көрсетілген суреттерді қатыстырып мақал-мәтел, нақыл сөздер құрастырулары керек. Мұнда оқушының көзқарасы, логикалық ойы есепке алынады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

4 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
20 ұпай: «Менің атым Қожа» повестінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
20 ұпай: Күн жүйесінде неше ғаламшар бар? (Күн жүйесінде 8 ғаламшар бар. Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн Уран, Нептун). 20 ұпай: Синоним деген не? Мысал келтір.
30 ұпай: «Жеті жарғы» заңдар жинағын кім қабылдады? (Қасым хан)
30 ұпай: Жер шары неше материктен тұрады? Қазақстан қай материкте орналасқан? (Жер шары 7 материктен тұрады: Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Антарктида, Еуропа, Австралия). 30 ұпай: Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз деген не? Мысал келтір. (Омоним)
40 ұпай: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы неде? (Қазақ жастары өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамайтынын көрсетті; Ұлт намысы, тіл, тәуелсіздік идеясы алғаш рет ашық түрде көтерілді; Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйенің әлсірей бастағанын дәлелдеді; Бұл оқиға 1991 жылғы Қазақстан тәуелсіздігіне бастар жолдың алғашқы қадамы болды).
40 ұпай: Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қашан қабылданды? (Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданды.Алайда, толық күшіне 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституция енгізілді).
40 ұпай: Алаш партиясының негізін қалағандар қазақ зиялылары кімдер?(Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Махамбет Әбжанұлы және басқа да қазақ зиялылары.Олардың ішінде Әлихан Бөкейханов партияның саяси жетекшісі ретінде ерекше рөл атқарды).

5 - кезең: «Жорға»

- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

1. Үш би?
2. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар кімдер?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?ауа, жарық, су, топырақ
10. «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?Спандияр Көбеев
11. 1 дм неше см? (1 дециметр (1 дм) = 10 сантиметр (см))
12. Жуан дауыстыларды ата?
13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
14. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
15. Синоним деген не?
16. Ұя салмайтын құс? (қоқиқаз)
17. Абайдың әжесі?
18. Мұқағали Мақатаев қай өңірде дүниеге келген? (Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы)
19.Абай Құнанбайұлының қанша қарасөзі бар?
20. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең? (5 ондық дегеніміз – 5×10=50 3 бірлік дегеніміз – 3×1=3 Екеуін қосамыз: 50+3=53)

1. Орман дәрігері? (тоқылдақ)
2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары? (Жүсіпбек Аймауытовтың)
3. 12 мен 5 - тің қосындысы неге тең?(17)
4. Дауыссыз дыбыстар нешеу? (26)
5. Балықшы сөзінің түбірін тап?(балық)
6. Түйенің төлі қалай аталады?
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
8. 12 ай неге тең?
9. Абайдың анасы?
10. 7 ондық 0 бірлік неге тең? (70)
11. Шаршы қандай фигура? (төртбұрышты фигура, барлық қабырғалары тең)

12. Түбір сөз дегеніміз не?
13. Қазақ тіліндегі әріптердің реті бойынша орналасу жиынтығын не дейміз?

14. «Сұлба» деген не? (Схема; грек, schema — сыртқы түрі, пішін)
15. Ауаның негізгі қасиеті? Ауа түссіз, мөлдір. Ауа орын алады. Ауа сығылады, серпіледі. Ауа жануды қолдайды.
16. Түбір дегеніміз не?
17. Абай Құнанбайұлы қай өңірде дүниеге келген?
18. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?( Ы. Алтынсарин)
19. 1 метрде неше см?( 100 см)
20. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?(А. Байтұрсынұлы)

Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушыларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.





































Тексерілді: Көкен Н.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі