400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

XXI ғacырдaғы мұғaлiмнiң кәciпқoйлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
XXI ғacырдaғы мұғaлiмнiң кәciпқoйлығы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің №23 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



ЭССЕ

XXI ғacырдaғы мұғaлiмнiң кәciпқoйлығы



Болашақ педагогтарды кəсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-əрекетіне даярлығын қалыптастыру мəселесінің орны ерекше. Себебі жалаң білімдер, іскерліктер жəне дағдылар қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сəйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-əрекетіне дайындығының, қалыптасуымен тығыз байланысты.

Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мəселесін шешуде педагогикалық жобалаудың маңызы зор. Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде ол оқытушының маңызды кəсіби- педагогикалық функциясы ретінде қарастырылады жəне педагогтың өзінің əрекеттерін жəне əдістемелік даярлығын талдау негізінде көрсетіледі. Ғалымдардың айтуынша, «жобалау» деген атқа ие болған жаңа идеяларды іске асыру жəне жаңа білімдерді берудің құралы – жаңа үлгілерді құруға байланысты теориялық іс-əрекет болып табылады.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мәселе алдында тұр.
          Әлемдік білім алу деңгейіне жетудің негізгі мақсаты - оқушыларға білім беруде жаңа стратегияларды қолдану, сабақ берудің стереотипін өзгерту, сабақ өткізу арқылы зерттеу болып табылады. Білім беру үрдісін заман талабына сай жақсартудың тағы бір жолы - инновация яғни, білім алу жолындағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау және қолдану үрдісін басқару. Бұл білім беру мазмұнына, әдісіне, формасына ұйымдастыруға және басқаруға қатысты. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.
          Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді дегім келеді. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
        Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Кəсіби педагогтарды даярлауда оқу процесін жобалау жаңа технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп дайындауда, оқу процесі жөнінде əр түрлі ойлар жүйесінің принциптері негіздерін қалыптастыруда оқу процесін басқарудың үлгісі мен атқару тəртібін қайта қарау; ұйымдастыру жəне басқаруда оны үйлесімді, қолайлы түрде күшейтуде дамытудың басым ұтымды бағытына сүйену; оқу жүйесін ұйымдастыру кезеңіндегі жоспарлы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту əдістемесінің түпкілікті жəне сапалы болмауын, соның нəтижесінде оқыту уақытының мақсатсыз жұмсалмауын қадағалау жəне түпкілікті болдырмау сияқты нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Білім сапасы мұғалімге байланысты. Оқыту мен тəрбиелеуде басты күш – ұстаз тұлғасы. Ыбырай айтқандай «Халық мектептері үшін мұғалім бəрінен де қымбат болып табылады. Олармен ешбір керемет педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да тенесе алмайды». Ыбырай Алтынсарин өзінің ардақты борышын – халқының көзін ашу, қазақ балаларына өнер-білім беру деп түсінген. Осы жолда 30 жылдай аянбай еңбек етті. Ұлы ұстаз өз еңбектерінде мұғалім өз шəкірттерін сүйе білуі, олардың ата-аналарын құрметтеу, тəрбиелі болуы туралы құнды пікірлер айтқан. Ыбырай Алтынсариннің ағартушы-педагог ретіндегі негізгі ұстанымы – ізгілік пен адамгершілік, гуманистік көзқарас, балаға жылы жүрекпен қарау, мұғалім мен оқушының өзара түсінікті қатынаста болуы принциптері.

ХХІ ғасырдағы мектептің стратегиялық дамуында Ы. Алтынсариннің идеялары құн-

ды орын алады. Елімізде білім беруді дамытудың жаңа моделі қалыптасу жəне даму үстінде. Мұғалім мамандағына əр кез сұраныс болды жəне болады да. Мұғалімдер өздерінің кəсібилігінің арқасында тұрақты түрде біліктіліктерін арттыруда.

 Қазақстанның жаңашыл ұстазы , жас ерекшелігіне қарамай үнемі жаңашылдыққа ұмтылуы,ізденуі ,шығармашылыққа бағытталуы керек. XXI ғасыр – білімділер ғасыры Мәңгілік ел атануымыз үшін ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ тәрбиелеп жатқанымызды бір сәтте естен шығармауымыз керек.




Молдабаева Жулдыз Ермековна химия пәні мұғалімі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.02.2019
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі