жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ы. Алтынсарин әңгімелері арқылы тәрбиелеу

Ұлы дала ұстазы
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері арқылы бүлдіршіндерге
тәрбие мен білім беру
Тараз қаласы №27 бөбекжай-бақшасы әдіскері Кенжекулова Нұрсулу Айтбековна
Халқымыздың ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған зиялылар көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, ел игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында шолпан жұлдыздай жарқырап әлем көгіне шыққан, ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін кемел тұлға - Ыбырай Алтынсарин қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алған педагог, демократ.
Зымыраған уақыт, дамыған технология, алысып- тартысқан өмір. Жаңа отбасы, жаңа ұрпақ, жас ұрпақ. Баланы тәрбиелеу еш заманнан да оңай болмаған, баланың тәрбиесі заман көрсеткіші.Баланы тәрбиелеуде жаңашыл тәсілдері болғанымен, принципі негізі ұлттық болмыста қалуы керек.Баланы қай тілде,қай ұлттың ұстанымен тәрбиелесек сол ұлттың ұлттық көрінісі пайда болады.
Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс
тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл
бөлді. Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын
жолға сал деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды.
Ыбырай осы тақырыпта жазған бір әңгімесінде: «Жаздың бір әдемі
күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген
ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі
неліктен қисық біткен?» - деп сұрады баласы. «Ата-анаңның тілін
алсаң, ана ағаштай сен де түзу болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен
де мына қисық ағаштай бағусыз өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз
қалпымен өскен», - деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына
бар екен ғой», - деді баласы. «Бағу-қағуда көп мағына барында шек
жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас
ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп,
пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең,
жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық
біткен ағаштай қисық өсерсің», - деді.
Адам өмірінде әдеттің алатын орны ерекше. Істеген істің, жүріс
-тұрыстың, демалыстық яғни өмірдің сан саласының қай-қайсысы да
жиі-жиі қайталана келе біртіндеп әдетке айналып отырады. Бірақ
әдеттің де әдеті. бар. Адамда жарамды, жақсы әдеттермен қатар,
жарамсыз, жаман әдеттер де болады.
Мәселен, салақтық — жаман әдет. Одан тәнге де,
жанға да рахмет жоқ. Осы айтылғанға орай Ы. Алтынсариннің
«Салақтық» атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиянды екендігін
жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыждағатты болғанмен,
жуынып, таза - жүруді сүймейді екен. Кірінді неге кетіріп жүрмейсің
дегендерге: қолым тимейді деп өте шығады екен. Сөйтіп жүргенде оның
тұла бойын шиқан қаптап, қотыр болады. Кейіннен оны емханаға салып
жуындырып, таза киіндіріп, жарасын емдеп жазады. Бірақ «Ауру қалса
да әдет қалмайды» дегендей Кәрім баяғы әдетінен арыла қоймайды. Бір
күні қожасы Кәрімге бір бояуды былғап қой деп бұйырық беріпті,
Былғап отырған кәдімгі үйренген қалыбынша қолын жумастан барып
тамаққа отырып нан жейді. Қолындағы бояудың жұғынын бәрі де жеп
отырған нанына жабысып отырғанда, бірмезгілде Кәрімнің іші бүрісіп
ауыра бастапты, әрлі-берілі, олай-бұлай аунақшып біраз жатып, Кәрім
ұзамай-ақ жан тапсырыпты,— әлгі бояу у
екен.
Бала жанының зергері Ы.
Алтынсарин әңгімелерінің бәр-бәрі де бүлдіршіндердің жас
ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан
дүниесіне әсер етерліктей етіп берілген. Осы әңгімелерді мұғалімдер
мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа шыдамдылыққа,
төзімділікке тәрбиелеу мақсатында пайдалануға болады. Мәселен, оның
«Салақтық» сияқты әңгімесі балаларды жағымсыз әдеттен жирендіру ,
талабында жүргізілетін жұмыстар үшін таптырмайтын тақырып.Дәл
қазіргі жұқпалы індеттен арылу жолдарын насихаттауда да өте
құнды.
Ал, «Әке мен бала» әңгімесі
қарапайым тілдегі өмірлік көрініс десем қателеспеймін. Балаға
әңгімені аяқтауды ұсыну арқылы, іс әрекетке баға беру,
еңбекпен табылған тамақ
тәтті әрі сіңімді болатындығы анық.
Аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң – көптен құр қаласың, «Еңбекпен табылған дәм тәтті», байлық – қанағат пен еңбекте адамгершілік қасиеттердің құндылығы туралы пікірлерін білуге болар еді.
Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы болып табылады.
Цифрланған заманда Ыбырай шығармаларын мектепке дейінгі мекемеде бала тәрбиесіне қолдану өте тиімді.Интернет желісі бала миын тез жұмыс істеуге қабілетін арттырғанымен рухани аш қалады. Ыбырай шығармаларының желісімен түсірілген мультфильмдер желіп өткен жаңбырдың суындай болса, оқу қызметінде талдай отырып түсіндірілсе өмір бойына жақсылық дәні болар еді.
Ы. Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың өмірі шыншылдықпен бейнеленді. Оларда білімге, ғылымға деген құлшыныстың қажеттігі кеңінен насихатталды. Жастарды оқу-білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі-өнеге ретінде мысалға келтірді.
ХХІ ғасырда өмір сүріп бала тәрбиесімен айналысатын педагог ретінде айтсам Ыбырай дәл бүгінгі күнге дайындалған жұмыстар атқарған секілді.150 жыл бұрын өзекті мәселе өзінің құндылығын жойған жоқ.
Мектеп жасына дейінгі балалар тəрбиесіндегі ұлттық тіл дамытуындағы басты міндет — балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.Заман өзгерген сайын əдіс-тəсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Дəлірек айтқанда, адалдық пен шыншыл-дық, адамгершілік, кішіпейілділік, қоғамдық жəне өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық — адамгершілік тəрбиесінің жүйелі сатылап қамтылады. Ыбырай шығармалары өкілдерін дидактикалық материал ретінде көрсетіп, талдап пайдалану өте тиімді. Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады. Баланың жасына сәйкес ересек топтарға «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Екі дос», «Бір уыс мақта» әңгімелерімен таныстыруға, мектепке даярлық топтарына «Бай баласы мен жарлы баласы», «Мейірімді бала», «Аурудан аяған күштірек», «Шеше мен бала», «Тәкәппарлық», «Алтын шекілдеуік», «Атымтай Жомарт» әңгімелерімен таныстыру қажет.Себебі әңгімелердегі кездесетін оқиғалар өте тартымды түсінікті. Ыбырай әңгімелері арқылы талдап, оң мен солын танытуға өте жеңіл, әрі қолайлы. Тіпті шығарманың бастапқы бөлігінің өзі нақты 3-4 сөйлеммен ғана баяндау түрінде жазылған. Бұл Ыбырай шығармалары арқылы оқытудың тиімді жолы.Шағын көлемді әңгіме балаға түсіндіруге көп уақытты талап етпейді.Бір ғана сюжетке негізделгендіктен,бала оқиғаның соңын білу үшін қызығушылығы артады.Шығармалар соңы түйінді ойға негізделіп, адамның жағымды көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Ыбырай әңгімелерімен таныса отырып, ең басты назар аударатын нәрсе кейіпкерлерінің ата, әке, бала, немере түрінде кездесуі. Ата, әке, ана бейнесі- ақылға шақырушы, көпті көрген өмір тағылымын салмақтап жеткізе білетін кейіпкерлер. Қазіргі таңдағы интерет желісінен, теледидар арналарынан көрсетілетін зұлымдық, ата-ана, тіпті кішкентай сәбилерге көрсетіліп жатқан қатыгездікті көргенде, шынымен бізге Ыбырай шығармаларындағы қарапайым ғана тілмен жазылған адамгершілік қасиеттерінің жетпегенін түсінуге болады.
Ойланып қарасам, Ыбырай Алтынсариннің жақсы ой мен жақсы сөз – жақсы істерге жетелейді,әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.
Бағу – қағуда көп мағына бар нақыл сөздерінің өмірлік мәні зор екен. Әсіресе, мынадай заманда жастардың тура жолға түсуіне, өмір туралы кеңес алуға да болады. Жалпы Ыбырайдың тек нақыл сөздері ғана емес, оның шығармашылығы да құндылықтарға толы. Шығармашылығының мәні терең.
Елі үшін ерең еңбек еткен, келесі ұрпақтың күні қараң болып қалмасын деп, білім көзін ашып берген данышпанымызды ұмытпай, оны кеңінен насихаттау керек.
Адамгершілік тақырыбы мəңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру — ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершіліктің қайнар бұлағы — халқымда, отбасымда, олардың өнерлерінде əдет-ғұрпында. Əр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Қай заманда адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тəрбиелеу. Ұрпақ тəрбиесі — келешек қоғам тəрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол мəдени-ғылыми өрісі озық етіп тəрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеуге арнап, олардың өзің мәдениетті елдерден үлгі ала отырып, білімді де сапалы азамат болып жетілуіне айтарлықтай үлес қосты. Сол мақсатта қазақ жастарына арнап мектептер ашып, оқулықтар жазды. Өзінің төл өлеңдері мен көркем әңгімелеріне қоса, орыс әдебиетінен мәні ешпес ғажайып аудармалар жасады. Біз және келешек ұрпақ әрдайым Ыбырай Алтынсариннің өшпес мұрасын жадымызда сақтауымыз керек деп ойымды аяқтағым келеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген