жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ы.Алтынсарин
САБАҚ: 9-бөлім: Әлемдегі ірі кітапханалар |
Түркістан обылысы , Сайрам ауданы ,Теспе ауылы №59 Қ.Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебі. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Амангелдиева Асемкуль Куттымуратовна |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстандағы кітапханалар. Үстеудің мағыналық түрлері |
|||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
6.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып , жинақы мәтін жазу 6.4.4.3 Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату , синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Бaрлық oқушылaр oрындaй aлaды: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып , мәтін жазады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып , синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану |
|||||||||||||||||||||||||||||
Oқушылaрдың көпшiлiгi oрындaй aлaды: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып , жинақы мәтін жазады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады , синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады |
||||||||||||||||||||||||||||||
Кeйбiр oқушылaр oрындaй aлaды: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып , жинақы мәтін жазады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады , синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданып, шығармашылық тапсырма орындайды |
||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
-оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып , жинақы мәтін жазады; -үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
ОДД |
Қолдану |
|||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдайды, мәтін жаза алады, жұптасып жұмыс жасай алады, пікір алмасып, өз ойын еркін жеткізе алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Кітапхана қоры, алфавиттік католог Мәтін жазуға арналған пайдалы тіркестер: Мәтіннен негізгі ойды анықтауға бағытталған сұрақтар. Талқылауға арналған сұрақтар 1.Кітапхананың көп болғаны дұрыс па? 2.Қандай тақырыпта кітап оқығанды жақсы көресіңдер? 3. Осыған дейін қанша кітап оқыдың? 4. Балаларға арналған кітапханаларды білесіңдер ме? |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар |
Мәңгілік Ел- жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Мәдениеттер мен көзқарастардың әр алуандығына құрметпен қарайды. Өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарауды түсінеді және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылады |
|||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану ,әдебиет |
|||||||||||||||||||||||||||||
Акт қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Оқушылар әлемдегі таңғажайып кітапханалар жайлы біледі.Үстеу және оның құрамы жағын ажырата алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дерек көздер |
|||||||||||||||||||||||||||
Cабақтың басы: 8 минут
Сабақтың ортасы
2 минут |
1 мин 2 мин
3 мин
2 мин |
Ұйымдастыру кезеңі:
1.«Меніңше ...» 2.«Бұл рас ...» 3.«Себебі ...» Белсенді оқу әдісі: «Суреттер аллеясы» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді
Ой қозғау үшін сұрақтар: 1.Қандай суреттер көріп тұрсыңдар? 2. Өздерің оқырман ретіде суреттегі кітапханалардың тарихын білесіңдер ме? 3.Осы суреттер арқылы Қазақстанның кітапханаларына қандай үлес қосуға болады деп ойлайсыңдар? 4.Елімізде кітап қоры мол қандай кітапхананы білесіңдер?
Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру 1-тапсырма Оқылым мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп алып, жинақы мәтін жазыңыз.(50-60 сөз)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 1931 жылы 12 наурызда құрылған. 1931 жылдың 5 мамырынан оқырмандарға қызмет көрсете бастады. Кітапхананың алғашқы директоры – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің негізгі міндеті ретінде «Қазақстандағы барлық баспа басылымдарын жинақтау» туралы мәселе көтерді. Кітапхана осы уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін қазақ халқының және Қазақстан халықтарының жазба мәдениетін жинақтап, сақтаушы мемлекеттік ұлттық кітап қоймасы қызметін атқарып келеді. Кітапханаға 1991 жылдың 9 желтоқсанында «Ұлттық кітапхана» дәрежесі берілді. Жыл сайын 1 миллионнан астам оқырман келіп , 2 миллион данаға жуық кітап оқылады. Оларға 1,5 мың орындық 14 оқу залы қызмет көрсетеді. ҚР Ұлттық кітапханасы халықаралық кеңістікте әлемдегі ірі кітапханалардың бірі ретін де танымал. Кітапхана ғимараты 1971 жылы арнайы жоба мен салынған. Алматы қаласындағы отандық сәулет өнерінің озық үлгілерінің біріретін де мемлекеттік маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген. («Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан) ( 6-сын.Оқулық ) Мәтін бойынша негізгі ойды анықтайтын сұрақтар: 1. Кітапхананың алғашқы директоры кім болған ? Ж: Кітапхананың алғашқы директоры – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов. 2. Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылған? Ж: Кітапханаға 1991 жылдың 9 желтоқсанында «Ұлттық кітапхана» дәрежесі берілді. 3.Мәтіннің негізгі ойы қандай? Ж: Қазақстан кітапханалары мемлекеттік маңызы бар тарихи және мадени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Дескриптор
Бағалау: «Смайликтер» арқылы өзара бағалайды Дискриптор арқылы кері байланыс беремін.
Сергіту сәті «Сатамын ,сатып аламын » ойыны Оқушыларды шеңберге тұрғызып , өздерінің бойындағы екі жаман қасиетін көршісіне сатып, өзі көршісінің жақсы бір қасиетін сатып алады.
|
Интер белсенді тақта 6-сынып . Қазақ тілі «Арман-ПВ» баспасы
Оқулық
Арман ПВ 6-сынып
|
|||||||||||||||||||||||||||
7 минут
6 минут |
|
2-тапсырма. Жұптық жұмыс « Кесте толтыру» әдісі. Үстеудің мағыналық түрлерін жұбыңызбен сұрақ қою арқылы ажыратып, кестені толтырыңыз. 1.Әрқашан да, осылай,ешкім сенбейді маған.2. Кеше жауабын беремін деп уәде еткен едім.3. Қадиша киініп те үлгерген , қайтуға әзір тұр екен. 4. Ертең ,бүрсігүні не бітіресіз? 5. Міне,бүгін келді. 6. Зорға шыдап, қиналып жатқан адамның кейпі бар. 7. «Кейін, кейін» деп қабылдамайды.8. Манадан бері неге айтпадың ? 9. Бұл әншейін жол-жөнекей айтылған сөз. 10. Қасына қайта отырғызды. 11.Ыза кернеп зорға тұрмын.
Дескриптор 1.Үстеудің мағыналық түрлерін жұпта сұрақ қою арқылы ажыратады 2. Кестені толтырады Кері байланыс: бірін – бірі бағалайды
3-тапсырма Берілген сөйлемдердегі үстеулерді синонимдік қатарларын тауып, түрлендіріп жазыңыз(жұппен жұмыс) 1. Асқар біздің үйге жол-жөнекей келген екен. 2. Әкем жұмысынты таң сәріден бастағанын дұрыс деп ойлайды. 3. Самат қалаға әдейі жұмыс іздеп келгенін айтты. 4. Менің құрбым тамағын тез пісіріп әкеледі. 5. Құдияр ауылға қой бағуға амалсыздан барды. 6. Отырар кітапханасы соншалық үлкен емес екен. 7. Қазақстандағы кітапханалар бір-біріне ұқсамай ерекше салынғаны байқалады. Дескриптор 1.Сөйлемдердегі үстеулердің синонимдік қатарларын табады. 2.Синонимдік қатарлардың бірнеше түрлерімен түрлендіріп жазып, өз ойын дәлелдейді. Кері байланыс: дескриптор арқылы кері байланыс беремін |
Оқулық «Атамұра» баспасы 6-сынып
Кестені өз ойымнан құрастырдым
Үстеудің мағыналық түрлеріне сөйлемдер-ді өзім құрастыр-дым.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Соңы 5 минут
2 мин |
|
Сабақты бекіту: «Тапқырлық» әдісі. Оқушылар жасырынған сөздерді тауып орнына қою керек. Кітапхананың адамзатқа пайдасы туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді толықтырып айтыңдар. 1.Кітап –... қазына. (алтын) 2.Кітап –ғылым-тілсіз ... (мұғалім) 3.Кітап –көзі жұмысқа ...(арзан) Көзі ашыққа ....(маржан) 4.Жақсы кітап-... (жан азығы) 5.Кітапты ...(сүйіп) оқы, Көңілге ...(түйіп) оқы. 6.Кітап-білім ... (бұлағы), Білім- өмір ... (шырағы). 7.Кітап –алтын ...(сандық), 8.Іші толған ... (қазына), құт. Оқы,оқы ойыңа ..(тұт). 9.Қарияның сөзі - киіз, киіз ...(кітаптағыдай). 10.Күш- ... (білімде), білім- ... (кітапта) Бағалау: Жылдам тест арқылы бағалаймын. 1.Үстеудің мағыналық түрлері қаншаға бөлінеді? А.Екеу Ә.Төртеу Б.Жетеу В.Бесеу 2. «Тым, ең,кілең» үстеулерді мағына жағынан қай үстеу түріне жатады ? А. Мекен үстеу Ә. Мезгіл үстеу Б. Күшейткіш үстеу В. Себеп-салдар үстеу 3. Мезгіл үстеулердің қатарын табыңдар. А. Ілгері, тысқары,жолшыбай ,алға. Ә. Жаздай ,ертең, таң сәріде ,баяғыдан. Б. Әдейі , жорта, қасақана, әдейлеп. В. Емін-еркін, ерекше , өзгеше, ретімен. 4.Үстеу қатысып тұрған мақалды табыңыздар. А. Азаматын көр де , ауылын таны. Ә. Еріншектің ертеңі таусылмайды. Б. Ақыл ағадан , ілтипат ініден. В. Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды. 5.Мөлшер үстеулердің қатарын табыңыздар. А. Бекерге, текке, босқа, құр босқа. Ә. Қапыда, үнемі, тікелей, кезекпен. Б. Соншалық, неғұрлым, қыруар,бірталай. В. Өңкей,әбден, мүлдем ,тіпті. Үйге тапсырма: Кітап туралы бір нақыл сөздің мағынасын жазып келіңдер. Авторына сілтеме жасаңдар. |
Мақал-мәтелдер жинағы
слайд
|
|||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||
Өздерінің ойларын айтуда, негізгі ойды анықтап,жинақы мәтін жазуда қолдау көрсетемін. Оқушылардың барлығына ортақ тапсырма беремін , бірақ күтілетін нәтиже әртүрлі болады. Жұптық тапсырма орындайды. |
Бағалау. Жылдам тест материалдарын беру арқылы оқушылардың меңгергенін тексере аламын |
Өзін-өзі тану,әдебиет Қауіпсіздік ережесі сақталады Мәтін құрастыру арқылы Қазақстандағы кітапханаға құрметпен қарау. Мәңгілік Ел- жалпы қазақстан-дық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Мәдениеттер мен көзқарастар- дың әр алуандығына құрметпен қарайды.Өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарауды түсінеді және жоғары жетістік-терге қол жеткізуге ұмтылады. |
||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген