жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ы.Алтынсарин 5-сынып "Қыпшақ Сейітқұл"
Бөлім: Адамгершілік - асыл қасиет |
Мектеп: |
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||
Сынып: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Т.Ж 5.2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу Б.С 5.2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау |
|||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: Шығарманың мазмұнын айта алады, тақырыбы мен идеясын аша алады. |
|||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығарма кейіпкеріне мінездеме бере алады. |
||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлердің әрекеттеріне қатысты пікірлерін білдіре отырып, шынайы өмірмен салыстырып, мінездеме бере алады. |
||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Оқушылар сұраққа жауап береді, жауаптарын салыстырады. Грамматикалық нормаға сай сөйлей алады. |
|||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Тобырымен, барымта, жортуыл басы, шығыр, жарлы-жақыбай |
||||
Диалог құруға шығарма жазуға арналған тіркестер: Мекен еткендей, қалың қыпшақ |
||||
Талқылауға арналған сұрақтар:1. Қыпшақ Сейітқұлдың арманы не? 2. Сейітқұлдың арманы орындалды ма? |
||||
Не себепті ... Қыпшақ Сейітқұл отыз үй кедейлерді байытпақ болды деп ойлайсыз? |
||||
Ишара: |
||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянын біле |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
Басы
|
Сыныпты «Кіру билеттері» әдісі арқылы мақал-мәтел жалғасын табу арқылы сыныпқа кіреді Жалғасын тап: Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер ) Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме ) Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің ) Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет ) Еңбек адамның … ( екінші анасы ) Еңбек – ата, … ( жер – ана) Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан ) Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан ) Үй тапсырмасы: Д.Бабатайұлы «О,Ақтан жас,Ақтан жас» қысқаша мазмұны |
Мадақтау арқылы
|
||
Ортасы
|
Бейнекөрсетілім Кәсіпкерлік тақырыбында көрсетіледі Мағынаны тану. Оқылымалды сұрақтары: 1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? 2.Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? 3.Қандай адамды еңбекқор дейміз? 4.Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай? «Ұлы даланың дара ұстазы» Ы.Алтынсарин Оқылым «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін оқу Әңгіменің мазмұнымен танысады. «Оқиғалар картасын» әдісі бойынша картаны толтырады ЖЖ «Кіру билеттері» Кестемен жұмыс Кейіпкерлердің іс-әрекетін дәптерлеріне жазады 1.Қыпшақ Сейітқұлға мінездеме жазыңыздар (Дара диаграмма әдісі). 2. Қос диаграмма әдісі Қыпшақ Сейітқұлдың жағымды, ағасының жағымсыз іс – әрекеттерін салыстырып, салыстырмалы мінездеме жазыңыздар .3. Еркін жазба әдісі Қыпшақ Сейітқұлдың мінездеме бере отырып, сыныптағы достарыңа сипаттама, мінездеме беріңіздер. ЖЖ 5-тапсырма Әңгіме барысы боынша өз пікірлерін ортаға салады. Кесте толтырады Мұғалім сыйы |
Оқулық 75-77-беттер
Кіру билеттері 75- бет
|
||
Соңы
|
Кері байланыс. «Шығу билеттері» әдісі. Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Тағы не білгім келеді? Үйге тапсырма:»Менің кәсібім» тақырыбында эссе жазады |
Кері байланыс
Стикер |
||
«Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі
Өткізген: Абилмажинова А
2020-2021 оқу жылы
Бекітемін:
Мектеп директоры-ТемирбековБ.Ж
Тексеоілді:
Оқу әсәнәң меңгерушісі-Ахметқалиева Б.С
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Мазмұны
Өмірбаяны
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:
Туған күні |
|
Туған жері |
Арқарағай, Қостанай облысының Қостанай ауданы , Аманқарағай ауданы, Күнтимес орда-қыстауы |
Қайтыс болған күні |
|
Ұлты |
қазақ |
Қызметі |
халық ағартушы, ақын, жазушы |
Қос диаграмма
Мәтін. Еңбекпен тапқан тиын. Грузин ертегісі
Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты: – Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Ұлын аяп анасы баласына он сомдық алтын береді: – Кешке дейін бір жерде бола тұр, – дейді ол баласына. – Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң "Мынаны еңбегіме алған едім" деп әкеңе бер. Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп: – Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, – депті. Ұлы жымиып күліпті де, түк демей шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы: – Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап, – деп ақыл айтады. Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария тағы да алтынды отқа лақтырып жіберіп: – Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, – депті. Оған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да: – Әке, мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты. Сонда әкесі тұрып: – Бұл ақшаны шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, – депті
1.“Еңбек”,
“Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды
қалай түсінесіңдер?
2.Еңбек
адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
3.Қандай
адамды еңбекқор дейміз?
4.Сендердің
қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
5.СӨЗ
бен МАҒЫНА деген не?
Мұғалім
шығарма тілімен жұмыс жасатады. Кейбір
бейтаныс сөздер тізбегін жасайды.
Оқушылар түсінбеген сөздердің мағынасын
түсіндірме сөздіктен қарайды. Бейнелі
сөздерге көбірек көңіл бөледі.
Оқылымнан
кейінгі тапсырма.
1-тапсырма.
ПОПС
формуласы
«Менің
ойымша, бұл...»
«Себебі,
мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны
мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған
байланысты мен мынадай қорытынды
шешімге келдім...»
Жазылым.
2-тапсырма.
Ж.
«Сейтқұл халқының тұрмысын жақсарту
жайлы арманына қалай жетті?»
деген тақырыпта эссе жазады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген