Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ы.Алтынсарин "Атымтай Жомарт"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

2-бөлім:«Тәрбиенің қайнар бұлағы»

Педагогтің аты-жөні:

Утепбергенова Ару Маратқызы

Күні:

15.12.20

Сынып:

5

Сабақтың тақырыбы:

Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт». Жомарттық – қайырымдылық тамшысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы















































Сабақтың ортасы





























































Сабақтың соңы

Сәлемдесу.

«Суреттер: не болды?» әдісі арқылы не болып жатқаны және түсіндіріп берулері сұралады. Осы арқылы сабақ тақырыбы ашылады.

Оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

  • Суретте не байқадыңдар?

  • Адамдардың бұл іс-әрекетін қандай қасиетке жатқызамыз?

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбын болжаңыз.


Тақырыпқа қатысты қосымша мәлімет беремін.

Әңгіменің тақырыбына қарап «Жомарт» - адамға тән қасиет, «Атымтай» - адамның есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Оның нақты қай жылдары өмір сүргені белгісіз, алайда ғалымдар арасында VI ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Жоғарыда жазылған Ыбырай Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт болу себебін нақты баяндайтындықтан, осының алғашқысына жатады. Бұл әңгіме жас өрендерді еңбекке баулып, маңдай термен табылған нанның тәтті болатындығын баяндайды. Жомарт сөзі парсы тілінен алынған, "жуван" - жас, жігіт, "мард" - адам деген мағынаны білдіреді.

1-тапсырма. Шығарманың баяндалу желісі бойынша реттілігін сәйкестендіріңіз.

1

бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн.


2

құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын


3

Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен.


4

әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын.


5

Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады


6

күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен.




2-тапсырма. Оқиға желісін сақтап, жоспар құру.

Жоспар

1.

2

3.



3-тапсырма.Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың айтқан пікірлерін оқи отырып, өзіндік жеке пікірлеріңді дәлел келтіре отырып, тұжырым жасаңдар.

Талқылау сұрақтары:

1. Неліктен Атымтай Жомарт дәулетті бола тұра, шөп тасып,еңбек қылды? Себебін түсіндіріңіз.

2. Жомартыққа қарама-қарсы қасиетті қай кейіпкердің сөзінен байқадыңдар? Дәлел келтіріңіз.



Қосымша тапсырма.

  1. Жомарттық әлемді өзгерте ме?

  2. Жомарттық, қайырымдылық туралы мақал-мәтелдер табыңдар.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ... білдім, ... көзімді жеткіздім.

Мен өзімді ... мақтар едім.

Маған ерекше ұнағаны ...

Сабақтан соң маған ... келді.

Қызықты болғаны ....

..... қиындық тудырды.








































































Дескриптор

- шығарма мазмұнын біледі;

- сюжеттік желісі бойынша сәйкестендіреді;


























Дескриптор

Оқиға желісін сақтап, жоспар құрады






Дескриптор

-Атымтай Жомарт пікіріне өз пікірін білдіреді;

-себебін түсіндіреді;

-дәлел келтіреді.























































«Борт журналы» әдісі арқылы өзін-өзі бағалауы































«ВЕЕР» әдісі арқылы бірін-бірі бағалауы



«Бір ауыз сөз» әдісі арқылы мұғалімнің бағалауы

1,2-слайд суреттер.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
332
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12