400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ы.Алтынсарин "Атымтай жомарт" әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ: Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы.

Мектеп: Л.Қылышев атындағы ЖОББ мектебі


СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

5.1.2.1- Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • - Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Көркем шығармада көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын дәлелді етіп жеткізеді. Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, тұжырымдайды, «Ойлан,зерделе» әдісі арқылы сыни ойлау тұрғысынан зерделейді.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. «Құнды пікір» әдісі арқылы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, түйінді ой айта алады. Жомарттық пен сараңдықты адамгершілік тұрғысынан салыстыра бағалайды. Әдеби шығармада көтерілген мәселеге анализ жасай отырып, өмірдегі шындыққа көзқарасын қалыптастырады

Бағалау критерийі

  • Шығарма мазмұнын түсінеді, тұжырым жасайды.

  • «Атымтай Жомарт» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын табады.

  • Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

  • Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен фразалар:

әңгіме,байлық, еңбек, жомарт

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Тақырып, идея.

Сыныптағы диалог/жазу үшін сай келетін пайдалы лексика/терминология

Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Ресурстар

Оқулық, суреттер, жеке, жұптық, топтық тапсырмалар, иллюстрациялық суреттер, Қалыптастырушы бағалау құралдары,кері байланыс, стикер. «Атымтай жомарт» аудиосы.

Әдіс-тәсілдер

«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі, «6 ромб» әдісі, «ПОПС» әдісі, «ПОПС формуласы» әдісі,

Пәнаралық бай/с

қазақ тілі, өзін-өзі тану пәні

АКТ

Пәнге байланысты слайд, «Атымтай жомарт» аудиокітап, бейнефильм

Алдыңғы тақырып

Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт» әңгімесі. Жомарттық-қайырымдылық тамшысы.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

4 минут


Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут

  • Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару;

  • Оқушылар жұп болып отырады.

  • Үй тапсырмасын сұрау « Егер мен байболсам...» аяқтау.


Сабақтың басы







Ортасы 20 минут






















































































Аяқталуы

20 минут


Бағалау






Кері байланыс




Үйге тапсырма


Сөзжұмбақты бірлесе шешу. Сөзжұмбақ «Атымтай»

1.«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесіндегі басты кейіпкер.

2. Еңбекқор адамның бойынан табылатын қасиеттердің бірі.

3. «Байлық,береке» сөздерінің синонимі

4. «Жомарт» сөзінің синонимі

5. «Байлық ... емес,кедейлік ұят емес. (мұрат)

6. « Жомарт» сөзінің антонимі

7. «Бай» сөзінің антонимі

Қ.Б.Сөзжұмбақтың шешуін дұрыс тапқан балаларды мадақтау сөздері арқылы бағалаймын.

Жарайсың! Керемет! Өте жақсы!

-Балалар,біз өткен сабағымызда «Атымтай Жомарт»әңгімесімен танысқан болатынбыз.Ал,бүгін осы әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашатын боламыз.Ендеше сабағымыздың оқу мақсаты. (Оқу мақсатын айтып өтемін).

Алдымен әңгіме барысын есімізге түсіріп тыңдап көрейік.

Дескриптор

1.Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

2.Негізгі ақпаратқа назар аударыңыз.


Түсіну- – «6 ромб» әдісі бойынша шығармадағы автор МАҢЫЗДЫ және ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС деп санаған мәселелерді анықтаңыз. /Топтық жұмыс/

Әңгімедегі жомарт айтқан 4 себептің ішінен нелердің маңызды және маңызды емес екенін түсіндіріңіз.Мысалы: адамдық, еңбек, бейнет, зейнет.. - МАҢЫЗДЫ; мал,байлық әдемі ат.... - ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС. Анықталған маңызды аспектілер арқылы мәтіннің тақырыбы мен идеясын табыңыз.

Дескриптор. Білім алушы:

Кері байланыс:

-әңгімеден автордың маңызды деп санайтын 6 аспектісін анықтайды

- 3 маңызды емес аспектіні анықтайды;

- анықталған маңызды аспектілер негізінде мәтіннің тақырыбы мен идеясын табады.


Ауызша жүргіземін. Қолданылатын сөздер: керемет, әлі де ойлан жарайсың.

Қ.Б. «Бағдаршам»әдісі арқылы оқушылар өз-өзін бағалайды.


  1. себеп

Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне-бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз алмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын

2.

2-себеп

Бар бола тұрып, мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін.

3.

3-себеп

Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен

4.

4-себеп

Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтансам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын,-депті



Жинақтау-топтық жұмыс. Постер қорғау

1. «ПОПС формуласы» әдісі бойынша

  • Бірінші сөйлем - Менің ойымша...

  • Екінші сөйлем-себебі, мен оны былай түсіндіремін...

  • Үшінші сөйлем-оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...

  • Төртінші сөйлем-осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім... Әңгіменің идеясы...

Өзара бағалау «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісі арқылы.

Бүгінгі сабақ бойынша сабақтың тақырыбы мен идеясы тақтаға ілінеді.

  • Жомарт болу-ізгі өмір

  • Еңбек бейнет емес, зейнет

  • Еңбек еткен-мұратқа жеткен.


«Үш Қ» әдісі сабақты қорытындылаймыз.

1.Маған Қажет болған.....

2.Маған қызықты болған....

3.Маған қиындық келтірген....


Жомарттық, сараңдық туралы 5 мақал жаттау
















Интербелсенді тақтадан сөзжұмбақ шешеді.



































«6 ромб» әдісі бойынша жүргізіледі.



































































«ПОПС формуласы» әдісі бойынша жүргізіледі.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
2224
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі