жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ы.Алтынсарин "Дүние қалай етсең табылады?"
Бөлім атауы «Тәрбиенің қайнар көзі» |
Мектеп: Л.Қылышев атындағы ОЖББ мектебі |
||||
Күні: 3.12.2019ж |
Мұғалімнің аты-жөні:Буранбаева Ш.Х. |
||||
Сынып: 5 «А» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Ы.Алтынсарин. «Дүние қалай етсең табылады?»әңгімесінің композициялық құрылысы |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2.1.1-әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу; |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді таба алады; Көпшілігі: әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерге бірнеше мыысалдар келтіре алады; Кейбіреулері: әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді тауып,оларға өмірден мысалдар келтіріп,қорытынды жасай алады. |
||||
Бағалау критерийлері |
|
||||
Тілдік мақсаттар
|
Қайыр сұрау,бай болу, адал еңбек,дүкеннің иесі. |
||||
Құндылықтарға баулу |
Адал еңбекпен мал табуға үйрету,Оңай жолмен ештеме келмейтінін саналарына сіңіру. |
||||
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі,тарих,еңбек |
||||
Әдіс-тәсілдер |
Акт,СТО әдістері,топтық жұмыс,жұптық жұмыс. |
||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 4 мин
|
Үй жұмысын тексеру мақсатында оқушылар тест сұрақтарына жауап береді 1.Әңгіме кім туралы болды? А) Базарда жұмыс істеп жүрген студент туралы Ә) Қайыр сұрап жүрген тіленші туралы Б) Өнері арқылы ақша тауып жүрген жігіт туралы 2. Неліктен тіленші жігіт мұндай күй кешті? А) Оған ақша керек болды. Ә ) Қалай еңбектенудің жолын бімеді. Б) Өйткені осы кәсіпті жақсы көрді. 3.Әңгімеге сай сұрақтың жауабын анықтаңыз. Антон жолаушының айтқанын қалай жүзеге асырды? А) кітап дүкенін ашты Ә) сол тіленшіліктен арыла алмады Б) кондитерлік цех ашты 4. 1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір ...................... кірдім. А) кітап сататын үлкен дүкенге Ә) Мата шығаратын фабрикаға Б) тамақ ішпекке дәмханаға 5. Әңіме мәтініндегі «франк» дегеннің не екенін табыңыз. А) ақша бірлігі Ә)) ұлт Б) қала 6.Ыбырайдың бұл әңгіме арқылы не айтқысы келетінін көрсетіңіз. А) Өзіңе қарай дос таңда Ә) Адамшылық-ар ісі Б) Ерінбеген тілегіне жетеді «Көршіңді тексер» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің жауаптарын тексереді. Жауаптары:1.Ә.2.Ә,3.А4.А.5.А.6.Б.. Қ.Б. «Өз смайлигіңе ие бол!» жауаптарына байланысты смайликтерді дәптерлеріне жапсыады. |
|
|||
Сабақтың ортасы Түсіну 8 мин
Қолдану 9 мин
Талдау 10 мин
|
-Балалар мына сандықшаның ішінен сұрақтарды суырып,ол сұрақтарға жауап береміз. Дескриптор
1.1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Кімнің сөзі? Шығарманың қай тұсынан алынған? (Студенттің.Басы) 2. Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Кімнің сөзі? Шығарманың қай тұсынан алынған?(Жолаушының.Ортасы) 3. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ тіленшілік қылғаным жоқ. Кімнің сөзі?Осы үзінді ішінде қандай қарама-қарсы ұғымдар бар? (Жолаушының) 4. Сол жүргеніңізде бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім. Кімнің сөзі. Шығарманың қай тұсынан. (Антонның.Соңы) 5.Әңгіменің ішінде адамның қандай жаман қасиеттері айтылады? 6. Әңгіменің ішінде адамның қандай жақсы қасиеттері айтылады? 8.Антоннан қандай үлгі алуға болады? 9. Қалай ойлайсыз, сол жолы Антонға жолаушы кездеспегенде Антон тіленшіліктен шыға алар ма еді? 10. «Адал жолмен ақша табу» деген тіркесті қалай түсіндірер едің? Қ.Б. Мұғалімнің мадақтау өздері арқылы.Жарйсың! Тамаша!Ойланып көр!Жақсы! Топтық жұмыс 1-топ Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды.
Дескриптор. 1.Оқиғаларды ретімен қояды. 2.Өз сөздерімен түсіндіріп береді. 2-топ. «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы мәтіннен алынған ойға өз көзқарасын білдіреді. Дескриптор. 1.Өз көзқарастарын білдіре алады. 2.Сөз тіркестері мен сөйлемдер жүйелі болады.
3-топ.Венн диаграммасы. Қайыршв Антон Саудагер Антонды салыстырады. Дескриптор. 1.Қажетті сөз тіркестері мәтін ішінен алнуы шарт. 4-топ. « «Зор дүкеннің иесі -Антон. Ол бұл дәркжеге қалай жетті?...» Қадамдарын көрсетіңіз. Дескриптор. 1.Нақты төрт қадамын көрсетіңіз. Қ.Б. «Екі жұлдыз бір ұсыныс» Әр топ бір-бірін бағалайды.
|
Флипчарт қағазы, 3 топқа 3 түрлі маркер (көк, қызыл, жасыл) Дүниежүзінің
Оқулық Хрестоматия
Оқулық, постерлер
Постерлер |
|||
Сабақтың соңы 4 мин
Үйге тапсырма |
«Үш Қ» әдісі сабақты қорытындылаймыз. 1.Маған Қажет болған..... 2.Маған қызықты болған.... 3.Маған қиындық келтірген.... «Еңбек етсең ерінбей» деген тақырыпта эссе жазып келу. |
Бес пікір жазылған парақтар |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген