Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ы.Алтынсарин "Дүниеде жамандық неден?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсарин "Дүниеде жамандық неден?" бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабактың тақырыбы: Ы. Алтынсарин

Дүниеде жамандық неден?

Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсариннің шығармасының маңызын түсіне білуге

Сабақтың міндеттері: 1)Ыбырай Алтынсарин туралы білімдері толығады, шығармаларымен танысады.

2) Жақсылық пен жамандықты ажырата отырып ой-өрістері кеңейеді

3) Оқушылардың сөздік қоры молаяды, өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеді.

Көрнектілігі: АКТ, АЗ-форматты қағаз, маркер, А4-форматты қағаз, стикерлер.

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО, ізгілендіру, бағытталған сұрақтар,Жигсо,аялдама

Пән-аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу, еңбек.

Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту


Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Мозайка

Оқушыларды орындарынан тұрғызып, қима суреттерді қолдарына ұстату. Сол суреттер арқылы топқа бөлінеді. 4топқа бөліну.

1-ші топ - қарға

2-ші топ - кептер

3-ші топ - жылан

4-ші топ - бұғы.(суреттер арқылы топтастырылады).

2.Үй тапсырмасын тест орындау арқылы бекіту


Әр топтың алдына ержүрек, қанағатшылдық, көпшіл, татулық, деген сөздер беру, ой шақыру сұрақтары арқылы жетелеймін.

Осы сөздер сендердің ойларыңа не салды, осы сөздерді естігенде қандай ой келеді?

1 минут талқыға саламыз. Топ болып бірлесіп жұмыс атқарады. Біреуі қорғайды. Әр топ өздеріне түскен сөздерді қорғап, түсіндіріп береді.Осы айтылған қасиеттер жануарларда,құстарда, жәндіктерде кездеседі ме?

Сұраққа балалар жауап береді.


Мынау менің жүрегім

Бәрі содан басталған

Мынау менің басым

Барлық істі басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Бірігіп жұмыс атқарған

Ендеше балалар бүгінгі сабақта бірігіп жұмыс істеуге, жұмылып жұмыс атқаруға жақсы қасиеттерімізді көрсетуге тырысайық

2.Жаңа сабақ.

1-топ: Ы.Алтынсарин өмірі

2-топ:Ы.Алтынсарин шығармашылығы

3-топ:Ы.Алтынсариннің қандай өлең жолын білесің?

4-топ:Ы.Алтынсариннің әңгімелері

3.Мағынаны тану.

1-тапсырма. Балаларға мәтінді таратып беру. Жигсо әдісін пайдалану арқылы 4 топқа бөлінеді.

Бөліктерге бөліп мазмұнын айтып шығады.

2 - тапсырма. Бағытталған сұрақтар

  • Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң - құстар жиналды?

  • Олар қандай сұраққа жауап іздеді?

  • Қарғаның, көк кептердің, жыланның, бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді?.

  • Осы айтылғандардың қайсысы дұрыс деп ойлайсың?

  • Автор өзінің айтайын деген қорытынды ойын кімнің сөзі арқылы береді?

  • Егер осылардың орнында тасбақа, түлкі, балық, қоян, ара болса олар жамандық неден деп ойлар еді?

  • Өзің қалай ойлар едің? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


3 - тапсырма кестені толтыру.

Адам ой - әрекетінің екі түрін мына кестеге сүйеніп жазып шық.

Жақсылық

жамандық


4 - тапсырма.

  1. Енді балалар бәріміз өзіміздің бойымызда қандай жаман қасиетіміз бар. Соны жазып шығайық. Сол жаман қасиетті жеңуге қандай әрекет жасауға болады. Соны да жазып шығайық. Стикер тарату. Осы ұнамаған қасиеттерімізді мына кәрзеңкеге апарып салайық. Қоқысқа тастаймыз. Өзіміздің жаман қасиетімізден арылып, тек жақсы қасиет қалуына ат салысайық.

ә) Келесі стикерге оқушылар өздері бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазып шығады. Тақтаға ілінеді

5 - тапсырма. Аялдама әдісі.

1-ші топқа: Жамандық, жақсылық тур. Мақал - мәтел.

2-ші топқа: Жамандық неден болады! Суреттер салу

3-ші топқа: Эссе жазу

4-ші топқа: Бір шумақ өлең шығарады



Жасаған жұмыстарын көріп, оқып шығу.

Қорытынды

Сонымен балалар

Жақсы болу - өзіңнен

Жаман болу - өзіңнен

Өзіңді өзің ая да,

Жақсылық көрсең біреуден

Мен қандаймын? Деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің - ақыл айнасы.

  • Жақсылық жасау үшін адам бойында адамгершілік, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімге де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады.Бізде сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.



Үйге тапсырма. Жақсылық пен жамандыққа ертегі құрап келу.

Шығармашылығын шыңдау.

Бағалау: Топ басшысы бағалау критерийі бойынша бағалайды.

Аты-жөні:

Мәтіннің мазмұнын талдайды.

5ұпай

Сұрақтарға жауап береді

5ұпай

Тапсырмаларды орындауда белсенділік танытады.

5ұпай

Эссе жазады.

5ұпай

Сурет салады.

5ұпай

Бір шумақ өлең шығарады

5ұпай


25 -30 «5»

20-25 «4»

15-20 «3»



Кері байланыс!

  1. Бүгінгі сабақтан үйренгенім

  2. Маған бүгінгі сабақта не ұнады?

Себебі:

  1. Ұсыныс, пікір, сұрақ.

Кері байланыс парағын жинап алу

Сабақтан соңғы ой -толғаныс.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12