жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ы.Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл"
Қысқа мерзімді сабақ жоспар
|
САБАҚ: Қазақ әдебиеті |
«27 орта мектеп-гимназиясы» КММ |
||||||||||||||||
|
Күні: 17.11.2017 ж. |
Бұхарбай Индира Ермұрзақызы |
||||||||||||||||
|
Сынып: 5 (Т1) |
Қатысқан оқушылар саны: 29 |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||
|
ҰМЖ бөлімі: |
5.4. Тәрбиенің қайнар бұлағы |
||||||||||||||||
|
(Сабақтың тақырыбы |
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» |
||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
А/И 2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. Б/С 2.Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау. |
||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: 1.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды; 2.Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасайды; 3.Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы кейіпкер іс-әрекетін өз сөзімен тұжырымдайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Ашық сұрақтарға өз пікірін білдіреді, өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіреді. |
||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Шығарма бойынша талдау жұмыстарын жасай отырып, кейіпкерлерді шынайы өмірдегі адамдармен салыстырады. Ашық сұрақтар қояды және жауап бере отырып, өз ойларын тұжырымдайды. Пән лексикасы және терминология: 1. Тобыр– бұл жерде: белгілі бір мақсатпен жиналған халық, топтасқан топ. 2. Барымта– көне сөз. Жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алуы, кек қайтару.3. Кетпен– арық қазуға, жер өңдеуге арналған құрал.4. Шығыр– көне сөз. Құдықтан су тартып шығаруға арналған жүккөтергіш құрал.5. Шым– бұл жерде: жерден ойып алынған шым кесегі, яғни саз. 6. Жабағы– бұл жерде: түйе мен қойдың ұйысқан жүні. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;
|
||||||||||||||||
|
Құндылықтар-ға баулу |
- Ынтымақтастық, жауапкершілік; Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады. |
||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, еңбек, АКТ |
||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» 1,2-сағаты |
||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||
|
Жоспарлана-тын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) |
Дереккөздер |
|||||||||||||||
|
Сабақтың басы
3 минут
5 минут
5 минут
2 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Мақал-мәтелмен ыстық ықылас айту» тренингін жүргіземін. Мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып, бір-біріне тілектерін айтады. Мақалдардың мағынасы бойынша сабақ тақырыбын анықтатамын.Сабақ мақсатымен таныстырамын. Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер. Берекені көктен тілеме, Бірлігі мол көптен тіле. Ынта болса адамда, Қиын іс жоқ ғаламда. Мақал–мәтелдер жазылған парақтардың келесі бетіндегі суреттердің мазмұны арқылы сынып 3 топқа бөлінеді.
Кері байланыс: Топқа бөліну тапсырмасы сіздер үшін қиындық тудыры ма? ҚБ: Мақтау сөздер
Үй тапсырмасын сұрау: 4-тапсырма.Әңгімені сюжеті бойынша оқиғаларды ретімен орналастыру.
Оқиғалар ретін сақтай отырып, шығармадан түсінгенін сұраймын. Кері байланыс: Үй тапсырмасын орындауда кеткен кемшіліктеріңізді анықтай алдыңыздар ма?
Тапсырма: «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі І жақтан баяндала ма әлде ІІІ жақтан мазмұндала ма? Олардағы автор бейнесін қалай танимыз?» - деген сұрақтарға жауап іздейді, «FILA» әдісі бойынша әр топтан бір оқушы баяндайды. (Ережемен жұмыс) «Менің ойымша, бұл...» «Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...» «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...» «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» Ашық сұрақтарға жауап ала отырып үй тапсырмасын бекіту. ҚБ: Үй тапсырмасын айтып, сұрақтарға өз пікірін білдіріп отырған оқушыларды смайликтер арқылы бағалап отырамын.
|
Оқулық 5-сынып Ақтанова, Жундибаева «Атамұра» 2017
Топқа бөліну үшін суреттер мен мақалдар жазылған парақшалар
Бағалау смайликтері:
Ж-бәрекелді! С-жарайсың! Қ-әттеген-ай! |
|||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 2 минут
6 минут
4 минут
7 минут |
Шиелі өңірінің тумасы, екі мәрте «Еңбек Ері», диханшы- Ыбырай Жақаев туралы видео-ролик көрсетіледі.
Тапсырма: Ыбырай ата мен Қыпшақ Сейітқұлдың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Венн диаграммасы
1 2-топ: Қыпшақ Сейітқұлдың ерекшелігі 3-топ: Ыбырай Жақаевтің ерекшелігі
Кері байланыс: - Әңгіме кейіпкерін еңбек қайраткерімен салыстыру қиындық келтірді ме? -Дұрыс жауап таңдауда өзара келісімге келе алдыңыздар ма? ҚБ: «Екі жұлдыз, Бір ұсыныс» айту арқылы топтар бір-бірін бағалайды
Сергіту сәті: «Сөз бен мағына» әдісі. Әңгіменің өн бойында кездесетін жаңа сөздерді және олардың мағынасын жеке-жеке парақшаларға жазып таратамын, оқушылар ортаға шығып өз жұптарын табу керек. Мысалы: Тобыр – белгілі бір мақсатпен жиналған халық, топтасқан топ. Кері байланыс: - Жаңа сөздердің мағынасын түсіндік пе?
| ||||||||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген