Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі. Сейітқұл - еңбек адамы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі. Сейітқұл - еңбек адамы

Материал туралы қысқаша түсінік
5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. 5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»

Мектеп: № 10 мектеп - интернаты Пәні: қазақ әдебиеті

Күні: 27.11.2024 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жылыс Назерке Манатқызы

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі. Сейітқұл - еңбек адамы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Қыпшақ Сейітқұл» шығармасының жанрын, сюжеттік дамуын сипаттау, шығарма мазмұнын түсіну;

Көпшілігі: шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау,шығармадағы көтерілген мәселені анықтау;

Кейбір оқушылар: шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы «Біз әртіспіз!» әдісі (Жұптық жұмыс)


Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сөзді тап» тәсілі.

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады (адал еңбек, байлық, бірлік). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады.

Кіріспе сұрақтар:

  • Бұл сөздердің біздің сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай?

Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, суретке байланысты қандай ой айтасыңдар? (оқушылар жауабы тыңдалады).

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

«О, Ақтан жас, Ақтан жас...»

Өлеңінің үзінділерін жалғастырып жатқа оқиды



Оқушылар назарын сабаққа аудару. Жағымды ахуал қалыптастырады







Оқушылар суретке қарап, бүгінгі тақырыпқа болжам жасайды






Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

ҚБ











ҚБ





5-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы





Сабақтың ортасы












































Мағынаны тану.

- Сюжет дегеніміз не?

- Фабула дегеніміз не?

«Пазл»

О қушылар мәтін мазұнымен «Пазл» әдісі арқылы танысады. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа шығарма үзінділері беріледі. Берілген үзіндіні топта талқылап, әр топтан 1 оқушы шығып, шығарма мазмұнын басқа топқа барып айтып береді, ал топтағылар өз үзіндісін айтады. Оқушы шығарма мазмұны бойынша естігендерін өз тобына барып, мазмұнындайды. (Топтық жұмыс)

Оқулықтан «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін оқып танысады.

1-тапсырма.

1-топ.Мәтіннің мазмұнымен таныса отырып әдеби шығарманың фабуласы мен сюжетін дамыта сипаттаңыз.

2-топ. Әдеби шығарманың жанрын ажыратыңыз.

3-топ. Кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстыра бағалаңыз.

4-топ. Әңгіме сюжеті бойынша ретімен орналастырыңдар.

1.Сейітқұлдың ойы;

2.Қабырға өзені бойына қоныстануы;

3.Егін егуі;

4.Артық астықты малға айырбастауы;

5.Сейітқұл елінің 450 үйге жетуі;

6.Қауіпсіздік шаралары;

7.Базар ашуы;

8.Сейітқұл жұртының бай болуы.

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі;бұл бүкіл топтық талқылауға ұсынылады. (Топтық жұмыс)

Дескриптор:

  • Мәтіннің мазмұнымен таныса отырып әдеби шығарманың фабуласы мен сюжетін дамыта сипаттайды.

  • Әдеби шығарманың жанрын ажыратады.

  • Кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстыра бағалайды.

  • Әңгіме сюжеті бойынша ретімен орналастырады.

ҚБ

2-тапсырма. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. (Жеке жұмыс)

1.Қыпшақ Сейітқұл кім?

2. Сейітқұл қандай әрекет жасайды?

3. Сыртқы жаулардан қорғану үшін қандай шаралар қолданады?

4. Сейітқұлдың ағасының тағдыры туралы не білдіңдер?

5.Қыпшақ Сейітқұл неліктен жұртына жайлы мекен іздейді?

6. Қандай себептермен Қабырға өзенінің бойын таңдайды?

7. Әңгімеде қандай өзекті мәселе көтерілген?

8. Сейітқұлдың елі жақсы өмірге қалай қол жеткізді?

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • Дәлелді жауап береді.

ҚБ

3-тапсырма. Кейіпкерлер іс-әрекетін талдау жасай отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз, шығарманың идеясын ашып түсіндіріңіз. (Жеке жұмыс)

Дескриптор:

  • Кейіпкерлер іс-әрекетіне талдау жасайды;

  • өз пікірін білдіреді;

  • шығарманың идеясын ашып түсіндіреді.

ҚБ

Оқушылар әдебиет теориясы бойынша білім алады.





Оқушылар мәтін мазұнымен «Пазл» әдісі арқылы танысады.





Мәтіннің мазмұнымен таныса отырып әдеби шығарманың фабуласы мен сюжетін дамыта сипаттайды.

Әдеби шығарманың жанрын ажыратады.

Кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстыра бағалайды. Әңгіме сюжеті бойынша ретімен орналастырады.









Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.












Кейіпкерлер іс-әрекетін талдау жасай отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз, шығарманың идеясын ашып түсіндіріңіз.





















ҚБ
























ҚБ















ҚБ















ҚБ



5-сынып қазақ тілі

Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі

Сабақтың соңы

5мин



Рефлексия.

Бүгінгі тақырып бойынша қандай ой түйдім?

(бағалау)


Үй жұмысы

«Атымтай жомарт» әңгімесін оқу




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2025
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі