жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі. Еңбек ер атандырады.
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2-бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы» |
Мектеп: №274 Мұғалімнің аты-жөні: Кадырбаева Клара
|
|
|
|||||||||||||
|
Күні: Сынып: 5 «А» |
Қатысқандар:25 Қатыспағандар: 0 |
|
|
|||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі Еңбек ер атандырады. |
|
|
|||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. 5.Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау. |
|||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашып, шынайы өмірмен салыстыру. |
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
1.Кейіпкерлердің образын ашады.
|
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Шығармада қандай өзекті мәселе көтерілген? 2.Сейітқұл сыртқы жаулардан қорғану үшін қандай шаралар қолданады? 3.Қандай себептермен Қабырға өзенінің бойын таңдайды? 4.Сейітқұлдың орнында болсаң сен не істер едің ? |
|||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» идеясы негізінде қоғамдық еңбекке баулу, қабілетті тұлға болып қалыптасуға тәрбиелеу. |
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, өзін-өзі тану |
|||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
«Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесінің мазмұны қалыптасқан. |
|||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5минут |
Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері» Шеңбер бойына тұрып, бір-біріне алақан түйістіреді, кезектесіп жылы лебіздерін айтады. Үй тапсырмасын пысықтау: «Допты лақтыру» әдісі. Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Сұраққа жауап бере алмаса, допты келесі оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. 1.Шығармада қандай өзекті мәселе көтерілген? 2.Сейітқұл сыртқы жаулардан қорғану үшін қандай шаралар қолданады? 3.Қандай себептермен Қабырға өзенінің бойын таңдайды? 4.Сейітқұлдың орнында болсаң сен не істер едің ? «Жасырын сөзді тап» әдісі арқылы сыныпты үш топқа бөлу. Таратылған қима қағаздардағы сөздерді мағынасы жағынан топтастыра отырып, еңбек тақырыбындағы үш мақалды оқушылар құрастырады. Қима қағаздары арқылы сынып үш топқа бөлінеді. І- топ «Еңбек» ІІ- топ «Байлық» ІІІ – топ «Ынтымақ» - Не туралы мақал құрастырдыңдар? - Еңбек туралы тағы басқа қандай мақалдар білесіңдер? - Адал еңбек дегенді қалай түсінесіңдер? Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады |
|
||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 8 минут 7 минут 6 минут 10 минут Сабақтың соңы 3 минут 1 минут |
1-тапсырма. С. «Суретті әңгімеле» Әңгімедегі кейіпкерді бейнелейтін суреттер ұсынылады. Оқушыларға суреттер көрсетіледі және оның сипаттары сұралады. Суретте әңгіме кейіпкерінің басынан өткен қандай оқиға бейнеленгені, кескін-келбеті түсіндіріледі. Оқушыларға стикерлер арқылы түйінді тірек сөздер тізімін беріп, оқушылар сол сөздерді пайдалана отырып, кейіпкер образын ашады. Тірек сөздер: отыз үйлі кедей, егін егу, қорған салдыру, көшпелі халық, бай болу.
Дескриптор. 1.Суреттен кейіпкердің бейнесін сипаттайды. 2.Түйінді сөздерді пайдаланып, кейіпкер образын аша алады. ҚБ. «Тиындар» арқылы бағалау. 2-тапсырма. ТЖ. « Маңызды пирамида» әдісі Әр топқа суреттер немесе үзінділері бар таратпалар беріледі. Оқушылар пікірлерін стикерлерге жазып, пирамида құруға ұсынылады. Әңгіменің басты кейіпкерлерін таныстырудың жолдарын таңдап,өз бетінше жұмыс жасайды. Кейіпкер сөзі, ішкі толғаныстары, /монологі/, ой-пікірі, т.б. Оқушылар ең маңызды жауапты дайындайды. Топ өздерінің шешімдерін айтып, басқа топпен салыстырады, қателерін түзетеді. Дескриптор. 1.Таратпаларға сай пікірлер жазады. 2.Пікірлерін пирамида құруға ұсынады. ҚБ. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау. 3-тапсырма. ЖЖ. Концептуальды кестемен жұмыс
Дескриптор 1.Кейіпкерлерді табады. 2. Кейіпкердің адамгершілік қасиетін жазады. 3. Кейіпкерді қазіргі өмірмен байланыстырады. ҚБ. Смайликтер арқылы бағалау. 4-тапсырма. Ж. Шығармашылық жұмыс. Берілген үлгі бойынша басты кейіпкер Сейітқұлды үлгі тұта отырып, шығармадан алған әсерлерінен өлең жазады.
Дескриптор: 1.Басты кейіпкер Сейітқұлдың әрекетін сипаттай алады 2.Берілген үлгіні негізге алып өлең құрай алады ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.
----------------------------------------------------------------------------------------------- Кері байланыс: «Алма ағашы» әдісі
Қызыл, сары, жасыл түстер беріледі. Оқушылар алманы алма ағашына жапсырады. Қызыл түс - толық меңгермедім, Сары түс – әлі де сұрақтарым бар, Жасыл түс - мен бәрін өте жақсы меңгердім.
Үйге тапсырма: «Сейтқұл халқының тұрмысын жақсарту жайлы арманына қалай жетті? деген тақырыпта эссе жазу. (80-90 сөз) |
|
||||||||||||||
|
|
||
|
Саралау - |
Бағалау – |
Қауіпсіздік ережелері |
|
-Оқушыларға бідей тапсырма беріліп, «Суретті әңгімеле» әдісі бойынша берілген жұмысты жауаптары мен нәтижесі бойынша; -«Маңызды пирамида» әдісі арқылы берген тапсырмаларымның орындалуын ынтымақтастық және қарым –қатынас формалары бойынша ; -Шығармашылық тапсырмаға берілген, шығарманың басты кейіпкерін үлгі ету мақсатында өлең жазуға берілген тапсырманы шығармашылығы және жылдам орындау-темпі бойынша саралаймын. |
Сабақ тақырыбын ашу мақсатында түрткі сұрақтар беріледі. Сабақ барысында оқушылардың бірлескен жұмысын бағамдау үшін қалыптастырушы бағалау түрлері «Екі жұлдыз,бір тілек», тиындар, басбармақ, смайлик арқылы бағалау қолданылады. Әр оқушы оқу мақсатына жеткенін білу үшін бағалау критерийі мен дескрипторлар ұсынылады. |
АКТ – мен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелері ескеріледі. |














Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген