400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесі. Кәсібінен нәсіп тапқан.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ жаңартылған білім беру мазмұны негізінде жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: 217 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Рысмамбетова Райхан Иманғалиқызы

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесі.

Кәсібінен нәсіп тапқан. 3-сағаты.

Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға

хат, өлең жазу. (5.А/И 4)


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін негізге ала отырып хат,өлең түрінде жаза алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалап,саралап,өз әсерін хат,өлең түрінде жаза алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып,шынайы өмірмен байланыстырып, хат,өлең жаза алады.

Бағалау критерийі

Шығармадан алған әсерін сипаттайды.

Хат,өлең жазудың құрылымын сақтайды

Пікірін жазбаша жеткізеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

білімді адам,ақыл айту,машақаттанудан қашу,зор дүкен иесі,тіленші Антон

Талқылауға арналған сұрақтар:

Антонның қайыр сұрауына не себеп болуы мүмкін?Бүгінгі күнмен байланыстыра отырып өз ойларын жеткізу.

Егер Антонға «орта бойлы арықтау кісі» жолығып,ақыл айтпағанда не болар еді?

Еңбек етуге ерінген адам қандай болады?

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:фабрика,реуішті,франк,тіленші,еп-есті,машақаттану,әйдік

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы негізінде оқушыларды еңбекқорлыққа ,ізденімпаздыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, жаратылыстану.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы,көркем шығарманың мазмұнымен таныс.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



5мин


















Сабақтың ортасы



6 мин













12 мин









I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

Қима қағаздарды құрастырып,тірек сөздер арқылы топқа біріктіру.

І топ.Еңбек

ІІ топ. Талап

ІІІ топ. Ізгілік.


II. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ілмек сұрақтар»әдісі арқылы топтан топқа сұрақ қою.(мәтін мазмұны бойынша оқушылар үйден сұрақтар дайындап келеді )

Жауап берушіні сұрақ қоюшы өзі таңдайды.

Мұғалімнің сұрағы:

- Егер Антонға «орта бойлы арықтау кісі» жолығып,ақыл айтпағанда не болар еді?

Оқушылардың жауаптарын қорытындылап, жұлдызшалар беру.






1-тапсырма.(Жеке жұмыс)

“Екі жақты түсіндірме күнделік”әдісі.

Әңгімеден өзіңізге әсер еткен үзіндісін жазыңыз.

Неліктен осы үзіндінің

әсер еткенін өз сөзіңізбен

пікіріңізді жазыңыз.






«Арқадағы стикер»әдісі арқылы сұрау.

ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бағалау.



2-тапсырма.(Топтық жұмыс)

«РАФТ»әдісі

«РАФТ» стратегиясын негізге ала отырып, шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, хат жазыңыз (50-60 сөз). Хат жазу барысында дескрипторларды басшылыққа алуды, хат құрылымын сақтауды тапсырамын.Хатында шығармадан алған әсерін сипаттап жеткізеді және олардың іс-әрекеттерін шынайы өмірмен салыстырып бағалай біледі.

Хат жазуға дайындық ретінде «Серпілген сауал» кестесін топтарға таратып беремін.



Көңілі толмау


Сен қарауға еп - есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді. Сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің.

Сенім арту

Осы айтқанымша машақаттанудан қашпаасаң, сен де бай боласың, Антон.

Ризашылық білдіру


Ісіме нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым.

Тандану

Сонда ойыма түсіп, таңғалып

– Сен Антонбысың? – дедім.


I топ. «РАФТ»әдісі.

Р- рөл – оқушы

А - аудитория - Ы.Алтынсарин.

Ф - форма - хат

Т – тақырып – Еңбек түбі- зейнет


II топ. «РАФТ»әдісі.

Р- рөл – Антон

А - аудитория – Ы.Алтынсарин.

Ф - форма - хат

Т – тақырып – Еңбегіне қарай құрмет.


III топ. «РАФТ»әдісі.

Р- рөл – ХХI ғ.жастары

А - аудитория –Ы.Алтынсарин.

Ф - форма - хат

Т – тақырып –Талап қылмай мұратқа жетпес.


Дескриптор

  1. Хат жазу ерекшелігін сақтайды.

  2. Хат мазмұнын тақырыпқа сәйкес құрады.

  3. Өзіндік пікір,көзқарасын білдіреді.

  4. Көркемдегіш құралдарды пайдалана алады.

  5. Пунктуациялық нормаларды сақтайды.


ҚБ. Дескрипторды басшылыққа алады. Қошемет сөздер





Түрлі түсті қима қағаздар





Оқулық















Үлестірме парақшалары













Интербел сенді тақта








Үлестірме парақша лары











«Дескрип тор» жазылған парақша-лар




7 мин

3-тапсырма. «Буриме» әдісі.(Жұптық жұмыс)

Берілген ұйқастарды негізге ала отырып өлең құрастыру.


І топ

_________________________________бағала,
_________________________________жаңала.
_________________________________қызмет қыл,
_________________________________аяла.

ІІ топ

___________________________________құрып,
__________________________________жаңғырып

_________________________________________
___________________________________мәңгілік.



ІІІ топ

_________________________________дейді,
_________________________________терлейді.
__________________________________________,
_________________________________өлмейді.

ҚБ. Мұғалімнің қошемет сөздері арқылы бағалау.




Интербелс.

тақта

















6 мин











Сабақтың соңы


Үй жұмысы

1 минут




Рефлексия


3 минут


4-тапсырма. «Т кестесі»әдісі.

Сабақтың тақырыбын қорыту және өмірмен байланыстыру мақсатында «Т кестесін» толтырту. Ұнатамын-Ұнатпаймын деген екі бағананы «Дүние қалай етсең табылады»мәтінінен өздеріне ұнаған жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді алып толтырады.



Ұнатамын

Ұнатпаймын

Тыным таппайды күнін босқа өткізбейді,еңбектеніп ақша табады,ешкімге тәуелді болмайды.

Ештеңе істегісі келмейді, оңай жолмен ақша тапқысы келеді,тіленшілік жасайды.



Үйге тапсырма:

“Еңбектің наны тәтті...” тақырыбында эссе жазу



«Рефлексиялық пирамида»

  1. Менің білгенім............................................

  2. Мені ойландырғаны..................................

  3. Сұрағым........................................................







Үлестірме парақша лары


Қосымша ақпарат



Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сай келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?


Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?


Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не себеп болар еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі/қиыншылықтары туралы нені анықтадым , келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
3133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі