Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Уақыт - мезгіл пернесі. 10сынып. Өзін - өзі тану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін - өзі тану мұғалімдеріне қажет болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Өзін – өзі тану

Мектеп: «№9 орта мектеп»КММ

Күні:

29.

Мұғалімі:Сакашева К.К

Сыныбы:10.

Сабақтың тақырыбы:

Уақыт-мезгіл пернесі.

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет.

Қасиеттер: Жауапкершілік, әдептілік.


Сабақтың мақсаттары: "Уақыт" ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.

Міндеттері:

  • "Уақыт" ұғымын құндылықтар аясында түсіндіру.

  • Жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

  • Уақытты бағалай білуге баулу.

  • Мәдениеттілікке үйрету.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Түгелдеу. 5 Т ережесі.

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді мейірімге бөлеп, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.  
Нұр бірте-бірте шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.  Қанша уақыт өтсе де, менің осы нұрлы жүрегім өзгермеуі тиіс, себебі мен әрбір сәтімді бақытты өткізуге тиіспін, ал әрбір сәтті бақытты өткізу үшін, мен тек жақсы істерді жасаумен айналысуым керек. Іштей қайталаңыз: мен бақыттымын, мен өз өмірімнің әрбір сәтін бағалаймын. Осындай бақытты күйде отыра тұрамыз. Көзімізді ашуға дайындаламыз.

2.«Үй тапсырмасын тексеру»

Эссе тыңдау.

3.«Негізгі бөлім»

Дәйексөз.  (дәптерге жазып аламыз)

«Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» мақал

Осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіздер?

Сіздер өз уақыттарыңызды қалай өткізесіздер?

Өзіңізге уақытыңыз жеткілікті ме?

Күнделікті өзіңе есеп бересіз бе?

Не істедіңіз? Қанша ісіңіз  ертеңгіге қалды?


Әңгімелеу  (мұғалім  сыйы). Видео  «Қайран уақыт»  М.Жүнісова орындауында ән.


Әңгімелесу.

Оқулықтағы «Ойланайық пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтармен пікір алысу.

Жаңа ақпарат, оқулықпен жұмыс.

Уақыт құндылығының мәнін түсіну үшін Ә. Нұршайықовтың естеліктерінен алынған үзінді берілген. Бүл мәтін арқылы оқушыларды әрбір жас кезеңінде уақытты тиімді пайдалана алуға үйретіп, уақыттың өткінші құбылыс екендігін түсіндіру мақсаты көзделеді. 
Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтқысыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. 
Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. 
Казіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. 

- “Уақытты мәнді өткізу” дегенді қалай түсінесіз? 
- Мәтіндегі ойлармен келісесіз бе? 
- Өзіңіз уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз?

Қазақ халқының уақыт өлшемдерін еске түсірейік.

Шаруашылық ерекшелігіне байланысты қалыптасқан уақыт ұғымын білдіретін тұрақты сөз тіркестерінен: аттың жалы, түйенің қомы, сиыр сәске, бие сауым уақыт, сүт пісірім уақыт, қой қоралап ел орынға отырған уақыт, мал өріске шыққанда, мал төлдеген кезде, қошқарға күйек байлаған кезде, мал өрістен қайтқанда болып келсе, тарих тұрғысынан ел санасына сіңіп қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген тарихи дәуірді білдіретін уақыт өлшемдері бар. Табиғатпен байланысып жататын өлшемдер: ай туғанда, алғаш қар жауғанда, жер көктегенде, күн арқан бойы көтерілгенде, жұлдыздар өшкенде, күн батарда, күн көтерілгенде, күн еңкейгенде, күн ұясына батқанда, күн күркірегенде, күн төбеге келгенде, қансонарда, қырау түскенде, таң бозарып атқанда, шөп сарғайғанда, жыл құсы қайтқанда, таң сәріде, елең-алаңда болып келеді. Бұдан бөлек әр маусым ауысқандағы күн мен түннің теңелген уақыттарын да қазақ өз түсінігі мен дүниетанымына сай арқардың тас басары, боқырауын, отамалы тектес атаулармен білдіріп отырған.  

Ән айту «Айым болып тудың ба»
Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. 
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен.

4.Үй тапсырмасы  (оқулықта 132 беттегі А.Файзуллина)

Түйіндеме

Уақыттың жаулары:

Түсініксіз мақсаттар

Тыңдай білмеу

«Жоқ» деп айта алмау

Асығыс шешімдер

Бәрін бірден орындауға ұмтылыу

Ұмытшақтық

Толық ақпараттың болмауы

Өзіндік тәртіптің жоқтығы

Жоспарлай білмеу

Тосын шешімдер

Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.

Төмендегі  түйіндемені оқып, өз тұжырымдамаларыңызды ұсыныңыздар.



5. Соңғы тыныштық сәті:

Балалар, қанекей сабағымыздың соңында жайлы әуен аясында жанымызды тыныштандыра отырып, бүгінгі алған әсерлерімізді ой елегінен өткізелік. Жүрегіміздің лүпілін тыңдайық, әр соққан жүрек лүпілі уақыт өлшемі - сағаттың тырсылындай. Әрбір соққан жүрек лүпіліне бір-бірден әдемі моншақтарды тізіп жатқандаймын. Көз алдымызға әдемі тізілген моншақтарды елестете отырып сабағымызды аяқтаймыз.

Жүрек айтар бір сәт тоқтап тұра алман,

Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан.

Ескермейтін, ей адамзат, өмірің

Минуттар мен секундтардан құралған дегендей әр сәттеріңіз мағыналы да мәнді өте беруіне тілектеспін.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
891
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12