Уақыт алтыннан қымбат

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Уақыт алтыннан қымбат

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ-ны ашық сабақ өткізуге қолдануға болады. Жоспар 5-сыныптың оқу бағдарламасына лайықталып жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні:қазақ тілі


Мектеп:

Сыныбы: 5

Қатысқан оқушы саны: қатыспағандар:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Айдарқызы Ардақ

Бөлім тақырыбы

Бос уақыт және хобби

Сабақ тақырыбы

Уақыт алтыннан қымбат

Оқу мақсаты

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Сабақ мақсаты

Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру;

Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Бағалау критерийлері


Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, өз ойын білдіреді

Түбір сөздерді ажырата біледі

Оқыту

Сабақ

кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

ресурстар

3 минут











4 минут




Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындық


Психологиялық ахуал орнату:

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.


Уақыт және алтын белгісі бар қағаздарды таңдау арқылы оқушыларды топқа бөлу

1-топ: Уақыт

2-топ: Алтын


Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылар жеке жауап береді. 53-беттегі 6-тапсырманы орындау. Бос уақытты тиімді пайдалану туралы кестені толтыру


Оқушылар бір-біріне жақсы лебізін білдіріп, топқа бөлінеді








Үй тапсырмасын оқып, сұрақтарға жауап береді












Кестеде берілген сұрақтың әр дұрыс жауабы үшін 1б.

Қима қағаздар


Смарт тақта

Кіріспе

2 минут





Сабақ ортасы

7 минут







7 минут



















7 минут


























10-15 минут


















































Тақырыпты болжау:

Оқушыларға топ атауларына байланысты сұрақ қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын болжату. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.


Тыңдалым және айтылым дағдысы

Оқушыларға тақырып бойынша тыңдалым мәтінін тыңдатып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

«Уақыт алтыннан қымбат» мәтіні

  1. Мәтінде уақыт туралы қандай тіркестер айтылған?

  2. Неліктен уақытты ұтымды пайдалан делінген?

1-тапсырма. Жұптық жұмыс

Тыңдалым мәтіні негізінде төмендегі сұрақтарды талқылап, жұбыңмен диалог құр.


  1. Уақытты тиімді пайдаланудың қандай жолын білесің?

  2. Әр күні ойға алған істеріңнің тізімін жасап көрдің бе?

  3. Жоспарланған іс-әрекеттерің оң нәтижесін бере ме?


Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді;

  • Диалог құрады



ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма: Жеке жұмыс

 1-топ: Берілген сөздердің түбірін тауып, көшіріп жаз. Морфологиялық талдау жаса.


  Ұлды – , малды – , әнші – , күйші – , аңшы – , бұйымдар – , үлкенге – , жұмбақтар – , ағаштан – , теріден – , тәрбиенің – .


2-топ:Сөздерге қосымша жалғап, мақал құрап жаз. Түбір сөздерді белгіле.

Тіл,  қару,  сөз.

Бас, кеспек, болса, тіл, жоқ

Сөз,  қу,  пәле,  жолық.

Сөз,  сүйек,  өт,  ет,  таяқ,  өт.


Дескриптор:

  • Сөздердің түбірін табады;

  • Сөздерге қосымша жалғайды;

  • Мақал құрастырады;

  • Талдау жасайды


Сергіту сәті.





3-тапсырма:Топтық жұмыс

Шығармашылық тапсырма

1-топ: Берілген мақалдарды қолдана отырып, уақыт ағашын құрастыр

  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

  • Әр нәрсе уақытында қызықты.

  • Ештен кеш жақсы.

  • Кешегікүнненалысжоқ,

  • Ертеңгікүнненжақынжоқ.

  • Өткенкүн - ұшқанқұс,

  • Шақырсаң да келмейді.

  • Еңбектепжылжысаң да ертеңгеұмтыл.


2-топ: Берілген өлеңді оқып, әдеби монтаж дайындау

Уақыттан бәрі жеңілер,
Жол да жоқ артқа шегінер
Осы күн, осы сәт бізге,
Бір-ақ рет қана берілер...

Уақыттан асқан билік жоқ,
Уақыттан озған жүйрік жоқ,
Адамға Алла бұйыртқан
Уақыттан қымбат сыйлық жоқ.

Өткізе бермей жай ғана,
Уақытты жарат пайдаңа.
Жиырма төрт сағат – тең уақыт
Берілген кедей-байға да.

Мейірімін төгіп саған да,
Мүмкіндік берді хақ Алла.
Денсаулық пенен уақытты,
Берген ғой тегін адамға.

Неге біз осы, неге біз,
Ұмытып кете береміз?!
Денсаулық пенен уақыттың,
Қадірін білмей келеміз...

Оңымнан туып тұрса Айым,
Уақытты дұрыс жұмсайын!
Несие уақыт берілген,
Жиырма төрт сағат күн сайын!


Дескриптор:

  • Көтерілген мәселе бойынша өз ойын белдіреді;

  • Шығармашылықпен айналысады

Оқушылар тақырыпты болжап, сабақ мақсатын анықтайды



Тыңдалым мәтіні негізінде сұрақтарға жауап береді






Сұрақтарды негізге ала отырып, диалог құрады














Әр топ берілген тапсырмаларының негізінде талдау жасап, мақал құрастырады

















Оқушылар видеодағы қимылды қайталайды



Оқушылар берілген тапсырмалардың негізінде шығармашылық жұмыс жасайды, топта белсенділік танытады














































Қ/б: жарайсың, өте жақсы т.б.









Қ/б: жарайсың, өте жақсы т.б.





Әр дұрыс жауап 1б. бағаланады, мұғалімнің кері байланысы беріледі












Дескриптор бойынша дұрыс орындалған тапсырмаға 1 б. беріледі


Мұғалімнің кері байланысы




















Көтерілген мәселе бойынша өз ойын белдіреді;

Шығармашылықпен айналысады

Жалпы 2б










































Смарт тақта














Смарт тақта


Маркер, таратпа қағаздар












Смарт тақта, оқулық, тақтамен жұмыс





















Видео











А3 форматты қағаз

Маркер



Әдеби кітап

Смарт тақта

Сабақ соңы

3 мин

Кері байланыс




Үй тапсырмасы:Уақыт туралы үш мақал жазып, сөз құрамына қарай талдау

Оқушылар өз пікірін жазып, тақтаға іледі


Оқушылар бірін-бірі «қошамет» әдісімен бағалайды









Тыңдалым мәтіні

Өз уақытымызды ұтымды пайдалана білеміз бе?


  Уақыт – қымбат нәрсе. Біз уақытқа бағынатынымызды ескере бермейміз. Мысалы, уақытты кез келген сәтте ұзартып, қалаған кезімізде қысқарту еркімізде емес. Оның бізге бағынбайтын заңдылығы бар. Көреген халқымызда уақыт жайлы «қас қағым сәт», «сүт пісірім», «көзді ашып-жұмғанша», «қамшының сабындай қысқа ғұмыр» сияқты сөз тіркестері ертеден қалыптасқан. Уақытқа бағынатынымызды дәлелдейтін «уақыт – емші», «уақыт – төреші» деген ұғымдар да бар. Бұдан ата-бабамыздың уақыт қадірін түсініп, бағамдай білгенін ұғамыз. Уақыттың қадірін түсінуді, дұрыс пайдалануды ұрпақтарына да жеткізген.
  Уақытты бос өткізу – қателік. Адам баласы уақытты бағаламағандықтан мүмкіндіктерінен айырылады. Ұтымды пайдаланған уақыт – арман-мақсатқа жетудің бірден-бір жолы.
  Қазіргі техника дамыған заманда теледидар көру, әлеуметтік желілерде отыру, телефонмен ұзақ сөйлесу әдеттері көбейіп кетті. Осы әдеттерге кеткен уақыт жоспарлы, мақсатқа жетуге бағытталған болса, ол – қуанарлық жағдай. Уақытты өз пайдамызға асыру жолдары: ойға алған жұмыстың тізімін жасау, жоспар құру және өз мүмкіндігімізді ескеру. Абай атамызайтқандай, әркүнімізгеесеп беру.

ҚазАқпаратсайтынан



«қас қағым сәт», «сүт пісірім», «көзді ашып-жұмғанша», «қамшының сабындай қысқа ғұмыр», «уақыт – емші», «уақыт – төреші»



3-тапсырма:Топтық жұмыс

Шығармашылық тапсырма

1-топ: Берілген мақалдарды қолдана отырып, уақыт ағашын құрастыр

  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

  • Әр нәрсе уақытында қызықты.

  • Ештен кеш жақсы.

  • Кешегікүнненалысжоқ,

  • Ертеңгікүнненжақынжоқ.

  • Өткенкүн - ұшқанқұс,

  • Шақырсаң да келмейді.

  • Еңбектепжылжысаң да ертеңгеұмтыл.





2-топ: Берілген өлеңді оқып, әдеби монтаж дайындау

Уақыттан бәрі жеңілер,
Жол да жоқ артқа шегінер
Осы күн, осы сәт бізге,
Бір-ақ рет қана берілер...

Уақыттан асқан билік жоқ,
Уақыттан озған жүйрік жоқ,
Адамға Алла бұйыртқан
Уақыттан қымбат сыйлық жоқ.

Өткізе бермей жай ғана,
Уақытты жарат пайдаңа.
Жиырма төрт сағат – тең уақыт
Берілген кедей-байға да.

Мейірімін төгіп саған да,
Мүмкіндік берді хақ Алла.
Денсаулық пенен уақытты,
Берген ғой тегін адамға.

Неге біз осы, неге біз,
Ұмытып кете береміз?!
Денсаулық пенен уақыттың,
Қадірін білмей келеміз...

Оңымнан туып тұрса Айым,
Уақытты дұрыс жұмсайын!
Несие уақыт берілген,
Жиырма төрт сағат күн сайын!


































УАҚЫТ





АЛТЫН








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі