Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Уақыт бірліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикадан ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Уақыт туралы түсінік

Уақыт өлшем бірліктері туралы түсіну.Минут. Сағат.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.10 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, тәулік, апта күндері, ай) білу, тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолдану және олардың өзара байланысын білу

1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат

Сабатың мақсаттары

Тиісті уақыт өлшемдерін пайдалану және олардың өзара байланысын білу.тәжіирибелік тапсырмаларды орындату арқылы оқушыларға бір минуттық уақыт ұзақтығы туралы түсінік қалыптастыру

Уақыт өлшемі «минут» туралы түсінік енгізу.

Жетістік критерийлері

  • минут уақыт аралығы екендігін;

  • бір минут ішінде қандай іс әрекеттерді орындауға және қанша рет орындауға болатынын;

  • минуттың уақыт өлшем бірлігі екеніні түсінетін болады.

Сөздік қор

Минут, сағат, секунд

Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқиғаларды уақыт бойынша орналастыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру




Шаттық шеңбері

Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

ОМ анықтап алу мақсатында жұмбақ шешу

презентация,

сағат моделі,

тапсырмала жазылған кеспе қағаздар



Ой шақыру





Жұмбақ

Сыртылдайды күнімен

Сыртылдайды түнімен

Білгің келсе уақытты

Көрсетеді тілімен. (сағат)

1.Сағаттан басқа қандай уақыт бірліктерін білетіндіктерін еске түсіру. Уақыт бірліктері атауымен топтастыру.

1-топ. Сағат

2-топ. Минут

3-топ. Секунд

Әр топтан өз атаулары бойынша естіген және түсінетін уақыт бірліктері туралы сұрау.

Мысалы, телебағдарламаның жүру ұзақтығы, тағам пісіруге кететін уақыт, мектепке дейінгі аралықты жүріп өтуге кететін уақыт.

2.Уақыт өлшем бірлігі сағат туралы түсініктерін қайталау. Ол үшін алдын ала 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды алып ортаға әр топтан 4 оқушыдан он екі оқушы шығады. Оларға 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар таратылады, шеңбер бойымен тұрады.Содан соң ортаға тағы бір оқушы шығады. Ол шеңбердің ортасына тұрады. Ортаға шыққан оқушыға сағаттың тілі беріледі. Басқа оқушыларға жақсы көрініп, түсінікті болу үшін сағаттың қысқа тілі қызыл түсті, ұзын тілі көк түсті болады. Орындарында отырған оқушылардан кез келген уақытты айтуы сұралады. Ал шеңбердің ортасында тұрған оқушы орнында тұрып, айтылған уақытты көрсетуі тиіс. Егер қателесетін болса, онда басқа оқушы көрсетеді. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін оқулық пен дәптердегі жаттығу тапсырмаларын орындатып, олардың білімін толықтыра түсуге жағдай жасалады.

3.Топпен жұмыс. «Кім жылдам?» ойыны.

Суреттегі уақытты анықта.



4.Сен білесің бе?

Қазақтар күнге қарап уақытты былай болжаған.

Таңертеңгі күн шыққан уақыт-сәресі

Күн тас төбеге келген кез- талтүс

Түс қайтқан уақыт-бесін

Күн байыр шақ- екінді

Күн ұясына қонған шақ –ақшам деп аталған

Сағат түрлерімен таныстыру.

Ертеде алғашқы сағаттар Қытай елінде пайда болған. 5.Қазіргі кезде сағат түрлері өте көп. Сурет бойынша қысқаша түсініктеме беру.

Shape1


6.Зерттеу жүргізу1 минут ішінде қай әрекеттерді неше рет қайталай аласың?

  • өз есімін жазу;

  • қағазға нүктелер салу;

  • жіпке моншақтар тізу.

оқушыларды минут уақыттың өте қысқа аралығын көрсететін өлшем бірлігі, бірақ осы уақыт аралығында да кейбір іс-әрекеттерді орындап үлгеруге болатындығына назар аударту.

Ж ұппен жұмыс. Орындап көр. Тапсырманы оқушылар жұпта орындайды. Оқушылар сағат моделімен жұмыс істейтін болады. Сағат моделіндегі тілдерді қозғалта отырып, олар цифер болатын шеңберін екі жарты шеңберге бөліп көрсететін жерде сағат тілдерінің орналасуын табуы тиіс. Осындай қалыпты тауып, онда минуттық және сағаттық тілдер орналасқан жағдайда уақытты анықтау керек. Біз сағат моделінде сағат тілдерін қалай, қай бағытта жылжытсақ та, шын өмірде сағаттағы тілдер тек қана бір бағытта ғана қозғалатынына оқушы назарын аудару қажет.








Сабақтың соңы


Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

Жетістік ағашы ” бойынша өзін-өзі бағалайды.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

уақыт өлшемін анықтауда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

уақыт өлшемін анықтап үйренеді

Сергіту сәті










  




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12