Уақыт-мезгіл пернесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Уақыт-мезгіл пернесі

Материал туралы қысқаша түсінік
-уақыттың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту; -оқушылардың жауапкершілік қасиеттерінің дамуына ықпал ету; -оқушыларды өз бойларынан ақиқат іздеу, білім іздеу, шындық пен жалғанды ажырата білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: Көкбұлақ орта мектебі

Тақырып: Уақыт-мезгіл пернесі

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: ақиқат ,білім, шындық

Мұғалiм: Қисықбасова Дариға Азанқызы

Класс: 10

Сабақ мақсаты:Оқушыларға   мезгілдің, уақыттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы ақиқат мәнін ашу.

Міндеттері:

-уақыттың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту;

-оқушылардың жауапкершілік қасиеттерінің дамуына ықпал ету;

-оқушыларды өз бойларынан ақиқат іздеу, білім іздеу, шындық пен жалғанды ажырата білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т.ережесі. Сабақ құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш

Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру.

29. 129 беттегі Ә.Нұршайықовтың мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. -«Уақытты дұрыс өткізу» дегенді қалай түсінесіз?

  2. -Мәтіндегі уақытқа байланысты  ойлармен қалай бөлісесіңдер?

 -Сендер өз уақытыңызды тиімді пайдаланасыздар ма?

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.«Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» мақал

Сұрақ:

-Осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіздер?


Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы)

Бір дана бос құмыраны алып, таспен толтырады. Шәкірттерін жинап, оларға: - Құмыра толы ма? - деп сұрақ қояды. Шәкірттері: - Иә, - деп жауап береді. Дана бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырды. Сонда дана: - Енді толы ма? - деп сұрайды. Шәкірттері бас изеді. Бұл жолы дана құм толып тұрған қорапты алып, құмыраға құйды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырды. Дана шәкірттерінен тағы сұрап, «иә» деген жауап алды. Сонда дана суға толы кесені алып, құмыраға құйды. Шәкірттері мұны көріп, күлді. Дана сонда былай дейді: - Сендерге айтайын дегенім, құмыра — біздің өміріміз. Тас — өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ — бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрсе емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар, т.б. Құм — кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа да орын қалмайды.

Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді...
Сұрақтар:

-Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

-Адам өмірінің мәні оның істеген ісімен өлшенуінің себебі неде?

өміріміздегі ең маңызды нәрселер не деп ойлайсыңдар?



Шығармашылық жұмыс.

Ақиқат. Уақытты ақиқатпен байланыстыру.Постер қорғау

.


Үй тапсырмасы. №30. 131 бет


Топпен ән айту. Келші,келші,балашым

Сөзі Қ.Ыдырысовтікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі

Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да.


Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің,

Ақ болар деп ойладым.


Қуанышым-арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар
 ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде,
Болмаған деп санаймыз.


Жалғыз дара-өзіңсің,

Атасының көзісің,

Әжесінің сөзісің,

Мен барымды аяман,

Ботақаным,сен үшін


Соңғы тыныштық сәтi.

Жайлана отырып, өзіміздің ішкі тыныштығымызды бақылаймыз. Көзімізді жұма отыра, ойша ішкі тыныштығымыздың бейнесін саламыз. Ойланамыз...., ол бейнеге жылы нұр жібереміз. Рахмет! Көзімізді ашамыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі