400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Уақытты бағдарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Мақсаты: Уақытты бағдарлау. Таңертең, түс, бесін, кеш, түн уақыт терминімен таныстыру. Апта күндері туралы түсініктерін нақтылау.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, зейінін дамыту.
Тәрбиелігі: Уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд тақта, дәптермен жұмыс.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, үйрету, түсіндіру, сергіту сәті, Д/о, қорыту, мадақтау.
Жаңа сөз: Уақытты бағдарлау
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Бәріміз бір - біріміздің қолымыздан, үлкен шеңбер жасайық.
- Балалар біз таңертең ұйқыдан тұрғанда қай жаққа қараймыз?
- Онда нені көреміз?
- Егер күннің көзі жарқырап тұрса қалай қуанамыз. (Балалар алақанымен шапалақтайды )
- Балалар кәне, алақандарымызды түйістіріп көрейікші.
- Нені сезіп тұрмыз?
- Осы жылулық арқылы бір - бірімізге игі тілектерімізді айтайық.
Рахмет, тілектерің қабыл болсын!

Суретпен жұмыс
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Көктем мезгілінің ай аттарын атайықшы?
- Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?
Ұйымдастырушылық ізденістік
Жаңа сабақ:
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміз: Математика.
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Түнде де, күндіз де,
Тынымсыз соғады.
Бұл не екен балалар! (Сағат)
Ұзын, қысқа тіл,
Он екі тілмен дос бұл.
(Сағат тілі)
- Балалар сағат адамдарға нені білуге көмектеседі?
(Слайд тақтадан әңгімелеу)
Ата – аналар балаларын балабақшаға қай кезде әкеледі. Және қай кезде алып кетеді. Балалар қай кезде ұйықтайды, қай кезде тамақ ішеді. Кәне, маған сурет бойынша кім әңгімелеп береді.
Д/О: Зейінді бол!
Мақсаты: Тәулік бөліктері, зейінді дамыту.
ш/ы: Егер дұрыс болса, балалар алақандарын шапалақтайды, дұрыс емес болса, аяқтарын топылдатады.
- Алдымен кеш түседі, содан соң түн болады.
- Біз таңертеңгілік тамақты кешке ішеміз.
- Біз түнде серуендейміз.
- Күндізден кейін кеш болады.
- Балалар кім маған апта күндерін атап береді.
- Апта күндеріне байланысты кім санамақ айтып береді.
- Балалар сонда аптада қанша күн бар?
- Қанша жұмыс күні бар?
- Қанша демалыс күні бар?
- Балалар бүгін қандай күн?
- Ертең қандай күн болады?
Сергіту сәті:
Таңертең – оянамыз, жуынамыз,
Тісімізді тазалаймыз, шашымызды тараймыз.
Күндіз – ойнаймыз секіреміз.
Кешке – Балабақшадан ораламыз, теледидар көреміз, жуынамыз.
Түнде - ұйықтаймыз.
Дәптермен жеке жұмыс.
Балалар суреттегі (таңертең, күндіз, кеш, түн) уақытты тауып оларды ретімен орналастыруды ұсынады.
Уақытты бағдарлау туралы кім тақпақ айтып береді.
1. Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз.
(Бұл қай кезде болады?) (Таңертең)
2. Сабақ оқып, ойын ойнап,
Серуендеп қайтамын.
Тамағымды ішіп,
Түсте ұйықтап жатамын. (Күндіз)
3. Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз, серуендейміз. (Түс )

4. Ұйқыдан тұрып,
Беті қолды жуып,
Төсекті жинап,
Таза ауа жұтып,
Кешкісін үйге қайтамын. (Бесін)
5. Күн батады қызарып,
Анамызды күтеміз.
Бұл қай кез. (Кеш )
6. Үйге келіп кино көріп,
Ойыншықтарды жинастырып,
Беті – қолды жуып,
Тісімді тазартып,
Ұйықтауға жатамын. (Түн )
Д/о: Жыл мезгілдерін өз орнына орналастыр
ш/о: Мантассори элементтерін пайдаланып жыл мезгілдерін тауып, тақтайшаға орналастыру.
Рефлексиялық түзетушілік
Балалар бүгін біз қандай оқу іс - әрекетіміз қалай аталады. Уақытты бағдарлау туралы не үйрендік? Оқу іс – әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтайды, қорытындылайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі