Қожа Ахмет Ясауи
хикметтері
Қожа
Ахмет Ясауи-сопылық дүниетанымның
негізін қалаушылардың бірі, есімі ислам
әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса
көрнекті ақын.
Ахмет
Ясауи сопылық – философиялық
дүниетанымдарын өзінің «Диуани хикмет»
еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы
түркі тілді халықтардың ХІІ ғасырда
дүниеге келген әдеби ескерткіштерінің
бірі болып саналады, сонымен бірге ол
қазақ әдебиетінің де нұсқасы болып
табылады.
Қожа
Ахмет Ясауи 63 жасқа келгенде қылует
жасап, жер астынан үй тұрғызып, жарық
дүниемен тек шәкірттері арқылы байланысып,
сол жер астында осы кітабын жазған.
Ясауи бұл жазбаны 63 – 73 жас аралығында
жазған, сөйтіп өзінің ойларын өлең
түрінде бір жүйеге түсірген. Барлығы
149 хикмет – жыр.
Ясауидің
кітабын тақырыбы жағынан екі топта
жіктеп қарастыруға болады. Біріншісі
– сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде
жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт,
насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім
– тәрбие сипатындағы хикметтер жатады.
Ал екінші тобы – ақынның өз кезегіндегі
дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық
шығармалары.
Ол
өзінің даналық кітабында екі өмірдің
мәнін аша келіп имандылыққа, әділдікке,
адалдыққа, мейірімділікке үндейді.
Осыған орай, ол Мұхаммед пайғамбардан
үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың
қызығын тек өзі көрмей, өзге жетім-жесір,
мүсәпірлерге де қайырымды болу, жасаған
күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға
келу, Аллаға сол туралы шын көңілден
жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды
түрде сипаттайды:
Жаратушы-Жан-Алла,
Жарылқаушым
ғаламда.
Мейіріңнен
дәметем
Кірпігімді
жабарда.
Өмірдің
қызығы мен қиыншылығын пенде бастан
қанша кешірсе де, қиыншылыққа төзіп,
қуанышқа сабыр, шүкірлік етуі шарт. Бұл
үшін ол үнемі бір Құдайға жалбарынып,
соның кешірімін алуы қажет. Біздің
халықта: «Аруақ ұрған оңалмайды, Құдай
ұрған оңалады» деген мәтел бар. Немесе
кейде: «Күнәсін мойындағанды Құдай да
кешеді» – дейді. Сондықтан адам, алдымен,
өзінің Аллаға деген көңілін, сенім-нанымын,
пиғылын жөндеп алуы керек. Өмірдің
қуанышынан қайғы-қасіреті көбірек, сол
себепті ол Құдайға деген сенімін
кемітпей, қайта оның шарапатына,
кешірімділігіне нық сенгені дұрыс [1].
Бұл
жинақ ұстаздың шәкірттеріне, болашақ
ізбасарларына, оқушыларына арнаған
сөзі түрінде жазылған.
Жинақта
бүкіл адамзатты толғандырған «Тіршілікті
жаратушы кім?», «Өмір дегенміз не?»,
«Адамның өмір сүрудегі мәні мен мұраты
не?» деген сұрақтарға жауап беруге
тырысады. Ясауи хикметтері бойынша
ғарышты, шексіз әлемді, рух дүниесін
жаратқан – құдіретті Алла тағала. Ол
адам өмірінің мәні мен мұраты. Алланың
аманат етіп тапсырған рухани жанын
дүние күнәсінен ада, таза түрінде Алланың
өзіне ахиретте қайтарып беру парызында
деп түсіндіреді.
«Диуани
хикмет» - әдебиетіміздегі сыншылдық
дәстүрдің басы.
Өз
заманының дағдарыстарына шипа іздеуде
Йасауи өз көзқарасы тұрғысынан мынадай
пікірлер айтады. Алла сыйлаған жарқын
өмірдің қасіретке толып, азып – тозып
азғындауына адамдардың өздері кінәлі.
Адамның Алла жолына қайшы келетін ниеті,
пиғылы, құлқы, жүріс – тұрысы, мақсат –
мүддесі заман қайшылықтарын туғызады
деп табады.
Ғұлама
өзі жеті жасында пайғамбарымыздың
Мұхаммед Мұстафа ғалайссаламның арнап
қалдырған құрмасын табыс еткен Арыстан
Бабтың айтқан ақылдары мен үлгі-өсиеттерін
зор ілтипатпен еске ала отырып, ұстазының
рухани тазалығын, адалдығы мен шыншылдығын
өзгелерге үлгі тұта сөйлейді. Осыған
орай ол кейбір надан шәкірттер мен арам
сопылардың бет пердесін жұлып алып,
олардың шын мәнісінде қандай жандар
екенін айқара ашып әйгілейді:
Тақуамын
деп зор санар, көзіңнен шықпайды жасың,
Көңілдерінде
дерті жоқ, қалай ауырар басы.
Өтірік,
айла қылса да, Құдайға мәлім бар ісі,
Арыстан
Бабам сөздерін есітсеңіз тәбәрік.
Шәкіртімін
деп айтады, көңілінде жоқ шындығы,
Шын
шәкіртті сұрасаң, іші-тысы гәуһәр дүр,
Хаққа
аян сырлары, жемістері таза дүр,
Арыстан
Бабам сөздерін есітсеңіз тәбәрік!
Сөйтіп,
арамдық пен өтірік-өсектен, нәпсіқұмарлықтан
жиіркенбейтін шәкіртсымақтарды ақын
өлтіре сынай отырып, «ғарыптардың ұлығы,
заты таза» Арыстан Бабты сондай пасықтарға
үлгі етіп ұсынады [3].
Қорыта
айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның
өмірде алатын орнын оның ішкі жан-дүниесінің
тазалығымен өлшейді.