Материалдар / яссауи 40-Хикмет жауаптары

яссауи 40-Хикмет жауаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.


2. Арыстан бабтың Ясауиге құрманы беру туралы аңызын баяндаңыз


Арыстан баб Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім үн қатпады. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша Арыстан баб кесенесінің үстінде ешқашан бұлт тұрмайды екен. Әрдайым ашық аспан астында тұрады. Бұл да болса жоғарыда айтылған аңыздардың ішінде шындығы бар секілді.



3. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің 6-7 жасқа толғанда Сайрамда білім алған ұстазы жайлы айтыңыз. (Әфсана 36 бет)


Көзі қарақты, зиялы да тәрбиелі ортадан шыққан Ибраһим ата, осы «Шежіреде» айтылғандай, зейінді де зерек 6-7 жасар баласы жас Қожа Ахмет Яссауидің сондағы Шаһабиддин Исфиджаби деген ғұламаға алып келіп, «Сүйегі біздікі, еті Сіздікі, иншалла, артымызда лайықты мұсылман қалсын деген ниетіміз» деп қолынан жетектеп әкеліп өзі тапсырған делінеді. Ол кісі шашы да, сақалы да, тіпті, қасы да қудай аппақ болғаны себепті «Ақ Ата» деп аталып кетсе керек.


4. Ясауидің Баба Машынмен пікірсайысы туралы хикаяны айтыңыз (Әфсана 69 бет)


Қожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара жатқанын ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар хабардар болады. Олар Ясауи жолының дұрыстығына күмән келтіріп, қалай да оның жолына тосқауыл қоюды ойластыра бастайда. Солардың бірі – Қорасан елінен шыққан атақты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің мықты деген 400 шәкіртімен Ясы қаласына Қожа Ахметті іздеп келеді. Ясыға келген соң, Қожа Ахметке жолығып: «Елді бүлдіріп, жолдан шығарып жүрген жасыл шапанды сенбісің?» – деп дүрсе қоя береді. Ясауи ата шәкірттеріне: «Бұл сөйлеген кезінде есінен адасады, не айтып жатқанын өзі ұқпайды. Сондыктан бұны ұстап, ұстынға байлаңдар!» – деп бұйырады. Шәкірттері ұстап, байлаған соң, оның денесін жалаңаштап дүре соғуға бұйырады. Алғашқы қырық дүре соққанда Баба Машын былқ етпей, Алла атын аузына бір рет те алмайды. Оны біраз уақыт демалдырып, тағы да қырық дүре соғады. Осы кезде ғана баба Машынның құлындай шыңғырып, «Алла»,- деген жан даусы шығады. Ясауи ата дүре соғуды тоқтатуға бұйырады. Мұны көріп тұрған Хасан хан Ясауи атадан:

— Бірінші рет дүре соққанда, ол бір рет те Алланың атын есіне алмады. 40 дүрені екіші рет соққанда «Алла» деп шыңғырған жан дауысы шықты.


Бұның себебі неде? – деп сұрады.

Ясауи:


— Оның арқасына жын-перілер жабысып алып, алғашқы 40 дүрені
өткізбеді. Сол себепті алғашында оған дүре батпай, Алла атын жад етпеді.
Соңғы 40 дүре Баба Машынның арқасына тиіп еді. Сондықтан оның жан
дауысы шықты, – деді.

Одан кейін Ясауи ата есін жиған Баба Машынға қарап:

— Өзіңнің қайдан екеніңді білдің бе? – деп сұрады. Ол көз жасы көл
болып, әдепсіздігі үшін Ясауиден кешірім сұрап, тәубесіне келді. Атаның
шәкірті болды. Үш рет қылуетке түсіп, Ясауидің сүйікті шәкірттерінің біріне айналады.


5. Ясауидің шәкірті Имам Марғозы туралы хикаяны және оның кесенесі орналасқан жерді атаңыз


ХІХ ғасырда шикі кірпіштен салынған дәстүрлі сәулеттік құрылыстардың бірі. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Бұл әулиенің кесенесі Түркістаннан 7 шақырым қашықтықта Шобанақ ауылының оңтүстігіндегі биіктеу төбеде, ескі қорымда орналасқан. Қорымды жергілікті халық «Көктонды ата әулие қорымы» деп атайды.


6. Ясауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата) туралы баяндаңыз


Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Дамаск қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Хакім Ата деген атпен белгілі.


7. Зеңгі баба туралы не білесіз?


Зеңгі Баба– қазақ халқының мифологиялық сеніміндегі төрт түлік малдың бірі – сиырдың пірі. Халық нанымында малдың әр түлігінің өз тәңірісі, иесі болады деп есептелген. Соның ішінде сиыр малының тәңірісі, қамқоршысы Зеңгі баба деп түсінген. Соған сиынып, малының аман-сау өсіп, көбеюін тілеген.[1]

Зеңгі Атаның туған жылы белгісіз. Бірақ ол жайлы айтылған деректерге қарағанда оның 12-ғасырдың соңы мен 13-ғасырдың басында өмір сүрген деп жорамал жасауға негіз бар. Зеңгінің түрік-ислам дүниесінде исламды уағыздаушы данышпан ойшылдың бірі болған. Зеңгі Баба (Айхожа) жас кезінде әкесі Ташхожадан тәлім-тәрбие алады. Әкесінің білімінен кейін Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Сүлеймен Хакім Ата Бақырғанидың тәрбиесінде болып, Яссауи ілімінің мағрифатын, тарихатын, шариғатын, ақихатын үйреніп Аллаға жақындасудың қиын да азапты жолдарынан өтеді. Зеңгінің түп нәсілі араб болғандықтан денесі қара, сүйегі ірі болған екен.




8. «Әнтәл хәди» сөзінің мағынасын ашып, тура жолдың мұсылмандар үшін маңызы қандай екендігін түсіндір?


Зікір аты. Алладан медет тілеу зікірі.


9. «Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» сөзіне талдау жасаңыз?


Мединеде Мұхаммед пайғамбар туылды.Түркістанда Қожа Ахмет туылды.Маңғыстауда Пір Бекет туылды.


10. Түркістан маңындағы Ясауиге туыстас адамдардың кесенесі мен өмірі жайлы не білесің?




11. Қандай оқиғадан кейін Қожа Ахметтің есіміне Ясауи деген тіркес жалғанып айтылатын болды?


Яссы-дан шыққан деген мағынада


12. Салауат сөзінің мағынасы қандай?


Салауат — Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) есімі аталған кезде арнайы айтылатын дұға атауы. Салауат Құран Кәрімдегі бұйрық бойынша пайғамбарға жарылқау, құрмет, құттықтау, дұға тілеу мағынасында арнайы жасалатын құлшылық түрі. Ислам ғұламалары салауат айтуды шариаттың шарты ретінде бекіткен. Әбу Ханифа мазхабында әр намаз оқылғанда пайғамбарға салауат айтуды сүннет үкіміне жатқызады. Жазба әдебиетте “с.ғ.с.”, “ғ.с.”, “с.а.у.” түрінде салауаттың қысқарған сөз түріндегі қалпын пайдалану дәстүрі бар.


13. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерде пайғамбардың қасиеттерін қалай сипаттайды?


«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады


14. Хикметтерде адамның рухани кемшіліктері туралы не айтылады?


Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.


15. Хикметтерде қай сахабалар мен пайғамбарлардың аттары аталады?


Мұхамед, Мансұр, Әубәкір,  Омар, Оспан, Әли


16. «Насабнама» қолжазбасының авторы? Ол қолжазбада не айтылады?



Насабнама– қожалар әулетінің шежіресі. Ол өз ішінде әр әулеттің жеке шежіресі болып жіктеледі және негізінен аққорғандық, хорасандық және дуана қожалардың шығу тегін өрбітеді. “Насабнама” нұсқаларының қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Тек аққорғандықтардың шежіресінде ғана “Насабнама” алғаш араб тілінде жазылып, оны 1244 жылы Қожа Ахмет Иасауидің ағасы Садыр шейхтың немересі Маулана Сафи әд-Дин Орын Қойлақи түркі тіліне аударғаны жазылған. “Насабнама”-ның екінші нұсқасының авторы немесе құрастырушысы Ысқақ Қожа ибн Исмаил Ата Қазғұрди. Ол өзінің “Хидиқат ал-арафин” атты шығармасының соңына “Дуана қожалар” немесе “Беглер” тобының шежіресін қосқан. Басқа “Насабнама” нұсқаларында мұндай мәліметтер кездеспейді. “Насабнама” нұсқалары бір-бірінен өздерінің таралу аймағына қарай, ондағы айтылған тарихи оқиғалардың баяндалуымен, жер-су аттары көбірек аталуымен ерекшеленеді


17. Шопан ата туралы аңызды айтып беріңіз


Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше шамамен 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Иасауи тариқатының басшыларының бірі болған. Жалпы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлығын әйгілеп, ол кәсіптердің бастауында тұрған рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет көрсету дәстүрі бар. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ мұсылмандығында да қазақтың ата кәсібі малшылыққа байланысты пір тұтылатын қасиетті есімдер бар. Солардың бірі Шопан ата Ол Иасауи тариқаты дәстүрінің ұстазы ретінде тарихи тұлға болса да халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталды. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған.


18. 
Бекет ата туралы баяндаңыз




Бекет Мырзағылұлы (Бекет ата) (1750, Құлсары — 1813, Оғыланды) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан


19. Ясауидің ұлы Ибраһим шайықтың өмірден өтуі


Ұлы Ташкент маңында жерленген, екіншісі ел әңгімесі бойынша Түркістанда суға таласып сарттар қастықпен өлтірген делінеді.


20. Гауһар ана ғұмырнамасы мен кесенесі туралы баяндаңыз


Ақылына көркі сай деп аңыз әңгімелерге арқау болған, Қожа Ахмет Ясауидің қызы – Гауһар ана жайлы, оның Түркістан қаласындағы кесенесі туралы «Көне дүние күмбірі» айдарында.                            

 Гауhар ана кесенесі (ХІІ-ХІV ғғ.) Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан.

Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. Деректерде анамыздың ақылы көркіне сай ерекше жан болғандығы айтылады. Гауһар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ, тек 11221124 жылдары туып, шамамен 1187-97 жылдары дүниеден озған деген жорамал бар.


21. Рабия Сұлтан Бегім және оның кесенесінің тарихы?




Рәбия сұлтан бегім  (шамамен 1430 — 1495 жылдары өмір сүрген) —Әмір Темірдың әулетінен, Ұлықбектің қызы, Әбілхайырдың әйелі. Самарқан қаласында өсіп, жан-жақты білім алған. Рәбия сұлтан бегім өте қу, айлакер және сұлу әйел болған десе еді. Оған небір атақты батырлар, билер ғашық болған. Өз жерінің кегін алу үшін ол билер мен батырларды бір- біріне қарсы тұрғызған. Атақты Қобыланды батыр Рәбия сұлтан бегімге қол жеткізу үшін Ақжол биді өлтіргені жайлы мәліметтер бар. Қобыланды батыр сол кезде Әбілхайырдың қол астында болатын. Сондықтан Ақжол бидің әкесі Қотан тайшы Ақ Орда ханы Әбілхайырдан бөлініп шығып, арғын тайпасын алып, Керей мен Жәнібек сұлтандарға қосыла Жетісуға көшіп кетуiне осы оқиға себеп болған.

Өзі дүние салған соң, хан сарайы мен баласы Сүйінішхан анасына арнап, күмбез салдырады. Күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері «ескі, бір күні кұлап қалуы мумкін деген» сылтаумен кираткан. Қазіргі күмбезі жаңартылып салынған. Рәбия сұлтан бегім кесенесі  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Оңтүстік-шығысында 60 м жерде орнасалқан. Оның басына сегізбұрышты құлыптас қайылған. 



22. Қылует жерасты мешіті туралы айтыңыз


Қылует жер асты мешіті, ХІІ-ХV-ХІХғғ. Республикалық мәртебеге ие ескерткіш. XII ғасырда салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 120м қашықтықта орналасқан. Координаттары: 43˚17.776΄,068˚16.247΄ Теңіз деңгейінен биіктігі 228м.


23. Вакуфтық құжат туралы не білесіз?


Дін иелеріне арналған жерлерді айтамыз.


24. Ақсарай бөлмесі қандай қызмет атқарды?


Хандар елдің маңызды мәселелерін шешіп, сырттан келген елшілерді қабылдайтын бөлме


25. «Хан талапай» сөзін ашып көрсетіңіз


Ханды тонау


26. Түркістандағы «Хан Ордасы» туралы баяндаңыз




27. Ясауи кесенесіндегі Тайқазан қай жылы жасалды? Ұстаның аты-жөні, сыртындағы жазулардың мағынасы


Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи жасаған.

Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.



1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды.




01 Ақпан 2025
1079
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі