Материалдар / Ыбырай Алтынсарин
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин жайлы мәліметтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
446
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-шы казанда казіргі Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келген. Әкесінің есімі Алтынсары, анасы Айман. Алтынсары өз еңбегімен тіршілік еткен, карапайым шаруа адамы болған. Ал анасы Айман арғын руының ішіндегі Шеген деген бидің қызы.

Әкесі Алтынсары Ыбырайдың үш-төрт жасында қайтыс болып кетеді. Сол себептен бала Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Балғожа би өз өңіріне танылған беделді, білімді кісі. Ол ұзын қыпшақ руынан шыққан. Өзі өте текті, күллі әулетті билеп, жөл көрсетіп отырған адам болған. Сондай-ақ, ол жалпы шекаралық комиссияға қызмет істеген кісі. Сол себептен де ол немересін орыс мектебіне бергісі келеді.

Ыбырай Алтынсарин жасынан өте ынталы болған. Атасы Балғожа Ыбырайды тойларға, жиындарға өзімен ерте жүріп, немересін іскерлікке, білімділікке, сөз сөйлеу шеберлігіне үйретеді. Ыбырай Алтынсариннің атасымен бірге жүруі өмірі үшін өте маңызды болды. Ал немересінің білімге деген үлкен құштарлығын, ынтасын көрген Балғожа би Ыбырайды Орынборда жаңадан ашылған мектепке 30 баланың біреуі болып береді. Осылайша, ол 1851 жылы қазақ балалары үшін ашылған Шекара комиссиясының жанындағы мектепке жіберілді.

Мектепте оқып жүргенінде, Шекспир, Гёте, Байрон, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдоуси, Низами, Навои және т.б. сияқты әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, зерттеді. Сонда жүріп Шекара комиссиясында қызмет еткен шығыстанушы В.Григорьевпен жақын араласады. Тіпті, Григорьевтің үйіне жиі барып, оның кітапханасын қолданды.

Мектепті бітіргеннен кейін 3 жыл бойы (1857-1860) атасының қол астында кеңсе хатшысы, одан кейін Орынбор кеңесінде аудармашы болып жұмыс істеді.

1860 жылы облыстық үкімет Ыбырайға Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырып, оны орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. Сөйтіп, ол меценаттың қаражатына мектеп ғимаратының құрылысын бастауға кіріседі. Ол мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда салтанатты түрде ашылып, 16 оқушы қабылдайды. Кейін мектептің жанында интернат құрылады.

Алтынсариннің мектептегі жұмысы жақсы бағаланды. 1864 жылы 22 қаңтарда Торғай қаласындағы Орынбор бекінісінің басшысы Орынбор мен Самара генерал-губернаторына «ордалықтар ашқан мектептің шынайы қуанышпен және ризашылықпен өткенін» хабарлады. Ал бұл мектептің мұғалімі Алтынсарин туралы: «Алтынсариннің үлгі болатын тәрбиесі мен көрнекі қамқорлығының арқасында мектеп өте жақсы және таза… Қырғыз оқушыларының аз уақыттағы жетістігі, қысқа мерзімде жақсы үміт беріп, осындай керемет Торғай мекемесінің жемісін жегізетіні және өздерін ақтайтынына сенімдіміз» делінген.

Алтынсариннің өзі 1864 жылы 16 наурызда: «Қойды қуған аш қасқыр секілді, мен қызу түрде балаларға білім беруге кірістім. Және осы балалар үш айдың ішінде, тіпті орыс және татар тілдерінде оқып-жазуды үйреніп алды. Бір сөзбен айтқанда, бұл жақсылар курс аяқталғанша, 4 жылдан кейін бір нәрсе үйреніп, лайықты сөйлей алатын болады деп үміттенемін. Сондай-ақ, кейін олар жемқор болып шықпас үшін, бар ынта-жігеріммен тіпті олардың моральдық әрекеттеріне де әсер етуге тырысамын» деп жазған.

Алтынсариннің қаламынан білім беру ісіне арналған көптеген туындылар туды. Олардың бірі 1869 жылы жарық көрген екі: «Қырғыз хрестоматиясы» мен «Қырғыздарды орыс тіліне үйретудегі алғашқы басшылық» атты оқу құралы. 1869 жылы Ыбырай Торғай аудандық әкімшілігіне іс жүргізуші болып жұмысқа кіреді, кейін аудандық бастықтың аға көмекшісі болып қызмет атқарады және уақытша аудандық судья қызметін атқарады. Қызмет ету барысында ол ауылдарға барып, облыс әкімі мен ауыл ақсақалдарының сайлауына қатысты.

Ыбырай сайлау кезінде пара алу, жемқорлық пен қиянатшылыққа жол бермей, әділ шешімнің табысты қабылдануына әсер етті. Ал оған көңілі толмаған байлар облыстық үкімет, әскери губернаторға, тіпті 1868 жылғы уақытша ережеде көзделген сайлау ережесін бұзды деген айыппен Алтынсариннің үстінен ІІМ-не шағым түсіреді. Олар Алтынсаринді болыстың басқармадағы қызметінен алып тастауға тырысты. Мысалы, 1883 жылы Николай уезінің Арақазағай басшысын сайлау кезінде Ыбырай Алтынсарин өздерін ұсынған 2 байдың орнына үшінші адамды сайлады. Алтынсаринге қатысты шағымдардың бірінде оны социалис деп атайды және осы іс бойынша тергеу жүргізілген.

Ыбырай патша саясатына да қарсы шықты. Бұған оның 1880 жылы «Оренбург парағы» газетінің беттерінде шыққан мақала дәлел.

1879 жылы Ыбырай Торғай облысына мектеп инспекторы болып тағайындалады. Торғай облысындағы мектептің инспекторы лауазымын алған Алтынсарин Ырғыз, Николаев, Торғай және Илецк облыстарында екі сыныпты орыс-қырғыз мектебін ашты және осы мектептерді оқушылар мен оқытушыларға толтырды. Сондай-ақ, ол осы мектептерді жабдықтауға ерекше мән берді.

Ол әрбір мектепте кітапханалардың құрылуына көп көңіл бөлді. «Жинаған 600 рубльге Торғай облысының мектептерінде оқытушылар мен оқушыларға арнап кітапханалар ашқым келеді. Бұл кітапханалардың мақсаты – ондағы кітаптарды тек оқушылар мен мұғалімдер ғана қолданып қоймай, курсты аяқтаған адамдар (оқушылар) мен жалпы сауатты адамдардың оқу құралдарын алуға болатын орындары болса екен деймін»,-деген ұлы ағартушы.

Алтынсарин кәсiптiк және ауылшаруашылық мектептердің ашылуына үлкен күш жұмсады және жергілікті халықтың арасынан Қазақстанның экономикалық дамуына қажеттi мамандар даярлауға айрықша мән бердi. Қартайған жылдарында өз қаражатын Қостанайдағы ауылшаруашылық мектебінің құрылысына аударды.

Сонымен қатар, ол қыздардың сауаттылығына айрықша мән беріп, олардың білім алуын ұйымдастыруға көп еңбек салды. Оның қолдауымен Ырғыз қаласында қыздар мектебі ашылды. Кейінірек, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде қыз балаларға арналған мектеп-интернат  ашылды.

Жалпы алғанда, Алтынсарин төрт бірдей екі сыныпты орыс-қырғыз училищесін, бір кәсіптік училище, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище және орыс балаларына арналған екі мектеп ашты.

Ыбырай орыс классиктерінің аудармаларында және қазақ тіліндегі түпнұсқа шығармаларында демократиялық ағарту идеалдарын насихаттады. Қазақ әдеби тілін қалыптастыру саласында ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту үшін жемісті жұмыс жасады. Сондай-ақ, ол Толстой, Ушинский, Крылов, Пауссон секілді орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Оның қаламынан «Қыпшақ Сейіт», «Киіз үй мен ағаш үй», «Асыл шөп», «Шеше мен бала», «Бай мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» секілді әңгімелер мен  новеллалар туған. Алайда, Алтынсарин өзінің бүкіл дүниетанымындағы бірқатар қайшылықтардан аулақ бола алмады. Барлық ағартушылар секілді, ол да білім берудің әлеуметтік-қайта құрудағы рөлін жиі асыра бағалады.

Алтынсарин жан-жақты білім алған адам. Оның ғылыми қызығушылығы этнографияны да қамтиды. Ол 1868 жылдың наурызында Императорлық орыс географиялық қоғамның Орынбор бөлімінде «Орынбор өңіріңінің құдалық және үйлену кезінде ұстанатын салт-дәстүрі туралы» атты баяндамасымен сөз сөйледі. Сөйтіп, мақала жалпы мақұлдау алып, көп ұзамай газет бетіне жарияланды.

Ыбырай Алтынсарин өмірінің соңғы жылдары Николаевскіде (Қостанай) тұрды. Ол бүкіл ғұмырын ағартушылыққа арнап, ешқашан дүние-мүлікке қызықпаған. Ол тек жеке қаражатынан кішкентай көлдің жағасынан бір қабатты ағаш үй ғана тұрғызып, онда 1889 жылға дейін, қайтыс болғанға дейін қарапайым өмір сүрді.

Айта кету керек, 1989 жылы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 150 жылдық мерейтойы атап өтілді. Оның өмірі мен шығармашылығына арналған көптеген ғылыми, тарихи-педагогикалық шығармалар жарық көрді. Ал Арқалық қаласында Алтынсарин мұражайы ашылып, Тобылдың жағасында ағартушының күмбез тәрізді тас ескерткіші тұрғызылды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!