Ыбырай Алтынсарин

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей бойлату,өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту. Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау Пәнаралық байланыс: тарих, география Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру. Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу. Б/ Үй тапсырмасын сұрау В/ Жаңа сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей бойлату,өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.

Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.

Б/ Үй тапсырмасын сұрау

В/ Жаңа сабақ


  1. Ыбырай Алтынсарин кім?


DrawObject2 DrawObject1 ақын ағартушы педагог

DrawObject3

DrawObject4

DrawObject6 DrawObject5 жазушы оқулық авторы


DrawObject8 DrawObject7

ғұлыма шағын әңгіме шебері


1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.

2. Ыбырай алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.

3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.


  1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.


Жылдар

Маңызды оқиғалар


1841 жылы 20 қазанда

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.


1850 жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.


1857 жылы

«өте жақсы» деген бағамен бітірген.


1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.


1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.


1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.


1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.


1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.


1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.


1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.


1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.


1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.


1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.


1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.


1983 жылы

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.


1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.


1987 жылы

Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.


1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.



1. Білімге шақырған өлеңдері «Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

2. Әлеуметтік теңсіздік:

«Залым төреге», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің билері»

3. Орыс жазушыларының аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

4. Қазақ ауыз әдебиеті «Лұқман хакім», «Жиренше шешен», Таза бұлақ», «Қар батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар», «Қобыланды батыр»

5.Ыбырайдың өлеңдерін оқып, мазмұнын талдау.

«Жаз», «Өзен» -табиғат туралы

«Азған елдің билері, хандары,байлары», «Залым төреге»- ел ішіндегі теңсіздік, келеңсіздіктерді жырлайды.

«Әй, достары» атты өлеңінде қолдан келсе жас жеткіншектерге қолдан келсе жақсылық жаса, кең пейілді бол, өз еңбегіңмен күн көрге шақырады.

«Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» өлеңінде адал еңбекті, шындықты жырлайды

6.Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру


Ыбырай сөзі

Қандай қасиеттерді айқындайды?

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен

Телмірме еш адамға мұңдықпенен


Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.


Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызды.


Ақылсыз жанды досым деп,

Басыңды қосып, сыр айтпа.

Күндердің күні болғанда,

Ол жаман айғақ болар басыңа.


Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.



Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау.

1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен


2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз»

Ы.Алтынсарин.

3. «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы даоқытушыға тең келе алмайды.»

Ы.Алтынсарин

4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққакешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»

Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)


Сабақты қорытындылау:

Сабақты бағалау:

Үй тапсырмасы: Ы.Алтынсарин шығармашылығын оқу, талдау,

Өлеңін жаттау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.03.2024
274
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі