Материалдар / "Ыбырай Алтынсарин әңгімелері-тәрбиенің алтын діңгегі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ыбырай Алтынсарин әңгімелері-тәрбиенің алтын діңгегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай әңгімелері арқылы қазіргі қоғамдағы балаларды дұрыс тәрбиелеу, соның ішінде адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, имандылыққа баулу туралы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2024
162
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айтакова Анар Бекболатовна

Астана қаласы Ғафу Қайырбеков атындағы

2 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Ы. Алтынсарин әңгімелері-тәрбиенің алтын діңгегі

Ыбырай Алтынсарин - нағыз халық қамын ойлаған озық ойлы жаңашыл жазушы екені бәрімізге мәлім. Шығармалары арқылы өмір шындығын таныта білген кемеңгер, заманының ең маңызды білім мен тәрбие мәселесін көтеріп қана қоймай, оны шығармаларына арқау еткенөшпес жұлдыз, ерекше дарын иесі. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Оның өз бойындағы қуатын халықтың арман-тілегі үшін аямай көрсете білгені - бүгінгі ұрпақ үшін мол тәжірибе бола білді.

Ы. Алтынсариннің келешек ұрпағына қалдарған асыл мұрасы ұлан-ғайыр. Оның шығармаларының тәрбиелік мәні мен мазмұны бүгінгі күнге дейін қолданыста екені сөзсіз. Ыбырай атамыздың қазақ балаларының білім мен тәрбие алуына ерекше үлес қосқандығын ескере отырып, 5 «Ә»сынып оқушылары арасында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатын өткізудегі мақсат-әр баланың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, жауапкершілік қасиеттерін дарыту болып табылады. Қарап көрейікші...Бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, Ыбырай атамыздың қай әңгімесін алсақ та, тұнып тұрған білім мен тәрбие, ақылға толы үлгі-өнеге, міне, осылардың бәрі оқушылардың қызығушылығын оятпай қоймайтыны анық екендігін оқушылар дәлелдей білді. Оқушылардың ішінде өте озық ойымен көзге түскен Абдулдаева Ақбота «Бақша ағаштары» әңгімесіне деген көзқарасын, оның тәрбие бастауы екенін, адамның бойында бар адамгершілік, мейірімділік, еңбекқорлық т.б барлық жағымды қасиеттердің бар екенін өн-бойынан өткізе әңгімелеп берді. Сондай терең түсінігімен көзге түскен Токушева Арайлым да «Талаптың пайдасы» әңгімесіне тоқталып, ой қорытып өтті. Кез келген адам баласы алдына талап, мақсат қойып талпынбаса, алға қарай қадам баса алмас еді. Жастық шақ күш-қайраттың мол кезі екенін ескере келсек, адам бойындағы жақсы қасиеттердің талап арқылы жарыққа шығатынына да мол сенім артты. Арайлым: «Жазушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу»-деп өз көзқарасын білдірді. Халық мақалы: «Талапты ерге нұр жауар» -деп сөзін дәлелдей түсті.Сыныптың барлық оқушылары да белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Ыбырай аталары әңгімелерінің шағын түрде құрылуына мән беріп, оның астарында терең тәрбие, бай білім жатқандығын айтып, әңгімелерін бірнеше тақырыптарға топтады.

Picture 4 Picture 1 Picture 2





Ыбырай Алтынсарин өз шығармалары арқылы жеке тұлғаның бойында қандай қасиеттерді қалыптастыра алды? Иә, расында бұл сұрақтың жауабын кез келген адам ойланбастан жауап берер деген ойдамын. Өйткені Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесін алсақ та, жақсы мен жаманды салыстыру, өмір суреттерін шынайы көрсету, қанағатшылдық, білімге деген құштарлық, адам бойындағы жақсы қасиеттерді әр адамға бағыттай білетін сөз жетпес байлық пен өсиет екені белгілі.

Сонымен Ыбырай Алтынсарин – қаншама ғасырлар өтсе де, өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде қазақ балаларына “Кел, балалар, оқылық”деп жар салудан тынбаған, сол арқылы қазақ балаларының надандық жолға түсуіне мүмкіндік бермеген, әр әңгімесі тәрбиенің алтын діңгегі болып саналатын өшпес дара тұлға болып қала бермек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!