Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин. Бай баласы мен жарлы баласы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Ыбырай Алтынсарин. Бай баласы мен жарлы баласы.

Мақсаты: Ы. Алтынсариннің шығармашылығы жайында мағлұматтарын кеңейту.

Күтілетін нәтиже: әңгіменің басты кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылыидеясын

ашуға мүмкіндік беру; шығармашылық белсенділіктерін шыңдай отырып, өз

бетінше ізденуге, ойын тұжырымдай білу дағдыларының дамуына жағдай

жасау; достыққа адал болуға, көмек көрсетуге, қиындықты жеңе білуге үйрету.

Көрнекілік: «Армандар ағашы», Ы. Алтынсариннің портреті

Әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ-жауап, болжау,

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Мазмұндау. Тұжырым жасау. Мақал-мәтелдер келтіргізу.

Аңыз дегеніміз не?

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

«Бай және жарлы» деген сөздерді естігенде не түсінесіңдер? (мағынасы қарама – қарсы, бай мен кедей; бай – мол, көп, қыруар Кедей – жарлы, жалаңаяқ, сіңірі шыққан)

Ендеше бүгінгі сабақтан «5» мол, көп, қыруар алайық, тақырыппен таныстыру.

ІҮ. Мағынаны тану.

«Болжау» стр-сы арқылы оқу.

І бөлім: «... сүрлеуге түсіп жүре берді» деп аяқталады.

Бұл бөлімде сөз не туралы?

Әңгіме қалай шиеленісе бастады?

Көзі сынған инені, пышақтың сынығын, бір-екі уыс қылды балалар не үшін алды деп ойлайсыңдар?

ІІ бөлім: «Асан су жағалап жүгіріп кетті» деп аяқталады.

Балалардың алдынан шыққан 1-ші қиыншылық не болды?

Дұрыс жолды қалай таңдады?

Қарындарын қалай тойғызды?

Үсеннің тағы бір тапқырлығы қайдан аңғардың?

Әрі қарай не болады?

ІІІ бөлім: «Бір мезгілді Үсен күнге қарап ...» деп аяқталады.

Үсен не деуі мүмкін?

Балық аулаудағы балалардың тапқырлығы неде болды?

Әрі қарай не болды деп ойлайсың? Олай ойлауына не себеп болды?

ІҮ бөлім: «Үсен қоймай оятып алып, қасына ертіп жолға шықты» деп аяқталады.

Не үшін оятты?Сен өзін ұйқыға сергекпісің?

Түнді қалай өткізді? Үсенге әрдайым кімнің сөздерісүйеу болды?

Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?

Ү бөлім: соңына дейін.

Әңгіме қалай аяқталды? Жолды табуға көмекке келген не болды?

Үсенге әкесі қандай тәрбие берген? Оны қай тұстан аңғардың?

Асанның тәрбиесі туралы не деуге болады? Еркеліктің де шегі бар екендігін аңғардың ба?

Ү. Ойтолғау.

Мәтінді «Армандар ағашы» стр-сы бойынша қорытындылау.

Діні – тақырып Тамыры – негізгі ой Бұталары – әр бөлімнен соң жасалған тұжырымдамалар Жапырақтары – тірек сөздер

«Екі түрлі күнделік» стр-сы арқылы кестені толтыру:

Әсер еткен тұстар

Оны алуыңа не себеп болды?

ҮІ. Бағалау. Үйге: 18-23 беттер оқу, сұрақтарға жауап.



































Тақырыбы: Ұйқы. Әдина Жүсіп.

Мақсаты: шығарма мазмұнын ұғынуға мүмкіндік жасау.

Күтілетін нәтиже: баланың жалқаулықтан құтылуына досының себепкер болғанын

түсіну; сыни тұрғыда ой қорытуға үйрету; адам бойындағы жаман

қасиеттерден арылудың жолын іздеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, автор портреті.

Түрі: жаңа сабақ сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Мазмұндау.

2. Тыйым сөздер, мақал – мәтелдер.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

  • Адам бойындағы 3 арсыз не? (Ұйқы, күлкі, тамақ)

  • 3 асыл не? (көз, тіл, көңіл)

  • Адам қандай 3 артық арқылы өз арманына жете алады?(адалдық, еңбекқорлық, өнерпаздық)

  • Не арқылы кері кетеді? (кежірлік, еріншектік, ұйқы)

  • Сендерді кім оятады? Өзің ояну үшін не істеу керек деп ойлайсың?

ІҮ. Мағынаны тану.

  1. Сабақтың тақ/мақс тан-ру.

  2. «Шығарма құрылысы» стр-сы бойынша талдау.

  • Басталуы: Манаттың ұйықтап қалуы.

  • Оқиғаның дамуы: Серіктің досына көмек іздеуі.

  • Оқиғаның шиеленісуі: Серіктің досын оятуға арналған амалы.

  • Шарықтау шегі: Манаттың өзі тұруға машықтануы.

  • Қорытындысы: екі достың бірігіп жаттығу жасауы.

  1. «Пікір - талас» ұйымдастыру.

  • І топ: жақтаушылар – Серіктің ісінің дұрыстығын дәлелдейді.

  • ІІ топ: даттаушылар – Серіктің ісін дұрыс емес деп тауып, ойларын дәлелдейді.

Ү. Ойтолғау.

1. «Венн диаграммасы» арқылы екі досты салыстыру.

2. «Еркін жазу» стр-сы арқылы эссе жазу: - Мен қандаймын? (Менің бойымдағы жаман әдеттер)

3. Оқушылардың жауаптарын қабылдау.

ҮІ. Бағалау. Үйге: мәтінді оқу, теңеу сөздерді теріп жазу, ережені жаттау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
821
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12