15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ыбырай Алтынсарин "Бақша ағаштары"
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
Авторлары: С.Н. Кузнецова, Д.Н. Сапақов, И.Н. Васева, Ә.Қ. Жамиева, М.Қ.
|
Сабақ тақырыбы: |
Кіріспе Мен зерттеушімін |
Мектеп: |
|
||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
|
||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
||
|
Оқу мақсаты: |
Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну; |
|
|||
|
|
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жүргізу. |
|
|||
|
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
|
||||
|
Ресурстар: |
|
|
|||
|
Күтілетін нәтижелер: |
қоршаған ортадағы құбылыстарға қалай бақылау жасау керектігін біл |
|
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру |
|
|||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
|||
|
Зерттеу дегеніміз — қандай да бір құбылысты ғылыми түрде оқып-үйрену үдерісі. Адам ба ласы қоршаған ортаны тани бастаған шақтан зерт теушілер пайда бола бастады. Алғашқы зерттеу шілер философтар және дін қызметкерлері еді. Олар ғылымның жеке салаларын зерттемей, тұтас қарастырды. Мысалы, Ежелгі Мысыр абыздары бір мезгілде жыл санаумен, астрономиямен, матема тикамен және медицинамен айналысты. Ұлы ғалым-дардың көпшілігі Ежелгі Грекиядан шықты. Олар — есімдері дүниежүзіне белгілі Сократ, Платон, Аристотель, Пифагор, Гиппократ, Архимед т.б. Қазіргі заманғы ғылымның көптеген бағыттары бар. Өмірін ғылымға арнаған ғалымдар теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеулер жасай алады. Олар барлық қолда бар құжаттарды зерттейді немесе әртүрлі тәжірибелік бақылаулар жүргізеді. Кіріспе сабағының барысында оқушылар зерт теушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді. Олар өз жұмысында ғылыми әдістерді пайдаланады және тексерістен өткен деректерге сүйеніп, зерттеу жасайды. Деректер құбылыстарды тікелей бақылау, өлшеу, тәжірибелер жасау ар қылы алынады. Ғалым жұмысының негізгі бөлігі мәлі меттермен жұмыс жасап, оларды жазу және сараптау болып табылады. Есте сақта! Зерттеушілер бізді қоршаған Әлемді зерттейді. Олар бақы лайды, өлшейді, тәжірибелер жасайды және нәтижелерін жазып отырады. |
Кіріспе тапсырма. Оқулықтағы мәтінді оқыңыз. Оқушыларға айна ламыздағы заттар мен құбылыстарды зерттейтін адамдарды зерттеушілер деп айтатынымызды түсін діріңіз. Ғылым саласындағы зерттеулермен ғалым-дар айналысады. Олардан ғалымдардың нені зерт- тейтіндерін айтып беруді сұраңыз. Талқылау бары сында оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады: ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың өте көп екенін, олардың қандай түрге жататынын, қайда өсіп, мекендейтінін, немен қоректенетіндерін біл дік. “Заттар қалай қозғалады?” және “Не үшін қозға лады?” деген сұрақтарға ғалымдардың өз пайымдауы болатынын айтыңыз. Мысал келтірулерін сұраңыз, кейбір оқушылар өз нұсқаларын ұсынуы мүмкін. Тапсырманы жұппен ауызша орындауға болады. Талқылаудан кейін ойын ойнатыңыз. Оқушыларға әртүрлі заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың суреттерін таратыңыз. Әрбір оқушы зерттеуші рөлін ойнап, өз қолындағы суретті көрсетеді. Мысалы, аюдың суретіне қарап, оқушы: “Мен зерттеушімін, мен аңдарды зерттеймін”, — деп айтады. Бақыла.
жазатындығы туралы сұраңыз. Жауаптарды тыңдап алып, оқушыларға бұл нәтижелерді ұмытып қалмау үшін және кейін тексеру кезінде қолдану үшін жазу керек екенін айтыңыз. Оқушыларға өздерінің бақылаулары мен өлшеулерінің жазбаларына қайта қарап, оларды сыныптағы басқа оқушылардың жазбаларымен салыстыруды ұсыныңыз. |
|
|||
|
|
Қосымша тапсырмалар |
|
|||
|
Дүниетану. Адамдар өздерін қоршаған ортаны қалай зерттейтіндіктері туралы талқылайды.
Көркем еңбек. Бақылау барысында сурет салу. Oқушылар зейінді болып, заттың суретін неғұрлым нақтырақ салулары тиіс.
|
Кейбір оқушыларға оқулықтағы тапсырмаға қосымша ретінде өсімдіктерді сызғыштың көмегімен өлшеуді ұсынуға болады. Бөлме өсімдігін зертте. Бөлме өсімдігінің бірін ал. Оның биіктігін қолыңда бар заттармен өлше. Нәтижесін жазып отырады. Сен өсімдіктің биіктігін әртүрлі заттармен өлшедің. Зерттеу нәтижесін қағазға жазып ал немесе суретін сал. |
|
|||
|
Бағалау |
Оқушыларға өздерінің айналасындағы заттарға бақылау жасатыңыз.
Бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижелерін жазып отыруды ұсыныңыз. |
||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген