Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин. «Дүние қалай етсең, табылады?»

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қостанай ауылшаруашылық колледжі__________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған педагогтің сабақ жоспары     

Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең, табылады?»__________________________________________________________________
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы
ООД 05. Қазақ тілі мен әдебиет

      Дайындаған педагог: Әбдіқалықова Ж.Т.

      2020 жылғы " 4" желтоқсан

      1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ 1 курс, 2020,1М-1

     Сабақ түрі: Аралас сабақ

2. Мақсаттары, міндеттері:

Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру; Мәтіндегі әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздердің мағынасын ашады, қызметін түсіндіреді;
Суреттегі бейнені пайдалана отырып, монолог құрастырады, негізгі иядеяны ашады.

Оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;

2.1 Оқу сабағы барысында білім алушылар меңгеретін кәсіби біліктердің тізімі:

Барлық тыңдаушылар орындай алады:Мәтін мазмұнын түсінеді,негізгі кейіпкерлерді сипаттай отырып, салыстыра алады.

Тыңдаушылардың көпшілігі орындай алады: Кейіпкерлерді салыстырып, нақты дәлелдер келтіре алады. Өз қөзқарастарын білдіре отырып, кейіпкерлер образын аша алады.Тақырыпты шынайы өмірмен байланыстыра отырып, әңгімедегі негізгі мәселені түсіндіреді.

Кейбір тыңдаушылар орындай алады: Кейіпкерлерді сипаттауда,салыстыруда ұтымды пікір білдіре алады.Әңгімедегі айтпақ ойын,өз көзқарасы тұрғысынан бағалап, тұжырым жасай алады.


3. Сабақтың жабдықталуы

3.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиет: сабақтың қысқа мерзімді жоспары, үлестірмелі материалдар, презентация.

3.2 Техникалық жабдықтау, материалдар: дербес компьютер немесе ұялы телефон


4. Сабақ барысы:




Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ма ,балалар, сабақтың қонақтары. Бүгінгі біздің сабақ ереше болмақ сондықтан сабақ бастамай тұрып бір-бірімізге тілек тілейік. « Гүлмен тілек ». Тыңдаушылар бір-біріне тілектерін білдіреді.( сәттілік, жақсы оқы, денсаулық,сұлулық т.б.

Оқиға тізбегі. «Timeline» әдісі. Тыңдаушылар берілген портретке қарап отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқытушы тыңдаушыларға сабақ тақырыбын анықтау үшін келесі сұрақтарды қояды:

  • Кімнің портреті берілген?

  • Бұл кісі тарихта қандай еңбегімен белгілі?

  • Қандай шығармаларымен білесіңдер?

  • Суреттерге қарай отырып, Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын естеріне класстер арқылы еске түсіру. Суреттер бойынша шығармаларды анықтау. Дүние, мүлік туралы шығармасы қайсы деп ойлайсыздар?

Оқытушы тыңдаушыларды сабақтың мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстырып өтеді.


Слайд




















Сабақтың ортасы

4 мин
























































3мин




























3мин











3мин









3мин.




Тыңдалым.

1-тапсырма.Тыңдаушылар сілтеуші арқылы Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады? » деген шығармасының аудиомәтінін тыңдайды. (2 рет тыңдатады).


Дүние қалай етсең табылады?

Ы.Алтынсарин

Француз жұртының бір білімді адамы жазады:

1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, əр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда əрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, əдетінше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:

Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің жəне жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, əуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң əуелі аздап, бара-бара кебірек, əр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты жəне еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі əйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті. Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды. 1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда əлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты:

Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?

Сонда ойыма түсіп, таң қалып:

Сен Антонбысын? — дедім.

Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.



2-тапсырма. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Оқиғаларды рет-ретімен қойып шығады


Бағыттар

Тезистер

1Скругленная соединительная линия 1


А) Антонның бейтаныс адамның сөзін ықыласпен қабыл алды

2

Ә) Тіленшінің өзін келіп таныстыруы

3

Б) Антон деген кедей адамға кездесуі

4

В) Әңгімешінің бірнеше жылдан кейін басқа қалаға баруы

5

Г) Жолаушының қайыршыға бай болу үшін ақыл-кеңес беруі


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Оқиға желісін рет-ретімен қоя алады;

Кейіпкерлерге талдау жасай алады;

Шығарманың идеясын анықтай алады;

Оқиға желісін рет-ретімен қояды;

Кейіпкерлерге талдау жасайды;

Шығарманың идеясын анықтайды;





Жазылым.

3-тапсырма. « Сөзтізбек» ойыны



Бағалау критерийлері

Дескриптор

  • оқытушы мәтін бойынша бір сөзді айта алады;

студенттер мәтіннен естіген сөзбен сөзтіркесін жасай алады.

  • оқытушы мәтін бойынша бір сөзді айтады;

  • студенттер мәтіннен естіген сөзбен сөзтіркесін жасайды.


Айтылым.

4-тапсырма. «Шығармадағы кейіпкерлерді тап» (Антон, жолаушы, студент)

Бағалау критерийлері

Дескриптор

шығармадағы кейіпкерлерді белгілей алады;

  • шығармадағы кейіпкерлерді белгілейді;



5-тапсырма «Сұраққа жетіп ал»

Мәтінді толық оқып шығады 1-ші тыңдаушы – сұрақ қояды, 2-ші тыңдаушы сол сұраққа жауап береді.

Рисунок 1

  1. Антон қандай адам деп ойлайсыңдар?

  2. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?

  3. Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды?

  4. Әңгіме мазмұнынан қандай түйін шығаруға болады?

  5. Қазіргі кезде дүниені қалай табуға болады деп ойлайсыңдар?

  6. Антонға қандай кеңес берер едіңдер?

  7. Сенің досың Антон сияқты тіленшілік қылып тұрса ,не істер едің? Болашақта кім боламын деп армандайсың?





Бағалау критерийлері

Дескриптор

Мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі кейіпкерлерді сипаттай отырып, салыстыра алады.

Кейіпкерлерді салыстырып, нақты дәлелдер келтіре алады. Өз қөзқарастарын білдіре отырып, кейіпкерлер образын аша алады.

Тақырыпты шынайы өмірмен байланыстыра отырып, әңгімедегі негізгі мәселені түсіндіре алады.

Кейіпкерлерді сипаттауда,салыстыруда ұтымды пікір білдіре алады.

Әңгімедегі айтпақ ойын,өз көзқарасы тұрғысынан бағалап, тұжырым жасай алады.


Мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі кейіпкерлерді сипаттай отырып, салыстырады.

Кейіпкерлерді салыстырып, нақты дәлелдер келтіреді.

Өз қөзқарастарын білдіре отырып, кейіпкерл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2020
511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12