Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин-жаңашыл педагог

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары Ыбырай Алтынсарин жайында жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді (сабақ) жоспары



Білім беру ұйымының атауы:


Бөлім:

7.4 XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті


Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда)


Күні:


Сынып: 7 «А»


Қатысушылар саны: 20

Қатыспағандар саны: 4

Сабақтыңтақырыбы

Ы. Алтынсарин – жаңашыл -педагог.

Зерттеу сұрағы: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады?

(1 сабақ)

Оқубағдарламасынасәйкесоқумақсаттары

7.2.3.3 Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау

Тарихи ойлау дағдысы


Тарихи концепт

Тарихи анализ және түсіндіру


Маңыздылық

Сабақтыңмақсаты

Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалайды

*Бағалау критерийі

  • Ы.Алтынсариннің халық ағарту ісіне қосқан үлесін дәлел келтіріп маңыздылығын түсіндіреді

  • Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей

Сабақтыңбарысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар






Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру

5 мин






Амандасу,Оқушыларды түгендеу. 4 топқа бөлу


Үй тапсырмасын тексеру

«Тест әдісі» арқылы


БЫМ Сабақтың тақырыбын болжау.

Ой шақыру: Мозайка әдісі

Ы.Алтынсарин суретін төрт бөлік қиындыға бөліп сұрақтар қойылады. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып суретті жинақтайды.

  1. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім?

  2. Тоғай жерінде алғаш мектеп ашқан тұлға?

  3. «Таза бұлақ» кімнің еңбегі?

  4. Балқожа бидің хатшысы қызметін атқарған кім?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


Ы.Алтынсаринсуретініңқиындысы.



https://massaget.kz/blogs/27327/



Жаңа білім


Зерттеу және талдау. Ақпараттық органайзер әдісі

1 тапсырма: оқулықтағы мәтінді және қосымшадағы А,В деректеріне сүйеніп,Ы.Алтынсариннің білім саласына қосқан үлесін дәлел келтіріп, төмендегі кестені топпен орындап түсіндіріңіздер

1 топ

Ы.Алтын

саринның қызметіндегі жаңалы

ғын көрсетіңіз

дер

2 топ

Ы.Алтын

саринның ғылым-білім саласына қосқан үлесін түсіндірің

іздер



3 топ

Ы.Алтын

саринның этногра

фия саласына қосқан үлесін түсіндір

іңіздер

4 топ

Ы.Алтын

сариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін оқып, өлеңдегі негізгі ойын түсіндіріңіз

дер

1 дәлел

1 дәлел

1 дәлел

1 дәлел

2 дәлел


2 дәлел

2 дәлел

2 дәлел













2 тапсырма: бейнематериал көріпЫ.Алтынсариннің ағартушылық жолындағы қызметі және еңбегіне жұптасып төмендегі тапсырманы «GREAT» кестесіне салып бағалаңыздар

G

Елеулі бетбұрыстар

R

Есте қаларлық

E

Маңызды оқиға

A

Болашаққа әсер

T

Кездескен қиындықтар












3 тапсырма жеке жұмыс«Эссе»

Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімді қолданып «Ыбырай-тұңғыш қазақ мектебін ашқан ағартушы педагог» атты эссе жазыңыздар

Критерийі:

-70 сөзден тұру керек

-мәселеге қатысты дәйектер мен дәлелдер болуы керек

-мәселеге қатысты өз ойын қорытындылап жазу керек

Дескриптор:

  • Ы.Алтынсарин

ның қызметіндегі жаңалығына 2 дәлел келтіреді

  • Ы.Алтынсарин

ның ғылым-білім саласына қосқан үлесіне2дәлел келтіреді

  • Ы.Алтынсарин

ның этнография саласына қосқан үлесіне 2дәлел келтіреді

  • Ы.Алтынсарин

ның «Кел, балалар, оқылық» өлеңін оқып, өлеңдегі негізгі ойды анықтап 2 дәлел келтіреді

ЕББҚ оқушы 4 топ тапсырмасын мұғалімннің көмегімен жазбаша орындайды.

ЕББҚ оқушысында сөйлеу кемістігі бар



Дескриптор:

-Ы Алтынсаринның қызметіндегі елеулі бетбұрыстарды айтады

-Ы Алтынсаринның ашқан жаңалығының есте қаларлығын түсінеді

Ы Алтынсаринның білім саласына қосқан айрықша маңызды оқиғасын бағалайды

Ы Алтынсаринның қазақ жастарының білімге деген құштарлығын оятқанын түсінеді

Ы Алтынсаринның қоғамдағы келеңсіздіктермен күресудегі кездескен қиындықтарын түсінеді

Дескриптор:

-70 сөзден тұратын эссе жазады

-мәселеге қатысты дәйектер мен дәлелдер келтіреді

-мәселеге қатысты өз ойын қорытындылап жазады



ЕББҚ оқушы эссені мұғалімннің көмегімен жазбаша орындайды.

ЕББҚ оқушысында сөйлеу кемістігі бар

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап

«Бағдаршам»арқылы бағалайды




















ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап

«Екі жұлдыз бір тілек»арқылы бағалайды












Мұғалім критерий бойынша бағалайды





https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=1&id=409


https://dalanews.kz/news/33008-ybyraj-altynsarinni-a-artushyny-o


Қазақстантарихы

7сынып. Алматы «Атамұра»

181 бет.






















https://www.youtube.com/watch?v=SFmS5FfmxZ4

Дегдар - Ыбырай Алтынсарин


Бекіту


4 тапсырма: Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

«Қиындыны аш» әдісі арқылы тақырыпқа қатысты сұрақтар беріледі

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма:

Хронолгиялық тапсырма«Жылдар сөйлейді» әдісі

1841ж

1857ж

1864ж

1879ж

1887ж












Оқушылар қиындыны ашып, берілген сұрақтарға ауызша жауап береді

Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Қиындылар (карточкалар)

Кері байланыс

Кері байланыс

Сауалнама

1.    Мен білемін...________________________________

2.     Мен білдім…_______________________________

3.     Мен білгім келеді...___________________________


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады




    


Қосымша№1

А блок

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келді. Атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленеді. Алғаш мұсылманша оқып сауатын ашады (2-3 жылдай). 1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арналып ашылған мектепке оқуға түседі.

Орынбордағы 7 жылдық мектепті бітіріп шығып, кеңсе қызметінде істейді. Ғалым В.Григорьевпен жақын араласып, оның бай кітапханасын пайдаланады.

1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып жолға шығады. Бұл мектеп – 1861 жылы ашылады. Ыбырай – оқытушылық ағартушылық жұмыстың қоғамдық мәнін тереңнен түсінген адам. Соның ішінде жаңа үлгідегі мектептер ашады. Балаларды тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруі. Торғай облыстық мектептерінің испекторы болады (1879). Мектептің шаруашылық жағдайына аса көңіл бөледі. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат адам санайды. Оқу құралы – «Қазақ хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы Орынборда баспадан шығарады. Оның қазақ мәдениеті тарихындағы орны ерекше болды.

Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай-белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңғыш прогресшіл педагогикасын, халықтың мектептерін негіздеуші. Ыбырай Алтынсарин өзіне Ян Амос Коменский, Ушинский, Толстой, Бунаков, Паульсон сияқты данқты педагогтарды ұстаз тұтады.

Ыбырай – көрнекті ақын, таланты жазушы. Ақынның «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» деген өлеңі еңбек салтанатын, адалдықты, шындықты үйретеді. «Әй, достарым?» деген өлеңінде Ыбырай «Қолыңнан келсе қыл, қайыр» деп, қайырымды, кең, адал азамат болуға шақырады.

Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол – ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарына оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы сөз еткен ешкім болған жоқ. Ақынның шығармаларында өнер, еңбек, кәсіп, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары көтерілді. «Жаз», «Өзен» деген өлеңдері де кезінде қазақ әдебиетіне жаңалық болып қосылды.

Еңбек тақырыбындағы «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлыбаласы», «Байлық», «Асылшөп», «ҚыпшақСейітқұл» т.б. әңгімелері аса тартымды, мәнді, көркем шығармалар.

Ыбырайдың адамгершілік мәселесіне «Шеше мен бала», «Біруысмақта», «Мейірімді бала», «Ауырудан аяған күштірек», «Әдеп», «Таза бұлақ» әңгімелерін жазып, аудармалар жасады.

Ыбырай Алтынсарин – нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы.

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=1&id=409





Қосымша№2

ЫбырайАлтынсаринніңағартушыныңқоғамдық-саясиқызметі

1868 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиі болып тұрды. Өз халқының аса қажетті мүдделеріне де парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты.

Бұған риза болмаған байлар оның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі Ішкі істер министрлігіне шағым жасады. Оны 1868 жылғы «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау тәртібін бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қарапайым халықтың қамын ойлады. Ол өзінің парасатты мінез-құлқы және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен беделінің аркасында ақталып шықты. Ол өзінің халық алдында сөйлеген сөздерінде патша үкіметінің отаршыл аграрлық саясатын ашық сынады. Патша үкіметі шенеуніктерінің озбырлық іс-әрекеттерін, олардың жергілікті қолшоқпарларын айыптады.

Мәселен, ол 1864 жылғы хатында былай деп жазды: «Қызмет бабы бойынша мен байлар мен жиі қақтығысып қаламын. Маған жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап-тонауда…» Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсариннің ұшаң- теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті.

Оның есімі халықтың есінде мәңгі сақталады. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік білім академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Еліміздегі педагогтар қауымының ең таңдаулы өкілдері жылсайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгімен марапатталады. Ағартушы ғалымның құрметіне жыл сайын ғылыми конференциялар өткізіліп түрады. Мұғалімдердің Ы. Алтынсарин туралы жазған хаттарынан: «Марқұмның мен қазақ даласында болған кезімдегі бүкіл өмірі өзінің сүйікті халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арналды. Ол халық өмірінің қалай бет бұрып бара жатқанын мұқият бақылап отырды және оны терең түсіне білді… Мұғалімдерге қатаң талаптар қойды, әрбір іске барынша ұқыпты қарауды талап етті, ол өз міндетіне жүрдім- бардым қарап, жұмысты шала-шарпы орындайтындарды қатаң жазалап отырды.

Оқу ісін өзі қандай жанын сала жақсы көрсе, өз инспекциясына қарасты мұғалімдерден де тап соны талап етті. Ол өзінің шын жүректен шыққан тартымды әңгімелері арқылы мұғалімдерді оқу ісіне шын ниеттері мен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра білетін. Жұрттың көз алдында бізді соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелерді мұғалімдерге ең адал ниетті азаматтар ретінде зор құрметпен әрі мақтанышпен қарауға мәжбүр етті. Ол әрдайым қасынан мұғалімдерді қалдырмай, өзімен бірге ертіп ала кететін, оларсыз сапарға сирек шығатын. Ол әсіресе жас қазақ мұғалімдеріне ерекше қамқорлықпен сүйсіне қарайтын… Оны мұғалімдер де жанындай жақсы көретін… Ол өзінің жеке өмірінде де өте сүйкімді, жомарт жүректі ақкөңіл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен болса да емін-еркін ашық сөйлесуге, ақыл-кеңес сұрауға мүмкін еді. Қашан болса да ақкөңіл адал ниетімен ақылын айтуға, тіпті нақты ісімен көмектесуге әрқашан әзір тұратың. Қазақ халқы да оны қатты құрметтейтін. Олай ететін толық жөні де бар еді: оның есігі келем деушілердің қай-қайсысына болса да әрқашан ашық тұратын.

Ол өзінің ақыл- кеңесін берумен ғана шектелмей, қиын-қыстау кезде қиналып келген адамға өз қалтасынан ақша да беріп жіберетін, кейін оны көбінесе қайтарып ала да бермейтін. Орыс тұрғындары да оған қайырымды да әділетті адам ретінд есый-құрметпен қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағына күтетін. Өйткені ол көпшілікпен ортақ тіл табысып сөйлесетін, отырыстың сәнін кіргізетін, көңілді де сүйкімді әңгімелер айтатын… (Мұғалім Ф.Д. Соколовтың естелігінен)

https://dalanews.kz/news/33008-ybyraj-altynsarinni-a-artushyny-o







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12