жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ыбырай Алтынсарин "Өзен" 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Мақсаты: а) білімділік- Ы.Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет, өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі өзеннің атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге баулу, Ыбырай шығармаларының көркемдік ерекшелігін түсіне білу.
ә) тәрбиелік - оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, ақын тіліне деген көзқарасын білу, өлеңнің эстетикалық мәнін түсінуге, өзіндік талдау жасауға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуге төселдіру.
б) дамытушылық - адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға, қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу, табиғатты сүю, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, топтастыру, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, сипаттау, ойтолғау, т.б.
Көрнекілігі: Ыбырай портреті, бейнетаспа, шығармалар жинағы, карта, интерактивті тақта, табиғаттың суреті.
Пәнаралық байланыс: география, бейнелеу, музыка, қоршаған орта.
Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.
Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.
Б/ Үй тапсырмасын сұрау
В/ Жаңа сабақ
Ыбырай Алтынсарин кім?
Ақын ағартушы
педагог
Ыбырай Алтынсарин
Ж
азушы оқулық авторы
шағын әңгіме шебері
![]()
1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.
2. Ыбырай алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.
-
Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.
|
Жылдар |
Маңызды оқиғалар |
|
|
1841 жылы 20 қазанда |
Қостанай облысы Затабол ауданында туған. |
|
|
1850 жылы |
Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған. |
|
|
1857 жылы |
«өте жақсы» деген бағамен бітірген. |
|
|
1859 жылы |
Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған. |
|
|
1859 жылы |
Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады. |
|
|
1860 жылы |
Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады. |
|
|
1864 жылы |
Торғайдағы мектепті ашады. |
|
|
1876 жылы |
Петербург, Қазан қалаларына барады. |
|
|
1876 жылы |
«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. |
|
|
1879 жылы |
«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады. |
|
|
1879 жылы |
Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. |
|
|
1881 жылы |
Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады. |
|
|
1879-1883 жылдары |
Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады. |
|
|
1983 жылы |
Торғайда қолөнер мектебі ашылады. |
|
|
1983 жылы |
«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты. |
|
|
1887 жылы |
Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады. |
|
|
1987 жылы |
Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды. |
|
|
1889 жылы |
Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады. |
|
Ы. Алтынсарин –оқулық авторы.
1. Білімге шақырған өлеңдері
«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»
Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».
Сонымен балалар бүгін Ы.Алтынсарин атамыздың табиғат лирикасына арналып жазылған «Өзен» өлеңімен танысамыз.
Табиғат-біздің өз үйіміз. Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қорғаушың десең де болады. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су-алтын, мал-байлық»деп айтып кеткен. Ата-бабамыз дариялар мен өзендердің, көлдердің жағалауларына, жалпы сулы-нулы жерлерге егін егіп, кең далада, жайлауда төрт түлік мал өсірген.

Жайық өзінінің суретін көрсете отырып, «Өзен» өлеңін мәнерлеп оқып беремін. Содан соң бір оқушы оқиды.
Сөздік жұмысы.
Өксіген- шөлдеген.
Қынарда- жағасында, маңында.
Жай – орын, қоныс.
Жанабында- жанында.
Өзен дегеніміз- табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Өзендердің барлығы бірдей, үлкені- кішісіне қарамай, батпақтардан, мұздықтардан, көлдерден, бұлақтардан бөлініп шығатын жылғалардан басталады.
Өзеннің басталар жерін- бастау деп атаймыз.
Өзеннің басталар жерінен құяр жерін, ал құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды.
Ең ұзын өзен- Ніл. Ұзындығы 6671 км.
Ең суы мол өзен- Амазонка. Қазақстандағы ең ұзын, суы мол өзен –Ертіс.
Өлеңнің бір шумағына композициялық талдау жасаймыз.
Авторы. Ы. Алтынсарин.
Тақырыбы. Өзен.
Идеясы. Табиғатты қорғау, өзеннің сұлулығын суреттеу.
Жанр. Өлең.
Шумағы: 4
Тармағы:18.
Тау/лар/дан// ө/зен а/ғар//сар/қы/ра/ған. –а
Ай/на/дай// сәу/ле бе/ріп// жар/қы/ра/ған.- а.
Жел соқ/са,// ыс/тық соқ/са,// бір қа/лып/та, –б.
А/ра/лап// тау мен тас/ты// ар/қы/ра/ған. –а.
Бунақ:3 бунақ.
Буын саны:11 буынды.
Ұйқас түрі: Қара өлең.
Қорытынды Нұрсұлтан Назарбаевтың « Қазақстан жасыл желекті, мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп Қазақстан -2030 бағдарламасында айтқандай өз жеріңді көркейтуге қандай үлес қосар едің? (дәптерлеріне жазып, оқыту.)
Үйге тапсырма беру. Өзен тақырыбында шығармашылық жұмыстар дайындау. ( сөзжұмбақ, ребус, сурет.) салу.
Өзен өлеңін жаттау.
Бағалау.
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген