І. Ұйымдастыру
кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын құру және оқушылардың сабаққа
деген ынтасын арттыру мақсатында «The skeleton
dance» биіне оқушыларды
билету(1.40 минутқа
дейін) Жаңа сабақ тақырыбы
оқушылармен бірлесе анықталады. Тақтаға сабақ тақырыбы, осы сабақта
жүзеге асырылатын оқу мақсаты мен сабақтың бағалау
критерийлерішығарылып талқыланады. Терминдермен жұмыс: Оқушыларға
қаңқа құрылысы ағылшын тілінде берілген сурет таратылады. Әр
сүйектің атауын қазақ, орыс тілінде суреттеріне белгілеп жазып
алады
Мұғалімнің
қысқаша кіріспе сөзі
-«Қозғалыс – ол
өмір» - деп Ф.Вольтер айтпақшы, қозғалыс адам өмірінде өте маңызды.
Қозғалыс тірек-қимыл жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.
Енжар қозғалыс аппарат бөлімі. Тұлға қаңқасы (төс және омыртқа,
қабырғалар); Бас қаңқасы (бассүйек); Аяқ-қол сүйектері; Белсенді
қозғалыс аппараты: Қаңқа бұлшық еттер жүйесінен
құралған.
Жұптық жұмыс: № 1-5
аялалары қаңқаның негізгі бөлімдері, құрайтын сүйектердің суреттері
берілген. Осы суреттерді пайдаланып, осы бөлімдерді құрайтын сүйек
атауларын төмендегі кестеге енгізіп, жұптық сипаттауға
дайындалады.
1 жұп: Бассүйекті
құрайтын сүйектер
2жұп: Тұлға қаңқасын
құрайтын сүйектер
3 жұп: Омыртқа
жотасының бөлімдері
4 жұп: Иық белдеуі,
қол сүйектері
5 жұп: Жамбас
белдеуі, аяқ сүйектері
Жұптар ортадан адам
қаңқасынан бөлімдерді құрайтын сүйектерді атайды, қаңқадан
көрсетеді. Басқа жұп оқушылар мәліметтерді кестеге енгізеді.
Сұрақтар туындаса бір- бірлеріне қойып, талқылаулық жұмысқа
оқушылар бір-біріне кері байланыс
береді.
Бекіту. Мұғалім
«Адам қаңқасынан» сүйектерді көрсетеді. Оқушылар жылдам жауап
береді.
Топтық жұмыс «Кім жылдам?»
адам қаңқасы моделінің суреті таратылады. Топтық жұмысқа қойылған
критерий тақтаға шығарылады. Уақыт белгіленеді. Адам қаңқасының
моделін топпен құрастырады. Тақырып бойынша алған білімді тексеру:
Деңгейлік тапсырмалар мен білімленд электрондық ресурстар қорынан
6-8 беттердегі тапсырмаларды
орындайды.
|