400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Джамалова Х.А.




Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Базарқақпа елді мекені

№104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебі




Shape1


Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі

Рисунок 1


























Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Назарметова Камила Бахадировна

2015-2016 оқу жылы

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9 «Д»

Тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Ыбырай Алтынсарин туралы дүниетанымын кеңейту, ұлы ағартушының әңгімесінің негізгі идеясын ашу, философиялық ой-өрісін дамыту. Ақын шығармаларын игерту арқылы рухани тазалыққа, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру.

Оқып-үйренудің негізгі идеясы:

Ыбырай Алтынсарин шығармалары туралы кеңірек мағлұмат алады.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин шығармаларының негізгі идеясын ашу.

"Қыпшақ Сейітқұл" шығармасының тақырыптық - мазмұндық тұрғыдан талдау жасай алады. Топта бірлесе жұмыс жасай біледі, ұтқыр ой айтып, шығармашылық қабілетін дамытады.

Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер:

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, өзін-өзі және басқаның жұмысын бағалау, шығармашылық ізденіс, « INSERT» стратегиясы, рефлекция

Модульдердің қолданылуы

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  • Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу;

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Тапсырмалар:

1. Блум таксономиясы арқылы оқушыларға мәтінмен таныса отырып, сатылай кешенді талдау жасау, мәтіннің мазмұны мен идеясын анықтау;

2. Оқулықпен жұмыс жасау;

3. Шығармашылық жұмыстар;

4. Топтық тапсырмалар

Дерексөздер:

Оқулық, интертақта, флипчарт, постер, смайликтер



Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

Амандасу;

Психологиялық дайындық


«Жылы лебіз». Көңіл-күй білдіреді

Білім. «Білгенге - маржан, білмеске -арзан»

Ыбырай Алтынсарин кім?

Қандай еңбегі бар ?


Жеке жауап береді.

Баламалы тест орындайды.

Топ болып тексереді, бағалайды.

Түсіну. «Менің білім деңгейім»

Слайд арқылы Ыбырай Алтынсарин жайлы, оның шығармаларының негізгі идеясы жайында мағлұмат беру ."Қыпшақ Сейітқұл" еңбегінің тақырыбы, идеясын таныту

Топтық жұмыс.

Үйге берілген тапсырма бойынша топ болып жауап береді.

Тілдік талдау жасайды

Қолдану. «Менің аңғарғаным»

Шығарма мәтінін оқи оқу арқылы, бейне роликтер арқылы, әңгіменің суретін бейнелеу арқылы шығарманың идеясын түсіну

Жеке жұмыс жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Талдау. «Есімізде сақтаймыз»

Ыбырай Алтынсарин шығармаларының өзіндік ерекшелігі

Мерекелік даталарды естерінде сақтап қалады.

Жинақтау. «Шеңбер бойымен әңгімелеу»

"Шеңбер бойымен әңгімелеу" тақырыбында тапсырма

«Бір айналым сөйлесу» әдісі

Тақырып бойынша қорытынды түсініктерін қағазға жазады.

Топтық тапсырмалар орындалады (постер).

Салыстырмалы тест топ ішінде орындалады.

Бағалау

«Бағалау – мақсатқа жету жолы».

Сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.

Өзін-өзі бағалайды,бірін-бірі бағалайды. Күнделікке жазып алады.









































Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) сәлемдесу;

2) психологиялық дайындық


- Оқушылар, айтыңдаршы, өмір сүрудің маңызы неде беп ойлайсыздар?


- Адам баласы дүниеге келгеннен бақытты өмір сүруді аңсайды, армандайды.


- Өмір сүрудің маңызы адамдарға жақсылық, мейірім көрсетуде деп ойлаймын.


  • Жақсы адам болу үшін не істеу керек? Қалай ойлайсыздар?


  • Жақсы адам болу үшін ең алдымен ақ көңілді, қарапайым, жанашыр болған жөн.


  • Адал еңбекпен мал тапқан адам – жақсы адам болады.



  • Әрбір халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады емес пе? Біздің халықтың да өзіндік әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі ерекше. Сол себепті дана халқымызды, ата-бабаларымызды, өз тарихимызды, өткен күнімізді есте сақтағанымыз жөн.



  • Бәрекелді! Демек, тарихымызды, өткен күнімізді, ата-бабаларымызды ұмытпауымыз, олардың өсиеттерін, насихаттарын барынша келешек ұрпаққа аманат қалдыру, оларды оқып, үйрену бізге міндет. Олай болса, бүгінгі тарихи құндылықтарға бай болған сабағымызды бастаймыз. Алдымен, көңіл-күйімізді көтеріп алғанымыз маңызды. Өйткені, шаттық бар жерде білімді, ілімді игеру де оңай болмақ.

Сол үшін, ортаға шаттық шеңберін құрып алайық. Оқушылар, мына сиқырлы сандықшаның ішінде жылы лебізді смайликтер бар. Сол смайликтерден өздеріңе ұнағандарын таңдап алып, бір-бірлеріңізге сыйлық ретінде беріңіздер. Смайликтермен бірге бүгінгі сабағымызда, алдағы өмірлеріңізге байланысты ыстық тілектерді қосып айтуларыңыз қажет.


Оқушылар бір-бірлеріне смайликтерді сыйлайды.


  • Өте жақсы, балалар! Жарайсыздар! Олай болса, мен де сіздерге бүгінгі сабақта тек бестік бағалар алуларыңызды, және де бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді, тәлімдеріңізді өмірде дұрыс қолдана білулеріңізге тілектеспін. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, бүгінгі сабаққа Ыбырай атамыздың «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңін негізге ала бастамақпын.

Бір құдайға сиынып,

Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық... деп Ыбырай атамыз жырлағандай, өмірде білімді, ғылымды ұштастыра білген адам ғана өзінің арман-мақсаттарына жетері сөзсіз. Сол себепті, мен осы сөздерді бүгінгі сабағымызды эпиграфы етіп алуды, сіздердің дұрыс білім алуларыңызды мақсат еттім. Шәкірттерім, сіздер Қазақстанның ертеңгі күні, болашағысыздар. Сол үшін, әрбір күннің қадірін бағалай біліңіздер дей келе жұмысымызды жалғастырайық.


Білу. «Білгенге – маржан, білмеске - арзан»

  • Олай болса, сабағымыздың бірінші кезеңіне көшеміз. Алдымен тақтада көрсетіліп тұрған суретке назар аударыңыздар. Бұл сурет кімнің суреті? Бұл тұлға туралы не білесіздер?


Оқушылар - Ыбырай Алтынсарин қазақ жеріне тұңғыш мектеп ашқан, «Кел, балалар, оқылық!», «Өзен» өлеңдері мен «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» әңгімелерінің авторы деп жауап берді.


  • Иә, балалар, сіздердің жауаптарыңыз дұрыс. Біз елімізде, халқымызда Ыбырай атамыздай ата-бабалар болғанын мақтан етеміз. Олардың еңбектерін әрқашанда оқып үйренуге талпынамыз. Бізге айтқан өнеге өсиеттерін әрқашан да есімізде сақтаймыз. Қазақ балалар әдебиетінің атасы саналған Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына таң қалмаған адам болмаса керек. Ыбырай атамыз қазір дүние болғанда сіздердің осындай таза, кең, жарық мектептерде оқығаныңызды көріп қуанған болар еді. Келіңіздер, Ыбырай атамыздың шығармашылығына бір қол шапалақпен алғыс білдірейік.

  • Біз өткен сабағымызда сіздермен Ыбырай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелестік емес пе? Олай болса, ұлы ағартушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салған, біздің алғашқы мұғаліміміз атанған Ыбырай атамыздың өлеңдерін тыңдайықшы.


Кел, балалар, оқылық (Шахноза)

Бір құдайға сиынып,

Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Істің болар қайыры

Бастасаңыз алдалап,

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.



Әй, достарым (Юлдуз)

Әй, достарым, жігіттерім,

Болмасқа болушы болма!

Қолыңнан келсе қыл қайыр,

Кісіден алушы болма.

Жақсының жүзі жәндетті,

Бір көруіңқанібетті,

Жаманның ісі міндетті,

Зар берсе алушы болма!

Жоғары қарап оқ атпа,

Өзіңнің түсер қасыңа.

Ақылсыз жанды досым деп,

Басыңды қосып сыр айтпа.

Күндердің күні болғанда,

Ол жаман айғақ болар басыңа.

Бар күшіңді сынаспай,

Балуандармен күреспе.


Әй, жігіттер (Отахон)

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,

Азған елдің ішінен.

Алыс - алыс қашыңыздар,

Зияндасты кісіден.

Жақсыны көзбен салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.

Өзі болған ерлердің,

Аяғынан алмаңыздар.


Өзен (Умида)

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертінді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да

Шуылдап желмен бірге бас ұрады...

Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,

Тасыса су бармаған сай қалмайды.


Өнер - білім бар жұрттар (Зухра)

Өнер - білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.


Ананың балаларын сүйюі (Гулчехра)

Кім сендерді балалар, сүйе-тұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.


Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелеп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.


Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?

Ұмытпа, ең кемінде дұлдыз сайын,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.


  • Өте жақсы, жарайсыздар! Демек, Ыбырай атамыз өз өлеңдерін барша оқырманға түсінікті болатындай қарапайым тілмен жазып, бізге мұра етіп қалдырған екен. Ұлы ағартушының барлық шығармаларының негізгі идеясы оқырманды білімді, ақылды, қарапайым мінезді, адал, еңбексүйгіш, өз елін қандай жағдай болмасын әрқашан қорғай алатын нағыз азамат болуға шақырған екен.

Енді оқушылар Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай білім алуды әрі қарай жалғастырайық. Қазір біз сіздермен өтілген тақырыптар бойынша тест тапсырмасын орындаймыз. Бұл тапсырмамыз «Заман білімдінікі» деп аталады.

Баламалы ( альтернативті) тест

( Мұнда «Иә» не « Жоқ» деген жауаптардың бірін белгілейді)

1. Мақал- мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір жанры.

а) «Иә» ә) «Жоқ»

2. «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») Абай Құнанбайқлының шығармасы.

а) «Иә» ә) « Жоқ»

3. Қожа Ахмет Йасауи ХІ ғасырда өмір сүрген.

а) «Иә» ә) «Жоқ»

4. «Әй, Абылай» атты өлең Асан қайғының өлеңі ме?

а) «Иә» ә) «Жоқ»

5. Дулат Бабатайұлы 1802-1874 жылдар аралығында өмір сүрген.

а) «Иә» ә) «Жоқ»

6. Ыбырай Алтынсарин «Мен, мен едім, мен едім», «Еңселігім екі елі», «Ұлы арман» өлеңдерін жазған ба?

а) «Иә» ә) «Жоқ»

(Тест орындалып болған соң топтар бірін-бірі тексереді. Дұрыс жауаптар интербелсенді тақтада көрсетіледі)

Түсіну: «Менің білім деңгейім»

  • Өте жақсы, оқушылар. Ендікі кезекте үйге берілген тапсырманы орындап алайық. Өткен сабақта біз сендермен үш топқа бөлінген болатынбыз. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар берілген еді. Енді әр топтың үйге берілген тапсырманы қай дәрежеде орындағанын бағалап аламыз.

І топ – Филологтар. Ұлы ақынның өмір жолы жайлы мәліметтер жинау. Бүктеме дайындау арқылы Ыбырай Алтынсарин атамыздың өмір жолына түсінік беру.

ІІ топ – Әдебиетшілер. Ұлы ақынның шығармалары, жұмыстары туралы мәліметтер жинау. Қалаған бір әңгімесіне сахна көрінісін даярлау.

ІІІ топ – Ізденімпаздар. Жаңа тақырып бойынша мағлұмат жинайды. Әңгіме көрінісін бейнелейтін сурет салу. Мұнда сурет салуға дарыны аса жоғары оқушымыз бар. Ол Сайитмуратханов Шахзод. Шахзод сіз өз орныңызға келіп, сурет салуды бастауыңызға болады.

І топ. Ыбырай Алтынсарин туралы филологтар не айтады? Тыңдап көрейік.

Умида - Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқының өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас қрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.

Ыбырай бұл жолда сан алуан қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан түтатын ардақтысына айналды.

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсари қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.

Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішінде көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.

Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрынжаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған «төре» болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:

Үміт еткен көзімнің нұры – балам,

Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен-аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,

Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!


Юлдуз – Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы - қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі – Орынбордағы Шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануға жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтың кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтарының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.


Сарвар – Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.


Умида – Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім», - деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.


Топ мүшелері тақтаға Ыбырай Алтынсарин өміріне байланысты болған деректі сандарды жапсырады. Сандар сөйлейді.


  • Бәрекелді! «Филологтар» тобы үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпті. Топ мүшелерінің жауаптарын бір қол шапалақпен марапаттап қояйық. Енді кезекті ІІ топ, яғни «Әдебиетшілер» тобына береміз. Бұл топ мүшелері Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы бойынша мәліметтер жинап келуі тиіс болатын. Кезек «Әдебиетшілер» тобына.


Зухра – Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді.

Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді», - деп жазды.

Алтынсарын орыс халқы мен қазақ халқының достығына сенімді қолдаушы болды. Ол орыс демократиялық насихаттарды, орыстың педагог-жазушылары К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тәжірибесін пайдаланды.

Алтынсарин ағартушы ретінде білімге табынған және білімнің қоғамды, әрбір жеке тұлғаны дамытудағы күшіне сенген.

Ыбырай Алтынсариннің әдеби қызметін бақылаған замандастары, оның еңбектерінің қаншалықты халықтың қажеттігіне жарайтындығын көзі тірісінде бағалаған.


Лобар – Өзінің қатардағы әдеби шығармашылық еңбегінен басқа – «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», «Қазақ хрестоматиясы» (1879) еңбектері ана тілінде құрастырылған.

Бұл кітаптарда орыс графикасы негізінде жасалған жаңа қазақ алфавиті пайдаланылды.

«Қызғыз хрестоматиясының» кіріспе сөзінде Алтынсарин : «Жалпы біліммен пайдалы мағлұмат беретін кітап Азия халықтарының бірде-бірінің тілінде жоқ, сондықтан орыс тіліндегі кітаптан ізденуді мақұл көрдік. Осы себептен біз хрестоматия өзінің мақсатына сай келуі үшін оны орыс алфавитімен шығаруды қолайлы деп таптық», - деп жазған.


Отахон – Ғасырлар бойы көшпенділер байлық басы мал деп санаған. Бірақ баянды, шынайы байлық білімде екенін Алтынсарин өлеңдерінде айтып, осыған жастарды сендіруге, көзін жеткізуге тырысады. Адамды тек білім ғана бақытты, құдіретті ететіндігін көрсетеді.

«Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жас өспірімдерді мәдениетті халықтың қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады.


Зухра - Ыбырай Алтынсарин туған табиғаттың суретін де шебер жырлаған. Өзіндік үндестік, үйлесім заңдылығымен табиғаттың үні мен болуына таң қалмаған ақын кемде-кем шығар.

Ыбырай Алтынсаринның жанына мәңгі жақын дала табиғаты, ел көрінісі, ауыл келбеті. Әсіресе, жаз мезгіліндегі дала оны қатты тебірентеді. «Жаз» өлеңінде табиғат көрінісі халықтың өмірімен астасып жатады.

Ыбырай бұл өлеңде жерді көк майса шалғын басып, дүние гүл жайнап, даланың хош иісі адамды керемет рахатқа бөлеп жатқан ең бір әсем кезеңнің тамаша картинасын жасайды. Өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, адам, жан-жануар біткенге нәрін ұсынады.

Жаз адамға қуаныш сыйлайды. Алтынсаринның көреген көзі жас сәбидің желкілдеп өскен көк майсада сайран салуын, керуен жолына әсемденіп, көңілдері көтеріңкі әзілдері жарасқан әйелдерді, таң сәрідегі ғашықтардың айырылысуын аңғарады.


Лобар – Ыбырай Алтынсарин – табиғатты бақылаушы ғана емес, әсем суреттей білетін ақын. Ол – өмір жайлы көп толғанатын, өмірдің мәңгілік жаңаруын, жаңғыруын күтетін философ, ақын.

Ақынның көз алдындағы табиғат – ұлы сауықтырушы, тыныштық орнатушы. Ол өмірді ерекше ықыласпен қабылдап, оның кереметтігіне, тамаша екендігіне сенеді. Бұны тек «Жаз» өлеңінде ғана емес, «Өзен» өлеңінде де көруге болады. Бұл бір жағынан, жағада өскен желкілдеген көк майса шалғын, өрісте асыр салған тай-құлындар, мөлдір ағыста шоршыған балықтар, ал екінші қырынан, өмір асығысының мәңгілік бейнесі:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертінді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.


Зухра – «Бай баласы мен кедей баласы» әңгімесінде құрдас екі баланың жұртта қалып қойып, жаңа жерге көшкен ауылды іздеп тапқандығы туралы айтылады. Олардың хикаяларын айта отырып, Алтынсарин балалардың мінездерін, әлеуметтік жағдайларын, өмірлерін, тәрбиелерін, дағдыларын көрсетеді.

Әңгіменің негізгі түйіні – мінездері бір-біріне қарама-қарсы, әлеуметтік жағдайлары екі түрлі далалар өмірі. Үсен – кедей баласы, ол сонысымен өзін көрсетеді. Еңбек нағыз адамды тәрбиелейді, өмірдегі бар қиыншылықты жеңе алады, ал жұмыссыздық – кеселдіктің тамыры.


Лобар – «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі педагогикалық мақсаты көздейді: оқытады және бағыт көрсетеді. Алтынсарин қиындыққа емес, мінездің қарапайымдылығы мен айқындылығына ұмтылады. Бірақ, бұл мінездер дерексіз емес, олар – шынайы өмір көрінісі. Өмірлік ұстаным, дидактикалық ойға еркін бағыттайтын – «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі қазақ оқушыларының арасында ғана емес, орыс оқырмандарына да кеңінен танылған. 1890 жылы «Родник» журналында әңгіменің орысша нұсқасы жарияланған.


ІІ топ мүшелері бірінші топпен бірлесе отырып, Ыбырай атамыздың әңгімесін бойынша дайындалған сахна көрінісін көрсетеді.


  • Бәрекелді! «Әдебиетшілер» тобы да үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпті. Топ мүшелерінің жауаптарын бір қол шапалақпен марапаттап қояйық. Енді кезекті ІІІ топқа бермес бұрын, бүгінгі сабағымызда кездесетін жаңа сөздерге назар аударуыңыз керек болады. Себебі, ІІІ топқа, яғни, «Ізденімпаздар» тобына үйге жаңа тақырып бойынша іздену жұмыстары ұсынылған. ІІІ топтың жауаптарын тыңдамас бұрын, Ыбырай атамыздың «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде кездесетін, біз үшін түсініксіз болған сөздерге тоқтала кетейік. Демек, бүгінгі жаңа тақырыбымыз Ыбырай Алтынсаринның «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі. Бұл әңгіме оқулығымызда берілмеген. Сол себепті, мен бұл әңгімені сендерге қосымша парақтарда берген болатынмын. Енді назарымызды тақтаға қаратамыз.

«Сөздікпен жұмыс»

Берілген сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, өзбек тіліндегі баламасын табу

Барымта - бұл жерде: ұрлық деген мағ. - уғрилик

көшпелі ел – жергілікті өмір кешпейтін, көшіп-қонып жүретін – кучманчи халқ

бейнет – қиыншылық, аянбай еңбек ету - қийинчилик

жарлы - жақыбай - кедей - бечора

жалаңаш – бұл жерде: кедей халық деген мағ. – оч қолган

кәсіп – хунар

айырбас – айирбошлаш

жәрмеңке – бұл жерде: өзінің адал еңбегімен өсірген егістігін сату - ярмарка.



  • Ендігі кезегімізді ІІІ топқа, яғни, «Ізденімпаздар» тобына береміз. Бұл топ мүшелері Ыбырай Алтынсаринның «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі бойынша мәліметтер жинап, әңгіменің көрінісін суретте бейнелеп беру тиіс болатын. Кезек «Ізденімпаздар» тобына.


Шахноза – Ыбырай Алтынсаринның «Қыпшақ Сейітқұл» деген әңгімесі көлемі жағынан өте қысқа жазылса да, мазмұны терең, күрделі істі, әлеуметтік мәселені қамтиды. Оның қызықты болатыны осындай қасиеттерінде деп түсінеміз. Дәл бүгінге дейін маңызын жоймай келе жатқан осы сепебтерден деп білеміз.

Сейітқұл дейтін кісі тобырды, жарлы-жақыбайларды қалай етсем байытам, қалай етсем халық қатарына қосамын деген ойға қалады. Сауда етуге малы жоқ, ұры-қарлықпен күн көруге болмайды. «Жортуыл басы» деген халықтың даналық сөзі жаман іске аяқ бастырмайды. Ақырында Сейітқұл тұрақты мекен іздейді. Торғай төңірегіндегі Қабырға деген өзен-судың жағасын ұнатып, сол жерді мекен етеді. Жоқшылықтың зардабын көп көрген жалаңыш-жалпы кедейлерді сол жерге көшіріп келеді де, отыз үйлі кедейге кетпен ұстатып, егіншілік жұмысты кәсіп етеді.


Севара – Барымтаны әдет еткен Сейітқұлдың ағасы бұл ынтымаққа көнбей, Түркістан жақта қалып қояды. Бір жерді тұрақты мекен еткен Сейітқұл ауылы бірден-бірге көтеріліп, шаруалары күйлене бастайды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар жиналып, бес-алты жылдың ішінде Сейітқұл ауылы дейтін іргелі елге айналады. Шымнан биік-биік қорған салдырып, бұл жерді шаһарға айналдырып жібереді. Мұндай ынтымаққа көнбей Түркістан жағында қалып қойған Сейітқұлдың баяғы ағасы ұрлыққа аттанып жүргенде қолға түсіп, белгісіз біреулер өлтіріп кетеді.


Гулчехра – Бұл әңгімеде біріншіден, отырықшы тұрмыстың артықшылығын айта келіп, байларға жалданбай-ақ өз бетімен еңбек ету арқылы дадәулетті тұрмыс құруға болатынын дәлелдейді. Екіншіден, отырықшы халықтың ынтымағы да, бірлігі де, шаруашылық экономикасы да күшті болатынын суреттейді. Үшіншіден, мәдениет пен ғылым тек отырықшы халықтарда ғана болатынын айтады. Төртіншіден, оңай олжа табу үшін барымтамен күн көрудің баянсыз болатынын дәлелдеп, балаларды одан жирендіреді. Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін, оқушысының санасын оятып, сүйсіндіре түсетін құнды жақтары осынысында.


Шахзод (өзінің салған суретін қорғайды) – Мен өзімнің салған суретімде Ыбырай Алтынсаринның «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіндегі көріністі бейнелеуге тырыстым. Бұл суретте көктемдегі табиғат көрінісі, Сейітқұлдың өз елін Торғай төңірегіндегі Қабырға деген өзен-судың жағасына орналастыруын бейнеленге әрекеттендім.


Қолдану: «Менің аңғарғаным»

  • Бәрекелді! «Ізденімпаздар» тобы да үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпті. Топ мүшелерінің жауаптарын бір қол шапалақпен марапаттап қояйық.

  • Ендігі кезекте Ыбырай Алтынсаринның «Қыпшақ Сейітқұл» атты шығармасынан түсінген ойымызды ортаға салайық.

  • Әңгіменің негізгі идеясы не? Қалай ойлайсыздар?

  • «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің негізгі идеясы адамдарды адал еңбек етуге, өз елінің нағыз азаматы болуға шақыру.

  • «Ұрлықтың түбі - қорлық» екенін аңғарту.

  • Әңгімеге халық даналығындағы қайсы мақал-мәтелдерді негіз етіп таңдауға болады?

  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген мақал бұл әңгімеге мағынасы жағынан өте сәйкес келеді.

  • Демек, біз өмірде тек қана адал еңбек етуіміз, адал болуымыз керек екен. Бұл әңгімеден тек адал еңбекпен айналысқан адам ғана халық арасында абыройға ие болып, өз елінің нағыз азаматы бола алады деген ой туындайды.

Сіздер білесіздер ме, Абай айтқан асыл сөз бар: «Мұны жазған білген құл, атын білме, сөзін біл».



Талдау: «Есімізде сақтаймыз»

  • Адам өмірі тіршілігінің мәні де, сәні де - еңбек. Еңбек адамның ойлау қабілетін дамытады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей әр адам қаншалықты еңбек етсе, соншалықты соның жемісін көреді. Адам еңбекпен есейіп, оның өмірге деген танымдық көзқарасы қалыптасады. «Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны - тәтті» дегендей адамның өз еңбегімен тапқан «наны», «асы» адал болады.

  • Бәрекелді! Енді естеріңе түсіріңдерші. Қазақтың қай ақынының шығармалары мағыналық жағынан Ыбырай Алтынсаринның даналық ойларымен үндеседі?



  • Қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл-ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері – Абай Құнанбайұлының шығармаларымен үндес келеді.

  • Тамаша! Олай болса, естеріңде болсын! Биыл қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан, қазақ халқының білім алуы үшін барлық күш-жігерін жұмсаған, бүкіл әлем әдебиетінде ерекше орын алған Ұлы бабамыз Абай Құнанбайұлының туғанына – 170 жыл, Бауыржан Момышұлының туғанына – 105 жыл, Қазақстан Республикасы Гимнінің авторы, ұлы композитор, қазақ күйінің атасы – Шәмші Қалдаяқовқа – 85 жыл толып отыр. Сонымен қоса, халқымыз Қазақ хандығының – 550 жылдығын үлкен бір мақтанышпен тойлауда.




Жинақтау: «Шеңбер бойымен әңгімелеу»

Халқымыз үшін естен кетпес, тарихи оқиғаларға бай болған 2015 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «» бекер айтпады. Демек, елімізде 2015 жылды «» деп белгіленді. Сондай екен, біз де тарихымызды есте сақтай отырып, сабағымызды жалғастырамыз. Енді сабағымыздың келесі кезеңіне көшсек. Бұл кезең «Шеңбер бойымен әңгімелеу» деп аталады. Бұл жерде сіздерге тапсырма ретінде алдарыңызда тұрған қағаздарға «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі бойынша алған тәліміңізді жазуыңыз қажеттігін ескертемін. Бұл тапсырма топ ішінде орындалады. Дайын болсаңыздар іске сәт!

Бұл үшін оқушыларға қағазды алдарына қоямын, өздері бірінен соң бірі «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі мен өздері оқыған әңгімеден алған тәлімін жазады.

Білім

Еңбекқорлық

Қамқорлық

Қайырымдылық

Бауырмалдылық

Жанашырлық

Постерлер қорғалады.

  • Өте жақсы! Бәрекелді! Адам баласының артында тек қана жақсы істері, жақсы аты ғана мұра болып қалады. Сол үшін өмірде бір-бірімізге тек қана жақсылық, мейірім қолын созайық. Ендеше, бүгінгі алған білімімізді тексеру үшін мен сіздерге сәйкестердіру тесттерін беремін. Бұл тапсырманы топ болып орындаймыз.

  1. 1841 жылы Қостанай облысы Затобол ауданында -

  2. «Әке мен бала» атты шығармасын –

  3. «Қыпшақ Сейітқұл» шығармасында -

  4. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң –

  1. Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтеді.

  2. Ұлы ағартушы, ақын-жазушы, қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин дүниеге келеді.

  3. Отырықшылық, еңбек, сауда туралы сөз етеді. Оқырманды адал еңбек етуге, адалдыққа шақырады.

  4. «Аз жұмысты қиынсыңсаі, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» деп тұжырымдайды.

Сабақты қорытындылау : «Бір айналым сөйлесу»

- Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?

- Ыбырай әңгімелері туралы білетіндерімізді бір-бір сөйлеммен қорытындылайықшы. Бұл тапсырманы «Бір айналым сөйлесу» әдісі арқылы орындаймыз. Мен сіздерге бір ой айтамын, сіздер менің айтқаныма өз ойыңызды қосып жалғастыруыңыз керек.

- Ыбырай –балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. (Оқушылар жалғастырады)


«Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»

Міндеті: Сабақта алған білімдерін жан-жақты дамыту

Атқарылатын жұмыс түрі: үй тапсырмасын беру

1. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін оқу, мазмұнын айту;

2. «Ер – ел үшін туады» деген мақалды Сейітқұлдың іс-әрекетімен байланыстырып, шағын шығарма жазу.


Бағалау : «Бағалау – мақсатқа жету жолы»


Міндеті: Сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.

Атқарылатын жұмыс түрі: Алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра, күнделіктеріне қойып беру.

Оқушылар, біз сабағымыздың басында Ыбырай атамыздың «Кел, балалар, оқылық» өлеңін айта отырып бастаған едік. Бүгінгі сабақта сіздер өз білгендеріңізді жоғары деңгейде ортаға салдыңыздар. Сіздерге бүгінгі сабағымыз ұнады деген үмітпен сабақты қорытамыз. Қош, сау болыңыздар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
1822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі