400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин "Қыпшақ Сейтқұл -заманынан озып туған адам" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары ұстаздарға түрлі әдіс-тәсіл,оны бағалаудың жолдары туралы мәлімет береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Тәрбиенің қайнар бұлағы

Мектеп:


«Тарбағатай ЖББОМ»КММ

Күні:

18.02.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:


Узбекова А.С.

Сынып:

5 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі. Сейтқұл – заманынан озып туған адам.

Оқу мақсаты

5.1.Әдеби шығарманың жанрына қарай сюжеттік дамуын сипаттау.

5.3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

5.4.Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат жазу.

5.2.Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазады. Әдеби шығарманың жанрына қарай сюжеттік дамуын сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.

Кейбір оқушылар

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. Еңбек етпей елге өкпелеме, егін екпей жерге өкпелеме

Бағалау критерийі

Оқушы алдарына дескрипторлар таратылады. Бағалау тиындар арқылы бағаланады.

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу: адами құндылықтарды бағалай білу

Ынтымақтастық: бір-бір қолдау, берекеде жұмыс жасау.

АКТ дағдысын қолдану

Презентация

Өмірмен байланыс

Еңбек туралы мақал-мәтел қанатты сөздерді күнделікті өмірде қолданады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, география

Алдыңғы білім

Сейтқұл-еңбек адамы.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


5 минут

Оқушыларды түгендеу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері: Шеңберге тұрып , алақанымызды бір-біріне тигізіп, «Бәрі менің қолымда,себебі ...» оқушылар өз-өзіне сенімі артып , бүгінгі сабақ мақсатына жетуге талпыныс жасайды.Бұл әдіс оқушылардың ішкі уәжін қалыптастыруына жұмыс жасайды.

Топқа бөліну:

1-топ.Егіншілік туралы мақал-мәтелдер.

2-топ.Мал шаруашылығы туралы мақал-мәтелдер.

3-топ.Еңбек туралы мақал-мәтелдер.

Әркім өзі алған мақалын оқып ,сәйкес мақалдар бойынша топқа бөлінеді. Оқушылар тобында мақалдарын бір-біріне айтып,танысады.

Слайд



Сабақтың

ортасы


5 минут





6 минут




7 минут














10 минут






1. « Сүзгі » әдісі әңгімедегі жер-су аттары мен адам аттарын табу. Әдісте сүзгінің ішіне әңгімеге қатысы бар жалқы есімдер,сонымен қатар, басқа шығармаларда кездесетін жалқы есімдер де бар қима қағаздар салынады.Оқушылар әңгімеге қатысы жоқ есімдерді алып, түсінік беруі керек.

Бағалау критерийі:

1.Әңгімедегі жер-су аттарын біледі.

2.Ол есімдерге түсінік береді

3.Басқа шығарма жалқы есімдерін ажырата алады.


2.«Түрен салу» әдісі әңгіме мазмұнының ретін табу. Әңгіме мазмұнына сай таңдалған әдіс. Әңгіме мазмұны реттілігін тауып , маркермен сызып, номерлеп, қай ретте екенін табу керек.Жұмыс топпен жүргізіледі.

Бағалау критерийі:

1.Әңгіме мазмұнын біледі.

2.Әңгіме реттілігін таба алады.

3.Топтық жұмыста белсенділік танытады.

3. ПОПС формуласы Сейтқұл – заманынан озып туған адам.Осы сөйлемдерді аяқтап, ойын еркін жеткізуге тырысу керек.

«Менің ойымша, ол...»

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Бағалау критерийі:

1. Сейтқұлдың образын ашып ойын білдіреді.

2. Түсіндіріп береді.

3. Өз ойын мысалдармен дәлелдейді.

4.Ойына қорытынды жасайды

4. Жазылым тапсырмасы. Заманынан озып туған адамға хат. «Улы сия» ( Сейтқұлдың ағасына хат жазу)

Бағалау критерийі:

1.Хат құрылымын сақтайды.

2.Ойын еркін жеткізеді.

3.Көркемдегіш құрал қолданады.

Оқушылар дәптерлеріне хат жазады. Оқып, бірден оқушыдан оқушыға,мұғалімнен оқушыға кері байланыс орнату керек .

Үйге хатты аяқтап келуге тапсырма беріледі.


Сүзгі ,қағаз қиындылары









Ақ парақтар,маркерлер,жалаушалар




























Сабақтың

аяғы

7 минут






Кері байланыс

Рефлексия

«Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісі арқылы оқушылар сабақтағы іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды.

Мен бүгін білдім... .

Менің бүгін қолымнан келді... .

Мен келесі сабақта білгім келеді... .

Берілген 12 сөйлемнің өзі таңдаған үшеуін таңдап, рефлексия жасайды. Рефлексия ауызша орындалады.

Кері оқу мақсатына оралып ,оқушылардан қай мақсатқа қол жеткізгенін, қай мақсат оларға қиындық келтіргенін айтқызу.

Таратпа материал

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Бағалау әдісі оқушылардың оқуына қолдау жасауда тиімді болды. «Попс формуласы» әдісі саралау жасауда тиімді тәсіл болды.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін рефлексия жасау арқылы білуге тырыстым.

Сейтқұл астықты малға айырбастаса , біз сабақтағы жауабымыз үшін ақша алып банкке саламыз,топтың жинаған қаражаты болады деген бағалау әдісін таңдадым.












Қауіпсіздік ережесі толық сақталды. Оқушы денсаулығына зиянын жасайтын әрекет орын алған жоқ.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды.



Оқушылар белгіленген сабақ мақсатын толығымен, мақсатқа сай жасай алды.

Саралау дұрыс қойылған.


Сабақ тура жоспарлағандай өтті. Жоспарлағаннан тыс әрекет жасалмады.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
3806
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі