Материалдар / Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге ,оқушыларға зерттеу жұмыстарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2021
927
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Зерттеу жұмысы


Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ...........................................................................................................


І. ХІХ Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ы.Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлерінің

этнопсихологиялық негіздері. .............................................................

1.2. Ы.Алтынсарин мұраларының психологиялық тұрғыдағы

бағыттары................................................................................................

Бірінші тарау бойынша ой - тұжырымы......................................


ІІ. ТАРАУ Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫН ОҚЫТУ, БІЛІМ БЕРУ ІСІНДЕГІ ҮЛЕСІ.

2.1. Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” оқу құралының

жасөспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастырудағы рөлі.....

2.2. Ы.Алтынсариннің психологиялық тұрғыдағы еңбектерін оқу үрдісінде

қолдану..............................................................................

Екінші тарау бойынша ой-тұжырымы...............................................


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................


















КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі

ХІХ ғ. Екінші жартысындағы қазақ жерін Ресей империясы түгелдей жаулап алуын аяқтаған болатын. Өлкеге ішікі жақтан қоныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен қатар, жер билігі де түгелдей патша әкімдерінің қолына көшті, жекелеген өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демократиялық мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бұқара халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдениетінің ықпалы күшейді, ғылым мен мәдениетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті. Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осы тұста қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенті -ұлы демократ ойшылы Ы.Алтынсарин шықты./1/

Ол арнаудлы психологиялық еңбектер жазбаса да, оның адамның сан алуан психологиялық сипатын ашатын шығармаларымен (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, өлеңдері мен әңгімелері, аудармалары) қоғамдық, психологиялық мәселелерге орайлас көптеген деректер кездестіруге болады.

Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздарының, ғұлама ойшылдардың адамның жан жүйесі жайлы мұраларының қазіргі ұрпақ тәрбиесін оның жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамып жетілуіне қосар үлесі өз алдына бір төбе.

Ы.Алтынсариннің ұлттық дәстүр, салт-сананы, адамның бойындағы сан қилы психикалық ерекшеліктерді, оқу-білімді насихаттап, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақтың болашағын өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдарының қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең дүниелер./2/

Ы.Алтынсарин мұраларына зерттеп, тұңғыш өмірбаянын жасаған, оның педагогикалық, психологиялық ой-пікірі мен жұмысын жүйелі түрде талдаған орыс шығыстанушылары мен ғалымдары, оқу-ағарту жұмысының озық ойлы, ғалым-ұйымдастырушылары болды. /3/

Олар –орыстың белгілі шығыстанушы-ғалымдары В.В.Григорьев/4/ (1816-1881), Н.И.Ильминский (1822-1891)/5/, А.А.Бобровников (1822-1865)/6/, Орынбор оқу округінде әртүрлі дәрежелі мектептерді басқарған зертеуші-ғалымдар В.В.Катаринский (1846-1902)/7/, А.Е.Алекторов (1861-1918)/8/, А.В.Васильев (1861-1943)/9/, Н.А.Бобровников (1853-1921)/10/, М.П.Ронгинский (1866-1927)/11/, Еділ бойындағы аз халықтар арасындағы ағарту жұмысының жанашыры болған С.В.Чичерина (1868-1918)/12/, чуваш халқының озық ойлы педагог - ағартушысы И.Я.Яковлев (1898-1930)/13/, Қазан университетінің профессоры хакас Н.Ф.Катанов (1862-1922)/14/,белгілі пелагог-ұйымдыстырушы, Ыбырай Алтынсаринның шәкірті, әріптесі Ғ.Балғымбаев (1866-1943)/15/, тағы басқалары. Бұлардан басқа да Ыбырай творчествосы мен оның қазақ халқының тарихында алатын орны туралы айтқандар саны көп.

Ыбырай төңірегін кеңіте, молықтыра түсуде Ә.Ламашев он жылдам астам жұмыс істеді. Алтынсаринді танытуда, қомақты істер атқарғандарды саралап, таңдап алуда халқымыздың ұлы педагогіне қатынасын анықтауда біршама жұмыстар атқарды. Ыбырай Алтынсариннің ұстаз-достары десек В.В.Григорьевтің, Н.И.Ильминскийдің, В.В.Катаринскийдің, ал ізбасарлары десек А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, М.П.Ронгинскийдің, Ғ.Балғымбаевтың аттары аталады да олардың тақырыбына байланысты қысқаша тоқталып өтіледі. Ал автор олардың әрқайсысына жеке көңіл бөліп, монография түрінде баяндайды./16/

Қазақстандық ғалымдар атап айтқанда, И.А.Грамс, С.Хасанова, филолгия ғылымдарының докторы Б Әбілқасымов/17/ т.б. зерттеулері де бар.

Білім беру жүйесінің әр сатысында Ыбырай шығармаларын оқып-үйрену, оны оқу бағдарламаларына ендіру мәселесі бұрыннан қолға алынғаны белгілі.

Бірақ ағартушы ұстаздың шығармаларын жүйелеп, бір бағытпен кең көлемде оқыту назардан тыс қалған. Жалпы білім беретін мектепке арналған ана тілі, әдебиет оқулықтарында тек оқу-білімге шақыратын өледері мен санаулы аударма әңгімелері ғана қамтылған. Ал жоғары оқу орындарының, психология педагогика және психология мамандарының оқу бағдарламасында, мәселен “Этнопсихология” пәнінде өте аз сағат бөлінгендіктен (мәселен, лекция 30 сөожж 30) Ыбырай мұраларына кең көлемде тоқталып өтуге уақыт тығыз.

Өркениетке бет алған заманда қазіргі ұрпақтың өзінің тарихи, мәдени, ағарту мұраларынан қол үзіп, көз жазып қалмауы үшін ұлттық байлық – ұлы тұлғалардың кейінгі ұрпағына қалдырған мол қазынасын білуі тиіс.

Осы мақсатпен біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Ыбырай Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері” деп атауды жөн көрдік.

Зерттеудің мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне психологиялық тұрғыда талдау жасап, жүйелеп, мұраларын ғылыми негіздеу.

Зерттеудің міндеті:

1. Ыбырай Алтынсарин мұраларына психологиялық тұрғыда талдау жасау.

2. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын жүйелеп, негіздеу.

3. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту үрдісінде кеңінен қолдану мақсатында студенттердің өзіндік жұмыс түріне лайықтап, қарастыру;


Зерттеу жұмысының пәні: Ыбырай Алтынсариннің этнопсихологиялық көзқарастарының бағыттары;

Зерттеу жұмысының нысаны: Ыбырай Алтынсарин психологиялық және этнопсихологиялық мұралары:

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Зерттеу жұмысы студенттердің Ыбырай Алтынсариннің мұраларын психологиялық, этнопсихологиялық тұрғыда жүйелеуге, негіздеуге мүмкіндік жасайды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін педагогикалық мамандықтар саласында даярланып жатқан студенттер мен жоғары оқу орындары және жалпы білім беретін мектеп оқытушылары оқыту үрдісінде қолдануларына болады.




І. ХІХ Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ


    1. Ы.Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлерінің этнопсихологиялық негіздері


Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен творчествосын зерттеген ғалымдар А.Эфиров/18/, Б.Сүлейменов, Ә.Дербісалин/19/, Ә.Сыздықов/20/, Қ.Бержанов, т.б Ыбырай Алтынсарин енгізген оқу жүйесін қолдап, оның өміршеңдігі мен болашағын мақтан тұтқан. Әсіресе, оқытушылар даярлайтын мектептер мен қыздар училищелері жұмысын, олардың халыққа тигізіп отырған игі әсерін газет-журнал беттерінде кең насихаттап отырған. “қазақ қыздарының оқи бастауы,- деп жазды. А.Е.Алекторов,-жалпы білімге дала халықтарының құштарлығын дәлелдейді. Мұсылман діні әсерінің барған сайын төмендей беруін бұл сияқты фактілер дәлелдейтін сияқты. Торғай облысында, мысалы, әп-әдемі ұйымдасқан төрт орыс-қазақ училищелері: Ақтөбеде, Торғайда, Қарабұтақта, Қостанайда жұмыс істейді. Олардың атқарап отырған ісі, ат-атағы біраз аймақтарды шарлап кетті. Қостанай қаласына жалғас орналасқан Александровскіде әйел –қыздарға арналған орыс-қазақ прогимназиясының ашылуы бізді тіпті шектен шығара қуантып отыр. Бұл прогимназия үш миллион қазақтар үшін ашылған бүкіл Россиядағы жалғыз оқу орны, тек жолы болсын” Ғ.Балғымбаев/21/ оқу -ағарту ісін жақсартуға байланысты осындай педагогикалық мәні зор салиқалы ойлар айтқан үлкен педагог, мәдениет қайраткері. Өмірінің соңғы жылдарында ол Ы.Алтынсарин туралы естелік жазып қалдырды. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин оқушысы, әрі әріптесі болғандықтан Ғ.Балғымбаев ағартушының семьясы, жолдас-жоралары, жұмыс істеу тәсілі, қарым-қатынасы, адамгершілігі жайлы естелікте мол қамтылған. Арқалықтағы Ы.Алтынсариннің педагогикалық музейінде бұл естеліктің толық көшірмесі сақтаулы. А.С.Будилович /22/ Ыбырай Алтынсаринның оқу-ағарту жүйесіндегі бастамасы мен тындырған ісін әлденеше рет қайталай айтып, жоғары баға берді. Ол қазақ балаларының тек жетіден бірін ғана оқуға тартылып, отырғанын, мектептердің мүлде аз екенін тебірене жазды, өз ұсыныстарында қазақтар арасындағы оқу-ағарту ісін шұғыл жолға қою керектігін батыл айтты.

А.С.Будилович Ыбырай Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясын” жоғары бағалады. “Бұл оқулық халық тілінде, орыс графикасында жазылған. Бұл бастама жалғаса бермек”. /23,24/

1884 жылы Алтынсариннің «Шарият-ұл-ислам» ( Тәңірі заңдарының ережелері) аталатын еңбегі Қазаннан басылып шықты. Оны қолжазба күйіде Н.И.Ильминскийге, әріптестеріне көрсетіп, олардың орынды пікірлерін ескерді./25/

Бұл еңбекті жарыққа шығарудағы негізгі мақсаты туралы 1882 жылдың 12 сентябрінде ол былай деп жазды: «... қазіргі кезде қазақ арасында Мұхамбеттің діни оқу жайылып, етек алып барады... діни оқуға пайдаланатын... кітаптарда ешбір жүйе де, көбінде ешбір мағына да жоқ...» - дей келіп, діни оқуға кедергі жасап, белгілі дәрежеде тосқауыл қою мақсатында осы кітабын жазғанын айтады.

Ыбырай мұраларын зерттеуші ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ә. Дербісәлин «Шарият-ұл-ислам» кітабында алға қойған мақсаттары: «Біріншіден, діни қиялдар мен жалған уағыздаушылықты теріске шығару, екіншіден, оларға дін туралы жай ғана түсінік беру, үшіншіден, мектептерде міндетті түрде жүргізілетін дін сабағына осылардың негізінде жаңа оқулық жасау» - деп орынды тұжырым жасады.

Ыбырай Алтынсарин сол жылдың 1 ноябрінде Қарабұтақ бекінісінен тағы да бір кластық қазақ мектебін ашты. 1887 жылы Торғай даласында үлкен мәдени оқиға болды.

Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыс графикасымен жазылған алғашқы кітап деп ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында ресми жұмыста болған қазақ интеллигенциясы да, оның творчествосын зерттеген кеңесік ғалым-жазушылар да айтып жүр. Қолда бар архив документтеріне жүгінсек « о баста қазақ жазбасына орыс графикасын енгізу идеясын орыс оқымыстылары берген сияқты. Олар қазақтарды қалайда татар ықпалынан тезірек шығаруды, қазақ тілін шағатай тілі дәстүрінен арылтуда қазақ жазбаларында орыс графикасын қолданудың зор маңызы болуға тиіс деп ойлады.


    1. Ы.Алтынсарин мұраларының психологиялық тұрғыдағы бағыттары


Ы.Алтынсарин Шоқан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, т.б.). қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практикалық істерінен туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім – ұстаз проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, жастарды оқу білімге шақыру, кәсіптік техникалық білім беру, әсіресе қазақ қыздарына білім беріп, сауатын ашу мәселелері, оқу әдістемелік құралдарын дайындау, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б. жайттарды жатқызуға болады.

Ыбырай Алтынсаринның мұраларын әр кезеңде зерттеген ғалымдардың еңбектеріне және ағартушы - педагогтың өзінің төл шығармаларына талдау жасай отырып, мұраларын жүйелі зерттеу мақсатында оның шығармаларын белгілі бір бағытта жіктеуге мүмкіндік алдық. Оны төмендегідей кесте түрінде көрсетуге болады (кесте 1).

Кесте 1 Ыбырай Алтынсаринның шығармаларының бағыттары.

DrawObject1

DrawObject3 DrawObject2

1. Оқу -білімге арналған өлеңдерінің психологиялық ерекшеліктері



2. Әңгімелерінің балалардың танымдық әрекеттерін дамытып, қалыптастырудағы мәні

3. Оқу -әдістемелік шығармалары

DrawObject5 DrawObject4

ЫDrawObject7 DrawObject6

4. Хаттары

5. Этнографиялық очерктері

DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 .Алтынсариннің мұраларының жіктелінуі









Осы кестеге сүйене отыра, әр бағытқа психологиялық тұрғыда талдау жасап көрейік.

Бірінші бағыт Оқу -білімге арналған өлеңдерінің психологиялық ерекшеліктері

Ы.Алтынсарин қазақ жастарын оқыту, білім беру ісін басты мәселе деп қараған. Оның қазақ жерінде мектеп ашуы, оған жастарды, әсіресе қыз балаларды тартуы, олардың сауатын ашу мақсатында оқу құралдарын жазуы осының айғағы.

Шығармаларын психологиялық тұрғыда талдап, жіктей отыра, бірінші бағытына оқу-білімге шақырған өлеңдерінің топтастырылуында, мәселен, “Кел балалар, оқылық!” өлеңі дүниені тану, көкірек көзінің ашық болуы, дүниенің кілті оқуда, білімде деген идеясын айтады./26/ Мәселен, "Кел балалар оқылық” өлеңінде:


Кел, балалар, оқылық,

...Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдынан

Іздемей-ақ табылар...

***

Мал дәулеттің байлығы

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстыны байлығы

Күннен-күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар...

***

Оқу деген шыны-ды,

Тұрған сайын шыныққан...

Оқу білген адамдар

Май тамызған қылыштан...

Білмегенді білуге

Білімнің тозбайтынын, оның арқасында тілеген-тілегің, арманың орындалатынын, білім-байлық, оның таусылмайтын кен екендігін, адассаң жол табатын, жөн сілтеушінің дегенді ескертеді.

Өнер де, білім де оқумен тығыз байланысты, қартайғанда тіреу болар, сүйеу болар-білім, оқу деп түйіндейді.

Өнер білім бар жұрттар” өлеңінде де өмірді, қоршаған ортаны өзгертетін, адамның білімі, жасампаздық қиялы деп ой тұжырыдайды:/27/


Өнер білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды,

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді.

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай,

Білгендерге осылар –

Бәрі дағы анықтай.

Білмегенге танықтай,

Біз де бекер жатпалық

Осыларға аныспай.

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Желкілдеп шыққан көк шөптей,

Жасөспірім достарым,

Қатарың кетті-ау алысқа –ай,

Ұмтылыңыз қалыспай!

Біз надан боп өсірдік.

Иектегі сақалды,

Өнер -жігіт көркі” деп

Ескермедік мақалды...

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достаарым,

Сіздерге бердім батамды!..

* * *

Адамға бір өзіндей көзің сүзбе,

Бір әділ қазынасы кең патшаңды ізде.

Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,

Жаратқан бір тәңіріңнен күдер үзбе.

* * *

Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға,

Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.

Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай,

Басыңнан бағын тайған шағыңыңзда.

***

Екінші бағыт Әңгімелерінің балалардың танымдық әрекеттерін дамытып, қалыптастырудағы мәні


Ы.Алтынсарин өз “Хрестоматиясында” жас өспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеді./28/ Көшпелі қазақ баласының айналасын дұрыс қабылдай алуы, осыған орай оның байқағыштық қасиеттерін арттыру, жетілдіру мақсатын көздеп, “Хрестоматияға” үнді ертегісінен мынадай бір тамаша үзінді берген: “Біреу ағашқа іліп қойған етін ұрлатып алып, айналасына жар салады. “Аласа бойлы, қолында қысқа мылтығы бар, соңында тарақ құйрық кішкентай иті бар, бір қарт адам көрдіңіз бе?” деп. Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып, ұрысып ұстапты-мыс. Ауылдас адамдары үндіден “ұрының түсі-түгін қайдан білдіңіз?” - деп сұрапты. Сонда үнді айтыпты дейді: - Ұрының аласа бойлы екенін білгенім, менің қолыммен ілген етімді, ол ағаштың астына тас қойып, соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім, жүргендегі ізінен байқадым – адамның арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа екенін: етімді ұрларда, мылтығын а

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!