Материалдар / Ыбырай атама арнау.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ыбырай атама арнау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастарды өнер-білімге шақыру, отырықшылық тұрмыстың,жер кәсібімен айналысудың пайдасы жақтарын түсіндірумен қатар Ыбырай шығармашылығының үшінші көтеретін күрделі мәселесі -еңбек процесі болды. Оның әңгімелері бірінен-бірі қайталанбайды, әрқайсының өзіндік қызықты да тәрбиелік күшті жақтары бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2020
508
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ыбырай атама арнау.

Қазақтың байтақ даласының байлығын еркін билеу үшін, патша шенеуніктеріне көмекші бастықсымақтар даярлау үшін, патша үкіметі қазақ даласында мектептер ашты.Бірақ,қазақ балалары білім алсын, халқы мәдениетті болсын деген мақсат патша үкіметінің ойына да келген жоқ еді.Осы мектепке Балғожа би немересі Ыбырайды оқуға береді.Ыбырай Алтынсарин мектепті бітірген соң, қызмет атқара жүріп, дүниежүзі ағартушыларының еңбектерімен танысады. Ағартушы ендігі күнде қазақ даласында мектеп ашуға, ел адамдары арасында үгіт жүргізіп,оқудың мән-маңызын түсіндіреді.

Ол өз елінің мәдениетін көтерумен қатар,оның шаруашылық экономикасының өзгеруіне де,жаңаруына да, шаруашылық жаңа түрлерінің енуіне де ықпал жасар еді деген мақсаттарды да ойластырды.Осы мақсаттарды іске асыруды көздеп, орыс-қазақ мектептерінде сауат ашу, хат танумен қатар, балаларға техникалық ілімдерді үйрететін пәндердің де жүргізілуін талап етті. Мектепке қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды да Ыбырай өз міндетіне алды.

«Надан жатқа, бірақ әлі азғындық жолға түспеген,пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға, шамасы келгенше, қызмет ету біздің әрқайсымыздың да борышымыз»,-деп көзі ашық ел азаматтарына үндеу салған.Осы пікіріне байланысты Ыбырай «Әй,жігіттер!» деген өлеңінде ел ішін,қарапайым халықты осындай іріткі салушы топтардан арылтып алмай,өнер-білімге,жаңа мәдениетке шақыру,сондайлық қиын екенін де ете зеректікпен айта білген.

Сонымен қатар, қазақ халқының өнер-білімге, жаңалыққа, жаңа мәдениетке деген ынтысын, дарындылығын өте жоғары бағалаған. «Қазақтың осы ынтасын татар, өзбек, башқұрт сияқты көрші елдердің молда, қожалары пайдаланып отыр.Ал егер осы бұзылмаған, іскер, дарынды халық.... діни фанатизмнің ықпалына біржолата түсіп кетсе, онда бұл өте өкінішті болған болар еді»,-деген ойда болады.

Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып, дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін, алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрып,балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Алдымен орыс халқының балалар әлебиеті тақырыбына жазылған еңбектерімен танысады. Жас ұрпақтарымызға үлгі етіп ұсынды. Бұл-қазақ халқы үшін, әсіресе, оның жас ұрпақ балалары үшін, аса игілікті іс, жаңа бастама.

Ыбырай өзінің шығармаларында алдымен сауат ашу,оқыту мәселесін бірінші орынға қояды да, баланы оқыту барысында тәрбиелеу керектігін түсінген.Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қайсысын алсаңыз да, білім берумен қатар, оған саналы азамат,тәртіпті, үлгілі кісі болу жақтарын балаларға шығарма мазмұндары арқылы түсіндіріп отырады.

Себебі, білімнің негізі отбасында атаның батасымен, әженің әлдиімен,әкенің тәрбиесімен, ананың мейірімімен қаланады.Демек, бүгінгі күнде кезек күттірмес басты мәселе-оқу мен тәрбие егіз ұғым екенін атамыз сол кезде-ақ қолға алу керектігін айқындап берген болатын.

«Өнер-білім, бар жұрттар» деген өлеңінде де өнер-білім, техниканың техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жасөспірімдерді мәдениетті халықтар қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады, ғылым табыстарын мадақтайды. Техникалық білім алу дәрежесіне оқу арқылы ғана жетуге болатынын,оқымаған қараңғы халықтың жастарына дәлел етіп көрсетті.

Атамыздың сол кездегі асыл арманы ХХІ ғасырда іске асырылып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 12-жылдық модельге көшу мен реформалардың жаңартылған білім беру мазмұнының шарттарында барлық білім мазмұнын тілдің ұштұғырлылығына мән берілуде. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «...Қазақстан халқы бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар –қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» -деп атап көрсетті.Бұның өзі –Ыбырай атамыздың төл туындаларын басшылыққа алғанымыздың бір дәлелі.Балалар әдебиетінің атасы-Ыбырай Алтынсарин өзінің жас шәкірттеріне ғылым табыстарын мақтан ете жырлады.Арқаның өр төсінде қоныс тепкен Астанамыз жиырма жылдың ішінде адам танымастай өзгеріп, төрткүл әлемге танылып отыр. Бұның дәлелі- Астана ЭКСПО-2017 көрмесі.

Атамыздың қолға алған екінші мәселесі -отырықшылық еді. Бұл арман - бүгінгі таңдағы Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында көрсетілген . Жастардың бойына туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жер мен қолөнер кәсіптерімен айналасудың пайдалы жақтарын айтты. Ыбырайдың «Киіз үй мен ағаш үй», «Қыпшақ Сейітқұл» деген ықшам жазылған қысқа әңгімелерде дәл осындай мәселе суреттеледі.

Жастарды өнер-білімге шақыру, отырықшылық тұрмыстың,жер кәсібімен айналысудың пайдасы жақтарын түсіндірумен қатар Ыбырай шығармашылығының үшінші көтеретін күрделі мәселесі -еңбек процесі болды. Оның әңгімелері бірінен-бірі қайталанбайды, әрқайсының өзіндік қызықты да тәрбиелік күшті жақтары бар.

Келесі көтерген төртінші мәселесі балаларды ұқыптылыққа, мейірімділікке, әділдікке,әдептілікке,үйрету жақтары болады. Осы идеяның бәрі де баланы оқыту,үйрету,тәрбиелеу үдерісі арқылы ғана іске асатынын тұңғыш педагог дұрыс шешкен.

«Мейірімді бала» деген әңгімесінде де адамгершілік қасиеттің ең жоғарғы сапасы суреттелген. Ыбырай атамыздың көтерген бесінші мәселесі-достық, жолдастық, қарым-қатынас жайлары болды. Парасатты жақсы адам әрқашан барлық жағынан да кіршіксіз таза, ізгі ниетті болуға тиісті дегенді қолдайды.

Себебі, қазақ кесек мінезді, берік діңді ұлтпыз, бәсекелік қабілеті зор, прагматикпіз. Бұл орайда Елбасымыз Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру жолдауында «қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» екендгін атап көрсетті. Солардың ішіндегі ең құндысы -ұлт тілі. Қазақ тілі -Ыбырайдың ықыласпен оқитын шығармалары, Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері,ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні.Бұлар біздің рухани кодымыз. Мерейіміз тасып, мәртебеміз өсіп тұрған сәтте де жадымыздан шығармайтын нәрсе –рухани құндылық. Арда болмысымызды сақтау; сақтай отырып жаңғырту -басты міндетіміз болуы шарт. Замана сынынан сүрінбей өтіп, озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білуіміз қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани- тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сондықтан «Нұрлы жолда» нық қадам жасау үшін Ыбырай атамыздың арманын асқақтатып, оның шығармаларын зерделей оқып ,оқығанымызды ықыласпен тоқи білуіміз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2050» стратегиясы

2. Мақтым Шәбжантайқызы Көкшетау- 2003

3. Egemen.kz сайты.

4. Қостанай таңы газеті 2017ж.

5. Меңдіқара үні газеті 2017ж.

6 Меңдіқара үні газеті 2018 ж.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!