Материалдар / Ультрадыбыс датчигі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ультрадыбыс датчигі

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған "Ультрадыбыс датичгі" тақырыбынды қысқа мерзімді жоспар
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді: _____________


Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)

Бөлім:

Робототехника. Лабиринт және кегль-ринг (ортақ тақырыптары: ("Мәдени мұра", "Мамандықтар әлемі")

Педагогтің аты-жөні

Балмағанбет Г.К.

Күні:

01.12.22

Сынып:

4 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ультрадыбыс датчигі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану;

Сабақтың мақсаты

Lego Mindstorm роботында ультрадыбыс датчигін қолданумен танысып, программа құрастырады.

Құндылыққа баулу

Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сыныпта жағымды ахуал орнату “Жылы жүрек-ізгі тілек”


Топқа бөлу. Оқушыларға датчиктер ұсынады. Датчиктер арқылы оқушыларды 3 топқа бөледі.

1-топ: «Түс датчигі»

2-топ: «Жанасу датчигі»

3-топ: «Гироскопиялық датчик»

Өткен сабаққа шолу. «learningapps.org» платформасы арқылы сұрақтар қойылады.

  1. Түс датчигі дегеніміз не?

  2. Түстер роботта қалай анықталады?

  3. «Түссіз» режиміне қандай түстер жатады?

  4. Бағдаршам түстерін ата.

  5. Бағдаршам-роботтың қызметі қандай?

Тақырыпты ашу. Интерактивті тақтадан видео көрсетіледі.

Мұғалім сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлайды.

Мұғаліммен амандасады



Жүректі бір-біріне ұсыну арқылы ізгі тілектерін айтады.


Оқушылар датчикті таңдап, датчик аты жазылған топқа орналасады






Қойылған сұрақтарға жауап береді





Көрсетілген бейне арқылы жаңа тақырыпты ашады

Оқушыларға мадақтау сөздері арқылы кері байланыс беру









Оқушының жауабына байланысты смайликтер беріледі




Датчиктер





https://learningapps.org/watch?v=p3wsv2jdk22

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ. Ультрадыбыс датчигі-дыбыс толқындарын жіберіп, қайтып келген сигналдарды оқитын және нысандарды тауып, оларға дейінгі қашықтықты есептейтін құрылғы. Ультрадыбыс датчигінің ерекшеліктері:

  • 1-ден бастап 250 см-ге дейінгі ауқымды қашықтықты өлшеу;

  • Өлшеу дәлдігі дейін;

  • Қызыл түсті жарық сигналды беру кезінде үнемі жанып және эфирді тыңдау барысында жыпылықтап тұрады;

  • Егер ультрадыбыстық сигнал анықталса, датчик «Ақиқат» логикалық мәнін береді.

1-тапсырма. Топтық жұмыс. Қабырғаға немесе кедергіге жақындағанда түзу сызықпен қозғалатын роботты тоқтататын программаны жазамыз.

Дескрипторлар:

  • Роботты құрастырады

  • Программа кодын жазады

  • Программаны роботқа жүктейді

  • Тапсырманы роботта тексереді

Сергіту сәті. «Əріптестер»

Бірдей түстерді жинап, тақырыпқа қатысты сөздерді тап

2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Айсұлу ультрадыбыс датчигін пайдаланып, 23 минутта робот құрастырды. Мадияр Айсұлуға қарағанда 6 минуттан артық жұмыс жасады. Ал Сәуле Мадиярға қарағанда 8 минут кем жұмыс жасады. Кімнің қанша уақыт жұмсағанын жұбыңмен бірге анықта

Дескрипторлар:

  • Мадиярдың қанша уақыт жұмысағанын анықтайды

  • Сәуленің қанша уақыт жұмысағанын анықтайды

3-тапсырма. Жеке жұмыс. Сәйкестендір. Датчиктердің суреттерін сәйкестендіріп, параққа жапсыру.

Дескрипторлар:

  • Ультрадыбыс датчигін суретімен сәйкестендіреді

  • Жанасу датчигін суретімен сәйкестендіреді

  • Түс датчигін суретімен сәйкестендіреді

Мұғалімді тыңдайды

















Топпен бірге ультрадыбыс датчигін роботқа орналастырып, программа кодын жазады.








Сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін әріптерді іздейді.





Жұптаса отырып шешімін табады









Парақтағы датчик атауларын суретімен сәйкестендіріп жапсырады.


















Кері байланыс

«Үш шапалақ»
















Кері байланыс «Бас бармақ»

Интерактивті тақта

Презентация















Компьютер


Lego Mindstorms EV3 программасы

Lego Mindstorms EV3 Education роботы





Парақтар










«Сәйкестендіру» кестесі, суреттер

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау. Электронды қосымша арқылы берілген тапсырмаларды орындау.

-Қадамдарды ретімен орналастыр

-Әрекеттерді сәйкестендір

-Ресбусты шеш

-Тыңда және есте сақта

Тапсырмаларды қол көтеру арқылы орындайды

Оқушыларға мадақтау сөздері арқылы кері байланыс беру


АКТ электронды қосымша

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

«Мұғалімге жеделхат» пошта жәшігіне оқушылар хат жазу арқылы орындалады.

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім.

  • бүгін сабақта қуантқаны.....

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

  • бүгін маған..........сәті түсті.

  • қызықты болғаны.....

  • ......қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім.....

  • енді мен......аламын.

Өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады және пошта жәшігіне салады

Мұғалім оқушылардың жауабына байланысты смайликтер арқылы бағалап отырады

Пошта жәшігі

Үйге тапсырма

Өзің қалаған роботтың суретін сал

Күнделікке үй тапсырмасын жазады








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!