Университет кафедралары мен мектеп базасының екіжақты меморандум жасаудың тиімді тұстары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Университет кафедралары мен мектеп базасының екіжақты меморандум жасаудың тиімді тұстары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Университет кафедралары мен мектеп базасының екіжақты меморандум жасаудың тиімді тұстары мен екі жақты келісім шарт негізінде жасалған іс шаралардың ұтымды жақтары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Университет кафедралары мен мектеп базасының екіжақты меморандум

жасаудың тиімді тұстары.


2024 жылдың 26-ақпаны күні Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті бойынша жаратылыстану институтының «Биология», « Химия», «География» кафедра филиалы, және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Ағылшын тілі» кафедрасының филиалы ашылды. Шараның басты мақсаты білікті мамандар даярлауды мектеп қабырғасынан бастау және сапасын жақсарту, білім беру процесінің практикалық мақсатын күшейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу болды. Қонақтар ағылшын тілі, география, химия, биология пәндері бойынша кафедралардың лентасын қиды. Екі жақты келісімшартқа қол қойылып, алдағы мақсаттарын, жоспарларын талқылады. Бірлесе жұмыс жасауға келісімге келді.

Осы екі жақты меморандум негізінде 2024-2025 оқу жылында 20-қараша күні Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің шетел тілі кафедрасымен мектебіміздің ағылшын тілі әдістемелік бірлестігімен бірігіп «Аралас деңгейдегі топтарға арналған ағылшын тілін үйренудегі әдіс-тәсілдер» тақырыбында республикалық семинар болып өтті. Мақсаты - мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, шет тілін оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді талдау, оқушылардың аралас деңгейлі топтарда оқыту мәселелерін анықтау мен талқылау және осы мәселелердің тәжірибелік шешу жолдарын ұсыну.

Сонымен қатар 28-қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің “Шетел тілдері” кафедрасы мен Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің меморандум негізінде “Ағылшын тілі пәні бойынша Қарасай ауданы мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында аудандық олимпиада» өтті. Олимпиаданың әділ қазы мүшелері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының кондитаты, аға оқытушы Ж.Г Кулекенова, аға оқытушы А.Б Мысекеева, РҺД докторанты Ш.А. Акимбекова , аға оқытушы Ш.У.Султанкулова төрелік етті.Олимпиаданы Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі ММ әдіскері Г.А. Коянова ашып берді. 11 сынып оқушылары ID кодпен listening , writing speaking reading бойынша сыныптарға бөлініп берілген тапсырмаларды орындады. Тапсырма орындау барысында сыныптарда YouTube каналы арқылы ұстаздар тікелей эфирден бақылап отырды.

29-қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты мен Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің меморандум негізінде Жаратылыстану бағыты бойынша Қарасай ауданы мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс болып өтті. Сайыс тақырыбы:«Жаратылыстану ғылымдары-әлем айнасы» Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру,теориялық білімдерін практикада қолдануға дағды қалыптастыру. Оқушының жеке интелектуалдық қасиеттерін жетілдіру,өз бетінше шешім қабылдауға,зерттей білуге үйрету. Сайысты Қарасай ауданы білім бөлімі ММ әдіскері Ж.Жолдыбай ашып берді. Сайыстың әділ қазы мүшелері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен келген Г.Азимбаева химия ғылымдарының кандидаты, химия кафедрасының профессоры Г.Медеуова ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты,биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.Калиев ғылым магистрі, география кафедрасының аға оқытушысы З.Сарсенбаева Жаратылыстану ғылымдары магистрі, PhD докторант, оқытушы. Сайыс нәтижесінде Жаратылыстану институтының директорының Г.У.Байташева және Қарасай ауданы білім бөлімінің басшысы А.А.Еркінбаеваның I,II,III-дәрежелі дипломдарымен және арнайы номинациялармен марапатталған болатын. Қазіргі таңда осы аталған екі университет оқытушылары аптасына үш күн ZOOM платформасы арқылы жаратылыстану бағыты мен ағылшын тілін таңдаған 11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта екіжақты келісім шарт негізінде жасалған жоспар бойынша жүргізіліп жатқан іс шаралардың мектеп базасы мен оқушылар мен ұстаздар үшін нәтижелі жұмыстардың болатынына сеніммен қараймыз.



Жапекова Индира Нұрланқызы

«Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі»КММ

директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі