|
Оқушылардың білімін
өзектендіру
Қозғалысқа толы
қала:
Қазақстанда тұратын жүздн
астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр достық мерекесі.
Бұл-еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының
ынтымақ күні. Қазақстан халқының бірлігіне арналған 2 сынып
оқушылары дайындаған «Ынтымағы жарасқан
ел» атты тәрбие сағатын
тамашалауға шақырамыз.
Балалар әр ұлттың киімдерін
киіп, қолдарына гүл шоқтарын ұстап шерумен ортаға
шығады.
1-оқушы:
Мамыр-
Қазақстан халықтарының бірлігі
күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы
жарасқанижүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері
мекендейді.
2-оқушы:
Міне, мерекелі мамыр айы да
келіп қалды. Мамыр айы - ерекше ай. Ендеше, достым, себебін
айтшы.
3-оқушы:
Халқымыздың тынымсыз еңбегінің
арқасында ел еңсесі көтеріліп келеді. Сондықтан достық мерекесі
бәрімізге де қастерлі күн.
4-оқушы:
Иә, біздің туған жеріміз алтын
бесігіміз. Қазақстан кең байтақ.Бір шетінен екінші шетіне жету үшін
құс қанаты талады.
5-оқушы
Қазақстанда тұратын барлық
ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір
кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз
шаттанамыз.
6-оқушы:
Біздің сәби жүрегіміз
бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап
болашаққа жол бастайықшы.
7-оқушы:
Әрбір халықтың бай мәдениеті
бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
отырады. Әртүрлі халықтар әртүрлі ертегі айтады. Әртүрлі бесік
жырын жырлайды. Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын
болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын
біріктіреді.
8-оқушы:
Еліміздің барлық жерінде
қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, татарлар,
украиндар, шешендер, дұнғандар және басқа да көптеген ұлттардың
адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Әр ұлттың киімін киген
балалар бір адым алға шығып, барлығы
бірігіп:
«
Қазақстан-ортақ
Отанымыз»
9-оқушы:
Бұл халықтар түріне, нәсіліне
қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата
заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша
қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.
10-оқушы:
Қазақстан елінің көк байрағын
әлем чемпионатында желбіреткен Ольга Шишигина, қазақ тілін ана
тіліндей жетік меңгерген Қазақстанның халық жазушысы
Герольд Бергер, айтыс ақыны Н.Лушникованы мақтан
тұтамыз
11-оқушы
Иә, кіндік қаны тамған жерінің
қадірін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап
келген, қазақстандық бауырларымыз
бүгінде қазақ тілін қазақ халқынан кем
білмейді.
12-оқушы
Кең пейілді қазақ халқының
дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным»
дейді.
13-оқушы:
Мұндай мақтаныш сезіммен
айтылған жалынды сөз жанымызды жадыратады.
Поэзия минуты. Оқушылар Отан
туралы өлеңдерін оқиды.
«Біздің
туымыз»
Айнымайды
аспаннан
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық қашан
да
Биікке іліп
қояды.
Туымызға жас
туған
Бір қарамай
өтпейді.
Сол көк тудың
астында
Көгереміз,
көктейміз.
М.Мақатаев
«Отан»
Мен оның түнін сүйем, күнін
сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін
сүйем.
Мен оның қасиетті тілін
сүйем,
Мен оның құдіретті үнін
сүйем.
Бар жәндігін сүйемін
қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп
сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шық
та,
Бозторғайы бол оның
шырылдаған.
Отан,
Отан,
Бәрінен биік
екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп
өтем.
14-оқушы:
Жан біткендей жас
тауға,
Шуақ ойнап
арайлы.
Күн күлімдеп
аспанда,
Мамыр әні
тарайды.
Жайдары жаз түрге
еніп,
Жадыратты
жұртымды.
Жер дүние
тербеліп,
Қала, дала
құлпырды.
15-оқушы:
Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр
қандай
Айнала жасыл кілем
жамылғандай.
Алатауым басына ақ шәлі
орап,
Мойнына гүлден алқа
тағынғандай.
16-оқушы:
Мамыр қандай,
шіркін-ай, құлпырады
Күй толқып көңіліңе жыр
тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу
мамыр
Секілді адамзаттың
ынтымағы.
17-оқушы:
Болсын жер мен су да
ортақ,
Болсын біздің ту да
ортақ.
Ақпыз, қара,
сарымыз
Ағайынбыз
ббәріміз.
Ән: «Ақ
көгершін»
Бүгінгі «Ынтымағы жарасқан ел»
атты 2 сынып оқушыларының тәрбие сағатына көңіл бөліп
тыңдағандарыңызға көп рахмет. Бейбітшілік күні құтты
болсын!
Қауіпсіздік
сабағы;

|