Ынтымағы жарасқан,туған өлкем – Қазақстан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ынтымағы жарасқан,туған өлкем – Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

01.05.2018

Тақырыбы:

Ынтымағы жарасқан,туған өлкем – Қазақстан

Жалпы мақсаты:

Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып, өзара достыққа, Отанын, туған тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Негізгі мақсаты:

«Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту. -өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту. -өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Ой қозғау:

-Балалар, қазір «Ынтымақ», «Бірлік» болып екі топқа бөлінеміз. Қанеки, кім осы сөздердің мағынасын түсіндіріп жібереді екен?

-Біз қандай елде тұрамыз?

-Елімізде қандай ұлттар тұрады?

-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?

Меңгеру:

Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.Ассамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды. Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.

Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды.

Мағынаны ашу:

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Осының айғағы ретінде бүгін бізде қонаққа орыс, өзбек, кәріс ұлтының өкілдері келіп отыр. Қонақтарды қарсы алуға қазақтың салт-дәстүрімен қазақ қыздарын ортаға шақырамыз. Би «Қаражорға». Кезек қонақтарға беріледі.

Қазақстанда көп ұлт тұратынын білдік. Олардың бәрі бір-бірімен дос, жолдас және тату-тәтті өмір сүруде. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны-Қазақстан. Осындай халқы бар біздің Отан бақытты.

-Қане, балалар, қонақтармен бірігіп бәріміз ортаға шығайық.

Дөңгелене тұрайық.

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп,

Шаңырақ болып киіліп,

Достық үйін құрайық.

Жинақтау:

ҚР рәміздері туралы дерекке тоқталамыз. Елтаңбамызда не суреттелген? Қазақстан халықтарының Ассамблеясы деген не екен?

Қорытынды:

«Ұлы достық» (Махмет Қажиахметов) өлеңін мәнерлеп оқу.

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.


Достық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.


Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Біздің достық мәңгі болып қалуда.


Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.


Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!


Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
628
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі