Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ынтымақ мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәрбиешілерге арналған материалдар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу іс- әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы №1


Әдіс –тәсілдері:түсіндіру, көрнекілік

Түрі:аралас

Типі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: слайд, мерекеге арналған сюжетті суреттер,кубик , түрлі- түсті қарындаштар, желім, қайшы, А3 қағаздары.

Мектеп: №45 бейімделген орта мектебі

Мұғалім: Раисова А.Ж.

Қатысқан бала саны: Қатыспаған бала саны:

Сабақ: 1

Өтетін орны: 14 кабинет

Пәні: тіл дамыту

Күні: 25.04.2016ж

Сынып:0 «В»

Сабақтың тақырыбы: Ынтымақ мерекесі

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Балаларға 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа,өз Отанын сүюге,қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.Балалардың бірлік, достық туралы түсініктерін кеңейту.Мерекелік көңіл күйлерін көтеру.

Көрнекілігі: слайд, мерекеге арналған сюжетті суреттер, кубик ,маркерлер, түрлі- түсті қарындаштар, желім, қайшы, А3 қағаздары.

Табыс критерийлері (күтілетін нәтиже):

Барлық балалар:Мереке туралы біледі.

Балалардың басым бөлігі:өлеңді бірге қайталап жаттайды.

Кейбір балалар: Мерекелермен салыстыра отырып, оның маңызын айтады.

Сілтемелер: оқу жоспары, күнтізбелік жоспар.

Жоспар

Сабақ кезеңдері жоспарланған уақыт:

Басталуы: 9.00

Ортасы: 9.15

Аяқталуы: 9.30


Кезеңдері

Педагог әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

3мин

Шаттық шеңбері

Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!



Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, бір–бірінің жүзіне қарап жымиып, жылы лебіздерін айтады.



Балалар ,біз сендермен ерекше сабақ өткіземіз,себебі, өздерің байқағандай біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Балалар,ендеше сендер бүгінгі сабақта бар білімдеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма?

Ал, балалар, бүгінгі көңіл –күйлерің қандай?

Ендеше сабақты бастаймыз ба?

Балалар ,біз сендермен сабақты бастамас бұрын 4 топқа бөлініп алайық.Топқа бөліну үшін мен 4 түрлі суреттерді қойдым,сендер өздеріңе ұнаған суретті таңдап,сол суретке барасыңдар.Сол үстел топтарың болады.

Топ ережесін айтқызу.



Балалар, біз жұмыс істегеннен кейін оны бағалау керек. (смаиликтермен )



Дайынбыз!

Бастаймыз!







Балалар суреттерді таңдап, орындарына отырады.


-Топ басшысын тыңдау

-Топта бірігіп жұмыс жасау

-Топта тыныштық сақтау




Кіріспе

2мин

«Миға шабуыл» әдісі

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі.

- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.

- 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.

Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.


Балалар сұрақтарға жауап береді

Негізгі бөлім

Жаңа материалды түсіндіру.

7 мин

18 мин
































Оқулықпен жұмыс

5 мин











1 мин





5 мин

-ал, қазір келесі видео роликке назар аударайықшы! Не көрдіңдер!

-балалардың арасында келіспеушілік, қақтығыстар болуы мүмкін. Осындай қақтығыстар үлкен адамдардың арасында болуы мүмкін. Бірнеше адамдардың арасында болса, тіпті соғысқа дейін айналуы мүмкін.

Осы қақтығыстарды болдырмау үшін, ұлттар арасындағы бірлікті сақтау үшін ,біз бейбітшілікті таңдадық.

- Балалар біздің ұлтымыз қандай?

- Қазақ

- Біз қай тілде сөйлесеміз?

- Қазақ тілінде.

Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады.

Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді


Жұмбақ шешу

Бейбітшілік құсы деп,

Атайды оны барша жұрт.

(көгершін)


С.Оспановтың достық туралы өлеңін дауыстап оқу, мазмұнын түсіндіру. өлеңді балаларға бірнеше рет қайталатып, жаттату.

Біз балдырған, тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!


Сергіту сәті

Балалар,енді денемізді сергітіп,сергіту жаттығуын жасаймыз

1-тапсырма

Балалар,біз сендермен бүгін сабақта ынтымақтастық жайлы өтіп жатырмыз.Ендеше ынтымақтастық туралы қаншалықты білесіңдер тексеріп көрейік.

Мен әр топқа ынтымақ тақырыбына байланысты тапсырмалар дайындап келдім.

1-топқа: «ынтымақ, достық» сөзіне дыбыстық талдау

2-топқа:бейбітшілік құсы көгершіннің суретін бояу (раскраска)

3-топқа: аппликация мозаика (қиындылардан ұлттық киімді құрап шығару)

4-топқа: ынтымақ , достық болу үшін (артық суретті тап)

Балалар жаңа мәліметті тыңдап,сұрақтарға жауап береді






























Балалар жұмбақтың шешуін табады.










Балалар тақпақты бірнеше рет қайталап жаттайды.







Сергіту жаттығуын жасайды.















Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды және өз жасаған жұмыстарын түсіндіріп береді.





Смайлик арқылы бағалату

Рефлексия

5мин












Мадақтау

2мин

2-тапсырма

«Ғажайып кубик» ойыны педагог қолындағы кубикты лақтырады ,балалардың қолындағы пішінге сәйкес келсе сол бала жауап береді.

-Достық дегенді қалай түсінесің?

-Достықты тағы қайдан көреміз?

-Не үшін достықта өмір сүруіміз керек?

-Біздің топта достық болмаса, біз қандай болар едік?


-Ал, сендер бірлік туралы қандай тақпақтар,мақал-мәтелдер білесіңдер?


Балаларды сабаққа қатысулары бойынша топ жұмысына талдау жасау,мадақтау.


Біздің достығымызды білдіретін «Достық» әнін айтайық.


Балалар, кубиктердің фигураларының сәйкес келуіне байланысты сұрақтарға жауап береді






Тақпақтар ,мақал-мәтелдер айтады.


Топтарының жұмысына талдау жасату.

45 бейімделген орта мектебі





















Тіл дамыту

Тақырыбы: Ынтымақ мерекесі











Өткізген: Раисова А.Ж.

Өскемен қаласы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
773
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12