Шымкент
қаласы
№57
ЖОББМ

Ишметова
Г.
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру.
Ересек адамдар мен балалардың
бірлесу іс-әрекетінің идеясы «Ынтымақтастық педагогикасы»
принціпінен туындайды, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің
бірлестігіне сүйенеді. Осындай ересек адам мен баланың шығармашылық
ынтымақтастығы педагогикалық басшылық пен қамтамассыз етілуі тиіс.
Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен
шектеліп қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің демократиялық
ынтымақтастық атмосферасында оқытуды қамтамасыз етуіне бағытталған.
Ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесіне туады.
Сонымен сынып – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен
мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. Оқушылар
бірлесіп, топтасып жұмыс жүргізгенде әр оқушы өз күшінің, өз
қабілетінің керек екенін түсінеді.
Мына көрсеткіштер біздің
сыныпқа сәйкес келеді.
|
Зейінділік,
байсалдылық
|
Табиғилық,
тәуелсіздік
|
|
Біз не жасап жатқанымыз жайлы
ойланамыз
|
Біз сұрақтарды еркін қоя
аламыз және күмандана аламыз.
|
|
Біз әлі де бәрін толық
білмейтінімізді ұғынамыз.
|
Біз жеке тұлғалармыз, біздің
айырмашылығымыз бұл біздің күшіміз.
|
|
Біз өзімізге күш беретін білім
алуымызға құқығымыз бар.
|
Біздің тәжірибе оқуды және
түсінуді қалыптастырады.
|
|
Біз өзімізге, басқаларға және
әлемге зейінмен қараймыз.
|
Ережелерді білу бізге
мүмкіндігінше жан-жақты талдау және еркіндік
береді.
|
Мерсер мен Литлтон (2007) өз
еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен
қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап
көрсетеді. Зерттеу жүргізу кезеңінде оларды көбінесе топтасып
бірлесіп жүргізілетін жұмыстарға тарттым. Соңғы кездегі сабағыма
тоқталсам, оқушылар біршама ашылғанын, өз ойларын емін-еркін
жеткізе алатынын, топқа бөліну кезінде тез орындарын таба білуі,
жұппен, топпен жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып өз
пікірлерін ортаға сала отырып талқылай алатынына көзім
жетті.
Оқытудың жаңа
технологиясындағы әдіс-тәсілдер баланың, жеке – жұпта – топта тұлға
бойындағы көптеген қасиеттерді, талантты, дарындылықты мұғалім
тарапынан сыни көшбасшылық жасауға, зерттеуге мүмкіншілігі
артатындығын байқадым. Өйткені, бір-бірімен неғұрлым жақын
пікірлесіп, ой бөліскен сайын оларда «біріміз бәріміз үшін, бәріміз
біріміз үшін!» деген ынтымақтастық атмосферасы қалыптасатындығына
көзім жетті.
Сұрақтармен жұмыс, ой қорыту,
дәлелдеу, кескін картамен дәлелдейді. Яғни, сурет салуға бейім
оқушы өз тобын осы жағдаяттан алып
шығады
Менің сыныбымда күлкі жиі
естіледі. Әрине, сабақ қызықты болған жағдайда неге
күлмеске?!
Қорыта айтқанда оларда
ынтымақтастық атмосферасы бұрынғысынан да тереңдеп, бір-біріне
деген мейірімділік, қайырымдылық сезімдері одан әрі жанданып,
диалогтік қарым-қатынасы артты. Көп сөйлемейтін тұйық оқушылар,
тасада қалып қоятын оқушы болмай барлығы да жұмыс жасап
ынтымақтастық атмосферада қалыптасты. Жоспарланған шараларда
оқушылар арасында қызығушылық тудырған мәселелер туындаған сайын
мен өзім берген бағытым тұлға бойына тереңірек толғандыратын дұрыс,
маңызды сұрақ бердім деп түсіндім. Себебі ол өзіне сол сұрақтарға
жауап іздеу барысында іздемпаздығы, қырағылығы, шығармашылығы,
сөйлеу және ойлау қабілеті қалыптасады.
Мұғалім ынтымақтастық
атмосфераның қалыптасуына көшбасшылық жасап бағыттап отырса,
тұлғаның бойындағы бар қасиеттерін зерттеуде көп жетістіктерге
жетумен қатар нәтижесі де мол болмақ деп ойлаймын. Сондықтан
еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпаққа дұрыс
бағыт беру ұстаз біздің абройлы міндетіміз екенін естен шығармау
бүгінгі күннің басты мақсаты.