«Ынтымақты-Мамыр» атты ертеңгілік сценариі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ынтымақты-Мамыр» атты ертеңгілік сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ән салу үйірмесінің қосымша білім педагогтарына, балабақша ұстаздарына музыка пән мұғалімдеріне көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Олболсун Нурлыбаева

МҚКК «Оқушы» орталығы «Ән салу»

үйірмесінің қосымша білім педагогы

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы

2018 жыл


«Ынтымақты-Мамыр» атты ертеңгілік сценариі

Қатысушылар: 

  • Кішкентай адам

Мақсаты : Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

(Әуенмен қолдарында түрлі-түсті жалауы бар балалар залға келіп жарты шеңбер құрып тұрады)
Жүргізуші: Балалар, біз бүгін музыка залына 1 Мамыр Көктем мерекесін

қарсы алуға келдік. Қараңдаршы, балалар залымыз қандай тамаша безендірілген, сендерде әдемі болып киініпсіңдер. Ендеше, бүгін көңіл көтерейік ән салып, билейік, тақпақтар айтып барлығымыз мерекені тойлайық.

Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
Ендеше, Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Ынтымақты Мамыр» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

1 бала: Ақпыз, қоңыр, сарымыз

Қара жер мен көк аспан

Ортақ дала, тауымыз.

Ортақ жұпар ауамыз

2 бала: Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз

Жердің ,қызы,ұлымыз.

Қазақстан – елім менің

Қазақстан – жерім менің

Жүргізуші: 1 мамыр мерекесі Қазақстан републикасында «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» аталып тойлануда. Балалар, біз мерекеге арналған «БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ» әдемі әнімізді айтайық
ӘН: «БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ»

Бала: Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.
Күй толқын көңіліне жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.

БИ: «ЖАЛАУ»





Жүргізуші: Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша қазақстандыққа
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!

Жүргізуші: Балалар, бүгін біздің мерекемізге орман кішкентай адамы

қонаққа келеді. Қол шапалақтап, дауыстап шақырайық

(Әуенмен қолында сырнайы бар Кішкентай адам ортаға келеді)

Кішкентай адам: Сәлематсыздарма, балалар! Сәлематсыздарма, үлкендер!

Баршаңызды Көктем мерекесімен және Бейбітшілік пен Достық мерекесімен құттықтаймын!1 Мамыр құтты болсын! Сендерде бүгін әдемі болып киініп алыпсыңда. (Балалардың көйлектерін қарап шығады) Мені мерекеге шақырғандарыңызға рахмет! Ендеше, бүгін көңіл көтеріп ойнаймыз ба? (Ия)Билейміз ба? (Ия)

Жүргізуші: Кішкентай адам, сенің біздің мерекеге келгенің қандай жақсы

болды. Ендеше сізде балалармен бірге билеңіз.

БИ: «КЕРУЕТТЕ»

Кішкентай адам: Өте жақсы билейді екенсіңдер, ал тақпақ білесіңдерме?

Жүргізуші: Әрине, тақпақтыда білеміз. Тек сізге тыңдауға тура келеді

ТАҚПАҚТАР

Кішкентай адам:Жарайсыңдар, балалар көктем туралы тақпақ

жаттапсыңдар керемет. Мен ән тыңдағанды жақсы көремін. Сендер ән айтып білетін шығарсыңдар? (Ия) Бірақ, менің әнге даусым келмейді. Сендер айтсаңдар мен қоштар едім.

Жүргізуші: Ендеше, балалар, Кішкентай адамға достық туралы көңілді әнімізді айтып берейік.

ӘН: «ДОСТЫҚ»

Кішкентай адам: Алақай! Мен енді достық туралы ән білем.Рахмет, балалар

мені билеуге, ән салып, тақпақ айтуға үйреттіңдер, ал сіздер ойнап білесіңдер ме? (Ия)

Жүргізуші: Біз сізді «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнауға шақырамыз.

Кішкентай адам: Керемет, әрине ойнаймын.

ОЙЫН: «КҮН МЕН ЖАҢБЫР»

Кішкентай адам: Балалар, бүгін сондай көңілдісіңдер сондықтан мен

сіздерге мына сыйқырлы қалпағымды сыйға тартамын

Жүргізуші: (қалпақты қарап шығып) Неге оны сыйқырлы дейсіз? Кәдімгі

қалпақ қой.

Кішкентай адам: Сіздер оған су құйып, сыйқырлы сөзді «Күн, күн сен

нұрыңды төге түс, ал қалпағым өсе түс» деп айтыңдар сонда не болғанын көресіңдер.




Жүргізуші: Балалар, қазір су алып мен қалпақты суарамын, ал сіздер

сыйқырлы сөзді айтыңдар. (Қалапаққа су құяды, ал балалар сөзді қайталайды) Кішкентай адам, қалпақ өскен жоқ

Кішкентай адам: Өскен жоқ? (қалпақты айнала қарап шығады) Онда тағы

да су құйып сыйқырлы сөзді айтайық (Қалапаққа су құяды, ал балалар апаймен бірге сөзді қайталайды) Шынында, Қалпақ өспей тұр. А, мен оның неге өспей тұрғанын білемін. Ол кішкентай ғой сендерден қорқып тұр.

Жүргізуші: Енді не істейміз?

Кішкентай адам: Сендер көздеріңді жұмыңдар да (көрсетеді) менімен бірге

сыйқырлы сөзді қайталаңдар

(Кішкентай адам, балалармен жұмыс жасап жатқанда, жүргізуші кіші қалпақты ішінде тәтті бар үлкен қалпаққа ауыстырып қояды )

Кішкентай адам: Алақай!Балалар, қараңдаршы қалпағымыз өсіпті. Өздерің сыйқыршы екенсіңдер ғой.

Жүргізуші: Балалар, қалпақ қандай әдемі болып өскен.

Кішкентай адам:Бұл сыйқырдың соңы емес

Қалпақ деген сыйқырлы

Іші оның бос емес

Жүргізуші: Қалпақтың сыйқыры бар ма? Мен оны көрейінші

(қалпақты көтеріп қарайды)Ой, қандай ауыр(қалпақта жасырылған сыйлықтарды таратады)

Кішкентай адам: Балалар, менің сыйлығым ұнады ма? (Ия) Енді мен орманыма баруым керек, телефон соғып хабарласып тұрыңдар. Көріскенше Сау болыңдар!

Жүргізуші: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайып,
Қанаттары талмасын

Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды сау болыңыздар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.08.2018
371
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі