Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ықтималдықты қосу ережесі тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ № :

Мектеп:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мерзімі: Мұғалімі: Ештаева Хилола

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Сабақ тақырыбы: Бірлескен оқиғаларды қосу ережелері.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.

Осы сабақта қол жеткізетін, сабақ мақсаттары: (оқу жоспарына сілтеме)

10.2.1.3 Ықтималдықтың қосу және көбейту заңдарын түсіну және қолдану.

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B);

* P(A + B) = P(A) + P(B);

* P(A +B) = P(A)+P(B)–P(A ∙ B);

Сабақ мақсаттары

Оқушылар ықтималдықтың қосу заңдылығын бірлескен оқиғалар үшін тұжырымдайды және есеп шығару барысында қолданады.

Бағалау критерийі

Оқушылар

  • бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын тұжырымдайды;

  • есеп шығару барысында, бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын қолданады;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар ықтималдықтың қосу заңдылығын дәлелдейді;

Есептің шығарылу жолын түсіндіреді;

Пәндік лексика және терминология

- ықтималдық;

- үйлесімсіз оқиғалар;

- қарама-қарсы оқиғалар.

Диалогқа пайдалы сөзтіркестер

- үйлесімсіз оқиғалар дегеніміз....;

- Екі үйлесімсіз оқиғалардың бірінің пайда болу ықтималдық соммасы тең ...

Құндылықтарды дарыту

Өзара жақсы қарым-қатынас қалыптастыру, сыйластық, жауапкершілік, тәрбиелі және саналы азамат қалыптастыру, 21-ғасырға сай коммуникативтілік, белсенділік шеберліктерін арттыру;

Бастапқы білім

Оқиғалар түрін білу, класикалық ықтималдықтарды анықтау, класикалық ықтиалдыққа есептер шығару.

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


РесурстарМұғалімнің комментариясы

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

Салемдесу. Келмеген оқушыларды белгілеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.




Мақсатты құру кезеңі.

(3 мин)


«Проблемалық ситуация» әдісі.

Оқушылармен сұхбат жүргізу.

Слайд 1. 1. Көктем мезгілінде Қазақстанның жайлаулы жерлері әртүрлі түстерге боялады. Тянь-Шянь таулы аймақтарында, Альпі тауына қарағанда екі есе көп өсімдіктердің түрі бар. Тараздан келген туристер табиғаттың таңғажайып көріністерін суретке түсіріп алды. Кадрға мак гүлінің түсу ықтималдылығы 0,8. Ал эдельвейстің кадрға түсу ықтималдылығы 0,3. Гүлдердің кем дегенде біреуі кадрға түсіп қалу ықтималдылығын табыңыз.

  • Есепте қандай оқиғалар қарастырылады?

  • Есепті қалай шешеміз?

  • Неге бұл есепте қосу ережесін қолдана алмаймыз?

Оқушылар есептің шығарылу жолдарын талқылап, сабақтың тақырыбын тұжырымдайды.

Слайд 2. Оқушылар мұғалімнің көмегімен сабақтың тақырыбын тұжырымдайды және бағалау критерилерин құрады.

Презентация

1,2 слайдтар.

Жаңа материалды меңгеру кезеңі

(7 мин)

«Ықтималдылықтың қосу ережесі жайында мен не білемін»?

Мұғалім оқушыға екі минут ойлануға уақыт береді. Келесі екі минут ішінде оқушылар сұраққа жауап береді. Мұғалім 3,4 слайд арқылы қорытындылайды.


А1, А2,…Аn оқиғалар, толық топты құрайды А12+…+Аn нақты оқиғалар және Р(А12+…+Аn)=1.
Бұл оқиғалар үйлесімсіз болғандықтан, оларға ықтималдылықтың қосу заңдылығын қолданамыз:


Қ арама-қарсы оқиғалардың ықтималдылық қосындысы 1 тең.


Оқушылар мұғаліммен бірге екі бірлескен оқиғалар үшін ықтималдылықтың қосу заңдылығын тұжырымдайды, 6-слайд.


Екі бірлескен оқиғаның кемінде біреуінің болу ықтималдылығы, осы оқиғалардың бірлесусіз көріністегі ықтималдылықтарының қосындысына тең.

Р(А+В)=Р(А)+Р(В) – Р(АВ)

Р(А+В+С)=Р(А)+Р(В)+Р(С) – Р(АВ) – Р(ВС) – Р(АС)+Р(АВС)


7-слайд арқылы оқушылар осы тұжырымды дәлелдейді. Мұғалім тарапынан 8-слайдты қолдана отырып 1-слайдтағы есептерді шығару ұсынылады.


Мұғалім түсінуге сұрақтар қояды:

  • Қандай оқиғалармен біз жұмыс жасадық? Не үшін?

  • Қандай ережелер тұжырымдалды?

Оқушының жұмыс парағы.

3.




Презентация

3-8 слайдтар.


Диалог арқылы сабақ мақсатын,бастапқы материалды түсінуін бағалау.

Алғашқы алған білімдерін меңгеру кезеңі.

( 10 мин)

Жұптық жұмыс.

Оқушыларға 2-5 тапсырмаларды орындау ұсынылады,шешімдерін жұппен талқылап.

Есептердің шешімін бағалау критерилері арқылы презентацияда берілген дескрипторлармен тексереміз.



Бағалау критерилері


Дескрипторла

  • Бірлескен оқиғалар ықтималдылығының қосу заңдылығын тұжырымдайды;

  • Бірлескен оқиғалар ықтималдылығының қосу заңдылығын есеп шығару барысында қолданады;


1

қарастырылып отырған оқиға бірлескен екендігін анықтайды.

ықтималдылықтардың қосындысын табады.

ықтималдылықтардың кобейтіндісін табады

ықтималдылықтардың қосындысын табады

2

Қарастырылып отырған оқиға бірлескен екендігін анықтайды.

ықтималдылықтардың кобейтіндісін табады

ықтималдылықтардың қосындысын табады

3

қарастырылып отырған оқиға бірлескен екендігін анықтайды.

ықтималдылықтардың кобейтіндісі нөлге тең екендігін анықтайды

іздестірілген ықтималдылықты табу

4

қарастырылып отырған оқиға бірлескен екендігін анықтайды.

«Ком­мер­ция» емтиханының сәтті тапсырылу ықтималдылығын анықтайды

«Лингвистика» бойынша емтиханының сәтті тапсырылу ықтималдылығын анықтайды

«Линг­ви­сти­ка» және «Ком­мер­ция» бойынша емтихандардың сәтті тапсырылу ықтималдылығын анықтайды

Үйлесімсіз оқиғалардың қосындысын табады.



Презентация 6-слайды.

Оқушының жұмыс парағы №3 (Бірлесіп шешетін тапсырмалар жинағы).

Презентация 9-12 слайдтар.

Физминутка

(1 мин)

Оқушылар көзге арналған жаттығулар жасайды.

Презентация 13слайд.


Алған білімдерін бекіту кезеңі.

(10 мин)

«Уақытша дос» жаттығуы. Жұптық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға жұппен отырып бір-бір есептен шығаруды ұсынады. Мұғалім оқушымен бірге есеп шығаруға кететін уақытты анықтайды(3 – 5минут). Оқушылар бір-бірлерінің есептерін алмасып, тексереді. Шешімдерде келіспеушіліктер болып жатса, топпен ортаға салып қарастырылады.

1. Бірінші мергеннің нысанаға тигізу ықтималдылығы 0,8, екінші мергендікі– 0,9. Ықтималдылықты табу керек: а) екеуінің де нысанаға тиуінің; б) кемінде біреуінің тигізу; г) бір рет тигізу.

Жауабы: а) 0,72; б) 0,02; в) 0,26.


2. Тараз қаласында қыркүйекте жаңбыр жауу ықтималдылығы 0,4, жел болу ықтималдылығы – 0,7. Жел мен жаңбырдың бірге болудың ықтималдылығы 0, 2. Жаңбыр немесе жел болу ықтималдылығы қандай?

Жауабы:0,9

3. Машиналар жарысында бірінші айналымнан ұту ықтималдылығы 0,6, екінші айналымнан 0,9. Табу керек:

  • Екі машинаның да ұту ықтималдылығын;

  • Кемінде біреуінің ғана ұту ықтималдылығын;

Жауабы: 0,54; 0,96

4. Сауда орталығында бірдей екі автомат кофе сатады. Күннің соңына дейін автоматта кофе таусылып қалу ықтималдығы 0,3 тең. Екі автоматта да кофе таусылып қалу ықтималдылығы 0,12. Екі автоматта да кофе қалуының ықтималдылығын табыңыз.

Жауабы: 0,9975

5. 3 бөлікке бөлінген нысанаға мерген атады. Бірінші бөлікке тигізу ықтималдылығы 0,45, екіншіге тигізу ықтималдылығы – 0,35.Бірінші атқаннан мерген, бірінші немесе екінші бөлікке тигізу ықтималдылығын табыңыз.

Жауабы:0,8.

6. Бірінші және екінші қарудың оқтарының нысанаға тиу ықтималдылығы :p1 = 0,7; p2 = 0,8. Кемінде бір қарудың бірінші атудан нысанаға тигізу ықтималдылығын табыңыз.

Жауабы:0,94.

7. Қар жауу ықтималдылығы (A оқиғасы) 0.6 тең, ал жаңбыр жауу ықтималдылығы (B оқиғасы) 0.45 тең. Жағымсыз ауа райы болу ықтималдылығы,егер жаңбырлы қар жауса (AB оқиғасы) 0,25. Жауабы:0,8

8. Балықшы екі қармақпен балық аулап жатыр. Бірінші қармаққа балықтың түсу ықтималдылығы 0,7 тең, екінші қармаққа түсу ықтималдылығы - 0,8 тең. Бірінші немесе екінші қармақпен балық аулап алу ықтималдылығын табыңыз.

Жауабы: 0,94

9. 36 картадан тұратын ойын картасынан тұз немесе валет шығу ықтималдылығын табыңыз.

Жауабы:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2021
472
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12