«Ырысын шашқан
Наурыз»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы
түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін
дамыту. Граматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңіл
көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге,салт-дәстүрді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд,наурыз
туралы ведео, наурыз жайында ақпараттар жинағы (кітаптар,
энциклопедия)
Сәлеметсіздерме құрметті
оқушылар қадірменді қонақтар! Бүгінгі наурыз мерекесіне арналған
«Ырысын шашқан Наурыз» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат
етіңіздер! Бүгінгі мерекемізді сөз жұмбақтан
бастайық.
|
|
н
|
а
|
н
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
а
|
л
|
м
|
а
|
|
|
|
|
|
|
е
|
л
|
у
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
р
|
а
|
у
|
ш
|
а
|
н
|
|
|
|
|
|
т
|
ы
|
р
|
н
|
а
|
|
|
|
|
|
|
|
|
з
|
ы
|
р
|
ы
|
л
|
д
|
а
|
у
|
ы
|
қ
|
Алға да кері де бирдей сан?1
Ас атасы?, 2 Жеміс аты?, 3 3 әріптен тұратын сан?,4 Гүлдің аты?, 5
Құстың аты?, 6 Балалардың ойыншығы.
Міне балалар сөзжұмбақтан
қандай сөз шықты? 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.Ақ
түйенің қарны жарылған күн.
Көптен күткен Наурыз тойы
арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр
маңайды!
Мал біткеннің бал татыған
уызы,
Қуат болып қанымызға
тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың
сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі
еді.
«Аман ба» деп мал
жаның
Бірін-бірі құшақтасып
сүйеді.
Ал құрметті оқушылар ұстаздар!
Барлығымыз бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер
айтып мерекемізбен құттықтайық.
Наурыз-Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ береке әкелсін! Деп шашу
шашылады.
Ал енді балалар сіздер мен
бірге барлығымыз ой бөлісе отырайық.
Оқушы: Наурыз шығыс
күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен
түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау»-жаңа, «руз» күн деген
мағынаны білдіреді.Адамдар аула, арық көшелерді тазалайды. Ағаш,
гул егеді. Үйлерінде дастархан жайып, ән шырқап би билейді.Құрметті
қонақтар наурыз бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының
жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл
сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Наурыз құтты
болсын!
Балаларға
сұрақтар.
1 Наурыз төл дегенді қалай
түсінесіндер? Наурыз төлі.
2 Наурыз көже қалай жасалады?
7 немесе 9 тағам түрінен.
3 Наурызша деген қандай
мағынаны білдіреді?
Наурыз айында жұп-жұқа қиықша
қырбық жауған қар.
4 Сүттен жасалатын тағамдарды
ата?
5 Наурыз айында ұшып келетін
көктем құсы? Наурызкөк
6 Наурыз айында бірінші өсетін
өсімдік? Байшешек
7 Наурызда ойналатын ұлттық
ойындарды білесің?
8 Қыдыр ата дегенді қалай
түсінесіндер?
9 Наурызда айтылатын қандай
ырымдар бар?
Әз,наурыз бата,наурызтөл,
наурыз жұмбақ, наурыз тілек, наурызкөк, наурыз есім, наурызшешек,
саумалық, бесік той.
Ән «Наурыз» . Ән айтылып
болғанша наурыз туралы сөз жұмбақ немесе мақал жасыруды ойластыра
отырайық.
Жұмбақ
жасыру.
1Үсті тас асты тас ортасында
піскен ас
Таба
нан
2 Былқ-былқ, былқ
семіз,қабырғасы жоқ семіз. Қамыр
3 Бар еді бір жұмбағым егін
емес, Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел, елаттарға тегіс
бірдей, Көтерсең еш нәрседен жеңіл емес.
Тұз
4 Өзі әппақ қардай, Шайға
салсаң балдай. Қант
5 Сылдыр сұйық ағады, Ақ
болсада қар емес, Шешуін кім табады. Сүт
6 Қырымда бір құдық суы
батпан, Сол суы шілде күні мұз боп қатқан. Сіресіп бауырдай боп
қатқан мұздың, Бетіне тегесі шығып жатқан.
Айран
7 Әрі сусын әрі дәрі, Емге
ішеді жас пен кәрі, Малдың сүті, елдің құты, деп бағалар жұрттың
бәрі. Қымыз
8 Шиге жайып кептірген, Өзі
қышқыл түсі ақ, Сорсаң дәмді, түсі ақ, Жаңғақтай-ақ домалақ.
Құрт
9 Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бирге жүзеді. Көже мен шөміш
10 Асты тақтай, усті тақтай,
Арасында асыл мақтай. Жіліктің майы.
Мақал мәтелдер
сайысы.
Балалар біз жаңа естеріңде
болса наурыздағы айтылатын ырымдарды атап өттік соның бірі «Наурыз
бата» арамыздан кім бата береді қанекей ортаға шықырайық.
Оқушы:
Осындай той қазақта бола
берсін,
Көңілдерге жақсылық қона берсін.
Береке күннен - күнге тола берсін,
Ырыс - құт басыңыздан аса берсін.
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Еліміз ілгері аяқ баса берсін аумин
Балалар біздің арамызда да
бата жасайтын ұлдарымыз бар екен батаңыз періштенің құлағына
шалынсын. Енді Қызыр ата жайында не айта
аласыздар?
Оқушы:
Қыдыр ата бұл бүкіл халықтың
қамқоршысы, оларға жақсылық жасаушы, ырыс құт несібе әкелуші, бақыт
береке өмір сыйлаушы қасиет иесі. Ол ұлыстың ұлы күнінде әр елге
келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді.Міне әр үй Қыдыр атаның жолын
тосып, уй-ішін, қора қопсығын, маңайындағы барлық жерлерді
тазартқан мұсылман қауымы, Қыдыр ата сол үйлерге түнеп бата беріп
кетеді деп түсінген.
Ендеше Қызыр атамызды ортаға
шақырып батасын алайық.
Міне балалар бүгін біз мәнді
де мағыналы тәрбие сағатын өткіздік. Сендер өздеріңе керекті
мағлұмат алды деген ойдамын.
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
деп тәрбие сағатымыз өз
мәресіне жеткендей, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге
көп-көп рахмет сау болыңыздар.

