400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыстық тамақ туралы мақала! Оқушылардың дұрыс тамақтануы басты назарда!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы мәселелер қозғалған!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың дұрыс тамақтануы басты назарда!


Оқушының дұрыс тамақтануы – оның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Дұрыс әрі жақсы тамақтанатын оқушылардың денсаулығы мықты әрі сабақ үлгерімі де жоғары болатыны анық. Осы орайда жаңа оқу жылының басталуына орай ауданымыздың «№40 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну мақсатында мектеп асханасы ашылды.

Жаңа 2021-2022 оқу жылында жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны әзірге 143-ті құрап отыр. Ал мектеп асханасының рендаторы есебінен 15 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларының саны 79 болса, 5-9-11 сынып оқушыларының саны 64 құрайды.

Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы және бетперде тағу туралы белгілер, әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері, антисептиктер орнатылған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 4 түрлі уақытта ұйымдастырылды.

Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы әлеуметтік педагог пен мектеп мейірбекесі, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінен құрылған комиссия бақылап, тексеріп отырды. Әсіресе, оқушылардың денсаулығына қауіпті асты болдырмау мен уланудың алдын алу үшін мектептің әлеуметтік педагогы мен мейірбекесі күнделікті мәзірден сынама жүргізеді. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) әркез бақылауда.


«№40 орта мектеп» мемлекеттік

коммуналдық мекемесінің әлеуметтік

педагогы Е.С. Шайланов



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
03.05.2023
963
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі