Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ю әрпінің жазылуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы

Күні:

Сынып : 2

Мектеп: №127 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Лесова А.Ш.

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Сезім мүшелері туралы өлең құрастырамын.

Ю әрпінің жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.6.1 - интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? ) назарын аударту

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру

2.4.1.1 әріптердің емлесін сақтап жазу.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Интонацияны,вербалды емес тілдік құралдарды қолданып тақырыпқа назар аударады. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. Әріптердің емлесін сақтап жазады.

Көптеген оқушылар: мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау үшін, тірек сөздерді және сөйлемдерді қолданады

Кейбір оқушылар: Үлгі бойынша дыбыстық талдау жасайды.Тірек сөздерді, сөйлем ,суреттерді пайдаланып өлең құрастырады.

Бағалау критерийі

  • Қимыл, ым-ишара қолданып, тақырыпты анықтайды.

  • Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

  • Тірек сөздер арқылы өлең құрастырады

  • Ю әріпінің емлесін талапқа сай жазады

Тілдік мақсаттар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестер:

-Ю қандай дыбыс?

-Қандай дыбыстардың қосарлануы арқылы жасалады?

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен жауапкершілік

Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

2.2.2.2 жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім:

Я әрпі туралы ұғымды біледі.Я әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екендігін және айтылуы мен жазылуындағы ерекшелікті ажырата алады.Сұраққа жауап береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-ірекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Сыныпта жағымды көңіл күй қалыптастырамын. «Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің жұмбағыма жауап береді.Жұмбақ шешуін іс-қимыл арқылы көрсетеді.

Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі)


Далада жүр шапқылып,

Керемет бір саққұлақ.

Тек есектен басқада,

Оған ұқсар жоқ құлақ. ( қоян)


Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Үп-үлкен боп жасқанар

Кіп-кішкентай арадан. (аю)

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын шығарады






















Сақина

















10 минут



























7минут















2 минут















8 минут





























5минут


Ортасы

(М.К.Ұ.Ж) « Салыстыр» әдісі

1-тапсырма Мәтінді түсініп оқы.Мәтіннің мазмұнын айт.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жаз.Жазған сөздеріңнің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Болат пен Юра құрылыс басына барды.Құрылыста адамдар көп екен.Құрылысшылар 9 қабатты үй салып жатыр.Үйдің бірінші қабатында сылақшылар бригадасы жұмыс істеп жүр. Гүлсара мен

Юля тәтей құбырларды қою сырмен сырлады.Ал Марат аға кранда жұмыс істейді.

Құрылысшы болған қандай жақсы!


Дескриптор:

-мәтінді түсініп оқиды.

-мәтіннің мазмұнын айтады.

- қарамен жазылған сөздерді теріп жазады.

-сөздерді салыстырады.

Қ.Б:: мадақтау арқылы

М.К Оқушылар ережемен танысады.

Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады: аю, көркею.


2-тапсырма Есте сақтау диктанты. Жеке жұмыс

Жаңылтпашты жатқа жаз.

Қарамен жазылған сөздердің астын сызып,мағынасын түсіндір.

Ю әрпінің қандай дыбыстардан құралғанын айт.


Ою ою ойым бар-ды,

Ойналмастан ойын қалды.

Дескриптор:

-Жаңылтпашты жатқа жазады.

-Қарамен жазылған сөздерді табады.

-Ю әрпінің қандай дыбыстардан құралғанын айтады.

Қ.Б: смайлик арқылы

Сергіту сәті

«Жалғасын тап» ойыны

1.Оқу білім бұлағы,

Білім.........................

2.Ер өлсе де, есімі........

3.Батырдың аты өлмейді,

Ғалымның .................

4.Үлкен бастар, .................

5.Досы жоқ адам,

Тұзы ..................

6.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды..........................


Топтарға бөлу. «Кір жаятын жіп» Жіпте жайылған фотосуреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.

3-тапсырма

Топтық жұмыс

1-топ Сөздерді оқы .Олардағы дыбыстар мен әріптерді сана. Дыбыс саны мен әріп санының сәйкеспеу себебін түсіндір.

Көбею,молаю,үлкею,есею,сарғаю.


2-топ

Көбею,молаю,үлкею,есею,сарғаю .

Үлгі бойынша сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Е

[ е]

Дауысты

с

[ с]

Дауыссыз

е

[ е ]

Дауысты

ю

й

Дауыссыз

у

Дауысты

3 топ

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып,өлең құрастырып жаз.

Ормандағы аю,

Ойы – балға ... (қою,тою)

Дескриптор:

-Дыбыс саны мен әріп санының сәйкеспеу себебін түсіндіреді.

-Үлгі бойынша дыбыстық талдау жасайды.

-Тиісті сөздерді қолдана отырып өлең құрастырып жазады.

Қ.Б: топтар бір-бірін бағдаршам арқылы

4-тапсырма

Жұптық жұмыс

Суретте берілген сезім мүшелерінің аттарын жаз. Олардың атқаратын қызметі жайлы парталас досыңмен ой бөліс.

Қ.Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы






Оқулық мәтін





















Оқулық

Жұмыс дәптері


































Жіп

Суреттер


Оқулық










Кестелер

тапсырмалар

















Оқулық,

жұмыс

дәптері







Сабақтың соңы

2 минут


1 минут




«Еркін микрофон» әдісі

Я мен ю әріптерінің айырмашылығы мен ұқсастығын айту.












Үйге тапсырма: 66-жаттығу, 31-бетте.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз.Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



1-тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі бойынша оқушылар тапсырманы орындау барысында ю әріпінің айтылуы мен жазылуында ерекшеліктер барына көз жеткізіп қорытынды жасады.

2-тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша кейбір қабілеті жоғары оқушылар жаңылтпашты жылдам

жаттайды. Қабілеті төмен оқушыларға көмектесіп,біршама уақыт беремін.

3-тапсырмада саралаудың «Бағалау» тәсілі арқылы оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша оқушылардың қызығушылығын арттырып және оқушылардың қажеттіліктерін үнемі қадағалап


отыру мүмкіндігін пайдаланамын.

4-тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсіліне сүйене отырып, кейбір оқушылардың жауаптарын нақтылап және қолдау көрсетіп, ынталандырып отырамын.

Ауызша мадақтау,смайлик ,

«Бағдаршам», «Бас бармақ» арқылы бағалау.Бағалаудың бұл түрлерінде оқушылар өз қателерін дер кезінде түзетіп,кері байланыс жасап ,ынталанып қызығушылықтары артып отырады.

-Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері кезінде қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру.

-Оқу құралдарын дұрыс пайдалану керектігі ескертіледі.






Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе ,неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген

сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
2380
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12